Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру



бет1/9
Дата25.09.2023
өлшемі36,24 Kb.
#110195
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы


Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау
жұмысын ұйымдастыру

Мұнайлы, 2019ж.
Мақұлданды
«МАББ» кеңесі
Хаттама №____
«__» _____2019 ж.

Құрастырушы: Истлеу Гульминур Шамгуньқызы


«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-нің
бірінші санатты құқық пәні мұғалімі

«Ұсынылды»


Мұнайлы аудандық БҮО кеңесі
Хаттама №____
«__» _____2019 ж.


КІРІСПЕ

Қазақстан әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше. Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп окушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.


Төрт бөлімнен тұратын бұл құрал мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылып отыр.
кіріспе
Мектеп оқушылары арасында құқықтан пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты-дарынды оқушыларды іріктеу, кәсіптік бағдар бере отырып, құқық мамандығын игеруге шақыру, маман-кадрлар дайындауға үлес қосу, білім мен тәрбие берудің онды жолдарын іздестіру. Осы орайда, мен олипиадаға оқушыларды дайындаудағы өзіндік іс-тәжірибемді ортаға салғым келеді. Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.
Олиимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсам, ол алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асыру тиіс:
1. Ең алдымен құқық пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуі тиіс;
2. Құқық оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалы түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге, статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу, салыстырулар мен талдаулар жасауға, болжау дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек.
3. Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау айқындау, жіктеу, дәлелдеу қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуге қажет.
Осындай бағыттарда жұмыс жүргізуде мен оқушыларды пәндік олимпиадаға даярлаудың үлгі-жоспарын назарларыңызға ұсынғым келеді. Өзім құрастырған осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, оқушыларды облыстық және Республикалық пәндік олимпиадаларға үздіксіз дайындап келемін. Оқушының іскерлік пен дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді жолы- эссе жазуга тақырыптар ұсыну және және әр-түрлі сұрақтар беру арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту. Бағдарлама 3 кезеңнен тұрады. Көмекші құралда енгізілген мәліметтерді кұқықтану пәні мұғалімдері оқушыларды олимпиадаға дайындауда басшылыққа алуға ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет