Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Әлі талай жыр болып жазыларсың» атты поэзия кеші



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі2,87 Mb.
#7826

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Әлі талай жыр 

болып жазыларсың» атты поэзия кеші  

 

26.02.2014  жылы  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық 



университетінің 

Ақпараттық 

және 

телекоммуникациялық 



технологиялар 

институтының    "Математика"  кафедрасының  аға  оқытушысы,  аға  эдвайзер  - 

Акимжанова  Шынар  Ауенқызының  және  математикалық  және  компьютерлік 

моделдеу  мамандығының  2  -  курс  студенттерінің  ұйымдастыруымен  ақиық  ақын 

Мұқағали Мақатаевтың 83 жылдығына арнап "Әлі талай жыр болып жазыларсың" 

атты поэзия кеші өтті.  

Кеште  ақын  өмірбаяны  мен  шығармашылығы  толықтай  таныстырылып, 

әндері  шырқалып,  өлеңдері  оқылды.  Поэзия  кешіне  Мұқағали  атамыздың 

ізбасары,  ақын,  көзін  көрген  -  Зейнолла  Тілеужанұлы,  жас  ақын,  Мұқағали 

танушы  –  Бауыржан  Думан,  Мұқағали  атамыздың  қандас  бауыры,  математика 

кафедрасының  меңгеушісі,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  – 

Сатыбалдиев  Ораз  Сатыбалдыұлы  келіп  өз  ойларымен  бөлісті.  №173  физика  - 

математикалық лицейінің 5 - сынып оқушысы Тұрсынхан Диана Асланқызы келіп 

Мұқағали атамыздың "Бақыт деген","Таулар" атты әнін орындады.  

Математикалық  және  компьютерлік  моделдеу  мамандығының  4  -  курс 

студенті  Бекенова  Жаңыл    "Мен  деп  ойла"  әнін  шырқаса,  Сапаров  Ерлан  "Еңсем 

менің", 

"Сенің 


көзің" 

әнін 


айтты. 

Тағылымды 

Ақпараттық 

және 


Телекоммуникациялық  технологиялар  институты  директорының  тәрбие  ісі 

жөніндегі  орынбасары  –  Омбаев  Нұрлан  Ортанұлы  қорытындылады.  Мұқағали 

Мақатаевқа  арналған  тағылымды  поэзия  кешін  жоғары  деңгейде  өтіп,  кеш 

қонақтары өздерінің мадақ сөздерін арнап жатты. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет