Байланысты: Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)
Лексикалық тақырып: Менің үйім, пәтерім (бөлмелері, жиһаздары) 1. Мәтінді оқып мазмұнын айтыңыз. Менің үйім Менің атым - Қарақат.Мен – дәрігермін. Алматы қаласында тұрамын.
Менің үш бөлмелі пәтерім бар. Үйім өзіме қатты ұнайды. Әсіресе ас бөлмеде
болғанды ұнатамын. Онда мен балаларым мен жұбайыма дәмді тамақтар
пісіремін.Жұбайымның есімі-Дәулет.Ол-құрылысшы. Біздің екі баламыз
бар.Есімдері- Ерлан, Ержан. Олар мектеп оқушылары. Жиһаздардың
барлығын жұбайымыз екеуміз таңдағанбыз. Балаларымыздың да тілектерін
ескеріп, бөлмелерін қалағандарындай етіп жабдықтадық.