14. Күрделі сан есімдерді оқыңыз. 1956, 1234, 982, 3597, 799, 4702, 642, 1008, 9531, 7894.
15. Сұраққа жауап беріңіз. Үлгі: Күн мен түн нешінші айда теңеледі? – Күн мен түн үшінші айда теңеледі.
1.Қыстың нешінші айында қатты суық болады?
2.Нешінші айдың жиырма екісінде ең ұзақ түн болады?
3.Жылдың нешінші айында жаз басталады?
4.Сіз нешінші айда туылдыңыз?
5.Ағаңыз Астанаға нешінші айда барады?
16. Диалогта Анардың орнына жауап беріңіз. -Анар, бүгін сәрсенбі. Ал, ертең қай күн?
- ...................................................................................................
- Анар, алдыңғы күні жұма болды, ертең қай күн?
- ...................................................................................................
-Бүрсүгіні дүйсенбі болса, кеше қай күн?
- ....................................................................................................