Байланысты: Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)
Әнші - Күләш Байсеітова Күләш Байсеітова- ұлы әнші, қазақтың опера өнерінің негізін
салушылардың бірі, КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты.
Ол Қазақ музыка театрында жұмыс істей жүріп, қазақ, орыс және шетел
композиторларының, атап айтқанда: Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер
Тарғын», «Жалбыр», операларында Қыз жібек, Ақжүніс, Қадиша,
М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсында Сара, П.И.Чайковскийдің
«Евгений Онегинінде» Татьяна, Дж.Пуччинидің «Чио-Чио-Санында»
Баттерфляйдің бейнелерін жасады.
Күләш қазақ әдебиеті мен өнерінің 1936 жылы Мәскеуде өткен
онкүндігіне қатысып, КСРО халық артисі атағын алды. Бар-жоғы 24-ақ
жастағы әнші үшін бұл зор мәртебе, абырой еді, әлі күнге дейін мұндай
жетістікке ешкім жетіп көрген жоқ.
Алматыда оның атында орталық көше және музыкалық мектеп-интернат
бар. Әнші тұрған үйге ескерткіш тақта қойылған.