Мадина Бұршақтар түқымдасы- ньщ 120 мындай түрі бар 490 туысы бар, олардың


Бір тұқымды, бұршақбасы бүйрек тәрізді, піскен кезде қара түсті болады, доға тәрізді жүйке жүйесі айқын көрініп тұрады, сырты тықыр, сирек безді немесе өрмек түкті



бет4/5
Дата04.11.2022
өлшемі21,37 Kb.
#47584
1   2   3   4   5
Бір тұқымды, бұршақбасы бүйрек тәрізді, піскен кезде қара түсті болады, доға тәрізді жүйке жүйесі айқын көрініп тұрады, сырты тықыр, сирек безді немесе өрмек түкті.
Тұқымы сары немесе қоңыр, жылтыр, ұзындығы 1-1,5 мм. Сәуір-шілде айларында гүлдеп, маусым-тамызда жеміс береді. Құлмақ жоңышқа жер бетінің барлық жерінде таралған - бүкіл Еуропада, Азияда, Солтүстік Африкада, Солтүстік Америкада өседі. Өсетін орны - шалғынды, бұталы орманды жерлер, өзен жағалаулары, егістіктер және жол бойы. Құнды мал жайылымдық өсімдік. [1]
Асыл


Сиыржоңышкц туысы (вика, немесе горошек —Vicia). 150-дей түрі бар; БОР-дың флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жем-
шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дән алу мақсатында мәдени жағдайға еңдірілген. Кейбі- реулері арам шөп ретінде егістікті бүлдіреді.
Егістік сиыржоңышқа (вика посевная - V.sativa) пішен дайындау және дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңышқа (вика мохнатая — V.villosa) біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік қарабидаймен бірге себеді. Табиғи жағдайда ол БОР-дың европалық бөлігінде, Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі. БОР-дың бар- лык жерлерінде, арамшөп ретінде түкті сиыржоңышқа (вика волосистая — V.hirsuta), ал осы республикалардың
371


европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыр- жоңышқа (вика узколистная -V.angustifolia) өседі.


. Сиыржоңышқа (Vіcіa) — бұршақ тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдік, азықтық дақыл. Дүние жүзінің қоңыржай белдеулерінде 150-дей түрі кездеседі. Қазақстанныңбарлық аймағында өсетін 25 түрі бар. Ең көп тарағаны — егістік Сиыржоңышқасы . Оның биікт. 20 — 80 см, сабағы жіңішке, төрт қырлы. Жапырағы күрделі, гүлі күлгін, қарақошқыл, кейде ақ түсті болады. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, шілде — тамыз айларында жемісі піседі. Жемісі — көп тұқымды бұршақ. Вегетац. кезеңі 75 — 130 күнге созылады. Ылғалды жерде жақсы өседі. Пішен, көк шөп, сүрлем дайындау үшін өсірілсе, көбіне арпа, сұлы, бір жылдық райграспен қосып егіледі. Гектарынан 350 — 400 ц көк шөп, 25 — 35 ц тұқым алынады. Дәнқұрамында 30%-дан артық протеин болады. Сиыржоңышқа — малға жақсы жемшөп, жас төлге құнарлы азық, төл тез семіреді. Сиыржоңышқа егістігі қара топырақты аймақта екпе пар, ал ылғалы мол оңт. аймақта аңыздық дақыл ретінде пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет