Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


 Мәтіннен синоним сөздерді тауып, мағынасын анықтаңыз



Pdf көрінісі
бет296/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)

2. Мәтіннен синоним сөздерді тауып, мағынасын анықтаңыз
.
Сөздің атасы мен анасы
Қаздауысты Қазыбектің атағы шығып тұрған кезде аулына бір саудагер
келіпті. Түстеніп, тамақ ішіп болған соң Қазыбекке:
- Би, бір сөз сұрайын деп едім,- депті саудагер.
Қазыбек «сұраңыз» деп ырзалық білдіріпті.
-Бір керуен едік, өзара дауластық та, таластық та, ойластық та, бірақ
шешуін таба алмай қойдық. «Сөздің атасы кім, анасы кім?»-депті.
Қазыбек  ойланып,  толғанып  жауап  бергенше:  «Япырай,  бұл  сөзді
саудагер ғана білмейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой;
биыл таппасаң, ендігі жылы табарсыз»,-деп үйден шығып кетті.
Қазыбек орнынан тұрып, іле-шала тысқа шықса, саудагер асығыс атқа
мініп қалған екен.
-Япырай, артыңа қарамай асығыс аттанғаның не? Әлгі сөздің шешуін
іздеп, ендігі жылы екі келіп саудаңнан қаларсың, артыңа қарамайтын болып
кет. Сөздің атасы- бірлік, анасы- шындық! Жолың болсын, жүрген жеріңде
айта жүр!- депті. Сондаааа саудагер атынан түсіп, Қазыбектің қолын алып,
қош айтысқан екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет