184
Қазақ тілі практикумы
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жануар, жәндік
тұрмақ, тіпті көктемде көктеп, күзде қурайтын өсімдіктің де өзіне тән жаны,
мінезі бар көрінеді. Өсіп, жайқалып тұрған жапырақтарға биолог ғалымдар
ультра жазу аппараттары арқылы мынадай қызықты тәжірибе жасапты.
Сабағына арнайы байланыс құралын орнатып, өздері жапырақты жұлуға
қол созған. Сөйтіп, жапырақты ұстағанда, экранда қорқыныш діріл пайда
болған. Жапырақты жұлып алғанда, экрандағы қорқыныш дірілі де жоғалған.
Яғни, бір ғұмыр үзілді. Жансыз деп есептейтін қарапайым жапырақтың
өзінде осыншама сезім болуы неткен ғажап десеңізші! Ал қалампыр гүліне
жасалған тәжірибе тіптен керемет. Жас, сұлу қыздар иіскесе, гүлін ашып,
кәдімгідей сүйсініпті. Жиіркенішті біреулерді ұнатпай, тыжырыныпты.
Темекі тартқан, арақ ішкендердің демінен қорқып, гүл жабыла бастапты.
Ғажап емес пе?!
Халқымыз қасиетті құс деп ардақтайтын аққу көгілдір шағында
жұптасады екен де, қалған ғұмырын аса тату бірлікте өткізетін көрінеді.
Олардың бір-біріне деген махаббаты соншалық – жұптың бірі қапияда қаза
тапса, екіншісі қайғыға шыдамай, әуеден құлдилап келіп, жерге соғылып
өлетініне немесе нәр татпай, жан тәсілім ететініне табиғат әуесқойлары талай
мәрте көз жеткізген.
Достарыңызбен бөлісу: