Байланысты: Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)
Лексикалық тақырып: Отбасым (туыстық қатынастар, жас мөлшері) 1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз. Тәуке Ахметұлының отбасы Тәуке Ахметұлының отбасында бес адам тұрады. Олар: өзі, жұбайы, ұлы,
қызы және анасы. Тәуке Ахметұлының жұбайының есімі - Нағима. Ол кісі
дәрігер болып жұмыс істейді. Жасы елу үште. Ұлының есімі – Нұрлан. Ол –
студент, болашақ экономист. Нұрлан спортпен айналысады, әсіресе суда
жүзгенді ұнатады. Қызының аты - Әлия. Әлия мектеп оқушысы, ол тоғызыншы
сыныпта оқиды. Әлия кітап оқығанды ұнатады. Тәуке Ахметұлының
анасының есімі – Зере. Зере әженің жасы сексен екіде. Ол кісі зейнеткер.
Зере әже бұрын мұғалім болған. Тәуке Ахметұлының жасы елу алтыда. Ол
кісі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ол кісі бос уақытында
тауға барғанды ұнатады. Тәуке Ахметұлының отбасы демалыс күндерін
саяжайда, табиғатта өткізеді. Тәуке Ахметұлының отбасы тату тұрады.