Маңғыстау облысының білім басқармасы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі1,25 Mb.
#7244

 

 

 

Маңғыстау облысының білім басқармасы 

Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы 

 

 

 

 

 

 

Балалар лагерлерін ұйымдастыруға 

арналған әдістемелік нұсқаулық 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау қаласы 

 


 

Маңғыстау облысының білім басқармасы 

Маңғыстау облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Әдіскерлерге,  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарларға,  тәлімгерлерге, 

тәрбиешілерге    балалардың  жазғы  демалысын  ұйымдастыру  кезінде 

пайдалануға  ұсынылады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Құрастырған:  



Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының әдіскері  

Жарылғасова Құралай Кендебайқызы

 

 


 

 

 



Алғы сөз 

Жылдың  жаз  маусымындағы  балалар  мен  жасөспірімдердің  демалысын, 

сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру - тәрбиенің маңызды 

міндеттерінің бірі. Бұл, әрине, ең алдымен,  әрбір педагогтің кәсіби шеберлігіне, 

тәрбие  ісін  ұйымдастырудағы  біліктілігіне,  кәсіби  даярлық  деңгейіне  тікелей 

байланысты.  

Балалардың  жазғы  демалысы  мен  сауықтырылуын  ұйымдастыруда  әрбір 

мектеп  басшысы,  тәрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасары  және  әрбір  педагог-

тәрбиеші  өз  іс-әрекетіне  жауапты  болғандықтан,  жұмысына  сапалы  да  жаңа 

тұрғыдан келуге тиіс. 

Балалардың  жазғы  демалысын  ұйымдастыру,  жаңа  педагогикалық 

технологияларды  пайдалану,  тәрбие  үрдісін  психологиялық  тұрғыдан 

қамтамасыз  ету,  әртүрлі  бағыттағы  сауықтыру  орталықтарының  түрлерін  ата-

аналар мен балалардың сұранысын орындайтындай деңгейде дамыту қажет. 

Өскелең  ұрпақты  туған  өлкенің  табиғат  таңғажаптарымен,  тарихымен, 

мәдениетімен  таныстыру  –  біздің,  яғни  балалардың  демалысы  мен 

сауықтырылуын  ұйымдастырушы  педагог  мамандардың  міндеті.  Ұсынылып 

отырған көмекші құралдарда балалар лагерлерін ұйымдастыру кезінде саяхатқа 

шығатын 

Маңғыстау  өлкесіндегі

  тарихи  –  мәдени  орындар  туралы  мәліметтер 

беріліп  отыр.  бұл  өлкенің  тарихымен  танысуға,  балаларға  эстетикалық  тәрбие 

беруге септігін тигізері анық.  

Сонымен  қатар,  лагерлерде  ұйымдастырылатын  ойындардың  түрлері 

беріліп отыр.  

Осы әдістемелік құрал балалар лагерлерін ұйымдастыруда көмегін тигізеді 

деген сенімдемін. 

 

 

 



 

 


 

 

 

Жасаған ие осы бір құлазыған құла дүзді былайғы дүниені шектен 

шыға  таңдандыру  үшін  жаратқандай.  Қиялда  ғана  болатындай  қиян 

өлкеге  көкте  самғамасаң,  жер  бетімен  жылжып,  ғұмыры  жете 

алмайтындайсыз... 

 

Құдіреттің өзі аспан асты әлемінің барлық сыр, барлық қасиетін 

қаз  қалпында  бейнелейтін  арнайы  көрме  залын  осында  әкеп  әдейі 

орнатқандай. 

 

 

 

 

 

 

 

Әбіш Кекілбаев 

Қазақстанның халық жазушысы 

Қазақстан 

Республикасы 

Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың сауықтыру лагерінің негізгі мақсаттары: 

 

        -  Балалар  мен  жасөспірімдердің  демалысын  тиімді  пайдалануына  және 

сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, жалпы мәдениетін, 

салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру; 

        - Балалардың денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегінде, өздерінің 

қабілеттерін іске асыруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету; 



     

 

  Балалардың сауықтыру лагерінің негізгі міндеттері:   



 

        -  Балалар  мен  жасөспірімдердің  денсаулығын  нығайтуына,  шығармашылық 

еңбегіне,  өздерінің  қабілеттерінің    іске  асыруы  үшін  қажетті  жағдайларды 

қамтамасыз ету; 

        -  Балалардың  демалысын  тиімді  ұйымдастыру  және  бос  уақытын  мазмұнды 

өткізу; 


        -  Азаматтық  сана-сезімін,  жалпы  мәдениетін,  салауатты  өмір  салтының 

дағдыларын қалыптастыру; 

       -  Ғылыми,  техникалық,  көркемдік  шығармашылықта,  спортта,  туризм  мен 

өлкетануда,  басқа  да  таным  әрекеттерінде  білімін,  біліктілігін  кеңейту  және 

тереңдету; 

       - Қоғамдық пайдалы іс-әрекетте дағдыларын практикалық түрде қолдану. 



 

Лагердің негізгі принциптері: 

 

-

 



Балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін, құқығын сақтау; 

-

 



Жеке қызығушылықтарын сақтап, жеке тұлға ретінде баланы дамыту; 

-

 



Жеке басының қиыншылықтарын шешуге және өзге балалармен тіл табыса  

білуге үйрету; 

-

 

Өзін-өзі басқару ұйымы мен педагогикалық басқару тәсілдерінің сәйкестігі; 



-

 

Ұжымның өзіндік  жұмыс жасау мүмкіндіктерінің құқығы болуы. 



 

Балалар  лагерлері  –  бұл  мектептен  тыс  қосымша  білім  беретін,  яғни, 

балалардың денсаулығын жақсартуға, жақсы демалуға, ата-аналарынсыз 5 күннен 

40  күнге  дейінгі  даму  белсенділіктерін  арттыруға  жан  –  жақты  жабдықталған, 

материалдық базалары бар арнайы даярланған орын. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар лагерлерінің түрлері 

 

Ауыл, қала сыртындағы 



лагерлер 

 

Мектеп жанындағы 



кәсіптік лагерлер 

 

Дебаттық пікірталас 



лагері 

 

Далалық шатырлы 



лагерлер 

 

Еңбекпен қамту 



лагерлері 

 

 



Спорттық лагерлер 

Мектеп жанындағы және 

аула клубтарындағы 

лагерлер 



 

 

Қала, ауыл сыртындағы лагерь 

 

Балалардың  каникул  кезіндле  жұмыс  істеп,  білім  алушылар  мен 



тәрбиеленушілердің  психологиялық  қиыншылықтарының  шешімін  табуға 

жағдайлар  жасауға  арналған.  Бұл  үшін  шағын  топтар  құрылып,  серуендер  мен 

әңгімелер өткізіледі. 

 

Мектеп жанындағы және аула клубтарындағы лагерлер 

 

Күндізгі  сауықтыру  лагері  6  мен  12  жас  аралығындағы  оқушылар  үшін, 

жазғы,  күзгі,  қысқы  және  көктемгі  каникул  кезінде  ұйымдастырылады. 

Балалардың  лагерде  болу  мерзімі 15  күннен  20  күнге дейін.  Күндізгі  сауықтыру 

лагерін тамақпен және тамақсыз ұйымдастыруға болады. 

 

Мектеп жанындағы кәсіптік лагерлер 



 

Демалушы  балаларды  белгілі  бір  кәсіпке  баули  отырып,  жұмыс  жүргізеді. 

Бұл  лагерь  спорт  залмен,  математика,  информатика,  ағылшын  тілі,  тарих 

кабинеттерімен,т.б. акт залмен, спорт алаңымен жабдықталады.  

 

Спорттық лагерь 

 

Спорттық  лагерлер  спорт  мектептері  жанынан  құрылады.  Салауатты  өмір 

салтын  қалыптастыру,  дене  шынықтыру  бағытын  ұстана  отырып,  спорттың  әр 

саласына  бейімді  балалармен  жұмыстар  жүргізеді.  Онда  волейбол,  баскетбол, 

футбол,  суда  жүзу,  күрес,  жүгіру,  пионербол,  шахмат,  т.б.  сияқты  спорт 

түрлерінен жарыстар өткізіліп, балаларды жетістіктерге баулиды.  

 

Дебаттық, пікірталас лагері 

 

Оқушыларды  дебаттық  сайыстарға,  пікірталастарға  үйретеді.  Оқушыларды 



түрлі  тақырыпта  мәліметтер  жинауға,  ойын  еркін  жеткізуге,  ситуациядан  шыға 

білуге баулиды. Топтар арасында түрлі тақырыпта дебат ойындары, пікірталастар 

өткізіп, байқау – сайыстарға қатысуға, жетістікке жетуге көмектеседі. 

 

Еңбекпен қамту лагерлері



 

 

Бұл жазғы мезгілде көбіне мүжәлсіз, жетім және жартылай жетім балаларды 

жұмыспен  қамтамасыз  етіп,  еңбекақы  төлеу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Белгілі 

бір  мекеме  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сай  келетін  жұмыс  түрін,  тиісті 

жалақысын алдын-ала бекітіп, ұсынады. Еңбекпен қамту 30, 60, 90 күнге созылуы 

мүмкін. 


 

 

 

 

Далалық шатырлы лагерлер 

 

Оқушылар  мен  жастардың  далалық  шатырлы  лагері  мынадай  болуы 

мүмкін: 

күнделікті

 және 

жылжымалы.

 

 

Оқушылардың  күндізгі  далалық  шатырлық  лагері  ережеге  сәйкес  күзгі 

және қысқы каникул кезінде, ал жылжымалы далалық шатырлық лагері көктемгі 

және жазғы каникул кезінде ұйымдастырылады. 

 

Бұл  лагерь  түрі  өрттің,  селдің  қауіпсіздігі  мен  қоршаған  ортаның 

эпидемиологиялық  тазалығы  және  санитарлық-гигиеналық  мөлшері  сақталған, 

барлық жағдайда лагерь орналасқан аймақтың табиғи қауіпті апат аймағы т.б. 

болмауы ескеріледі. 

 

Далалық  шатырлы  лагерь  оқушылардың,  туристік-өлкетану  және 

экскурсиялық,  денешенықтыру-сауықтыру  қызметтерін,  табиғатты  қорғау 

және экологиялық жұмыстарын, балалар мен жасөспірімдердің бірлескен еңбегі 

мен демалысы үшін қажетті жағдай жасайды. 

 

Жорықтар, экскурсиялар, экспедициялар 

 

ҚР  территорияларына  экскурсиялар,  экспедициялар  туристік  жорықтар 

өткізу туралы нұсқауларға сәйкес оқушылармен ұйымдастырылады. Жорықтар 

арқылы  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  адам  үшін  өте  маңызды, 

денсаулықпен  тікелей  байланысты  құнды  форма.  Жорықтар,  саяхаттар  мен 

экскурсиялар  өсіп  келе  жатқан  ұрпақты  патриотизмге  тәрбиелеу,  салауатты 

өмір  салтын  қалыптастыруда  адамның  рухани  дамуындағы  ең  қажетті  құрал 

болып  табылады.  Оқушыларды  жан-жақты  дамыту,  оларды  еңбекке,  Отанды 

қорғауға әзірлеу мақсатында қызмет етеді. 

 

 

Экскурсия  және  басқа  шаралар  өтетін  жерге  балалар  мен 

жасөспірімдерден  құралған  топтарды  жеткізу  жұмысын    екі  педагог  жүзеге 

асырады,  тиісті  көлік  түріне  қажетті  барлық  талаптар  сақталады.  Топтағы 

балалардың саны 30-дан асқан жағдайда әрбір бала үшін 1 педагог саны артып 

отырады. 

 

 

Кез-келген  адам  табиғиты  ерекше,  көрікті  жерлерді,  жеке  тұрған 

тартымды  объектілерді  көріп  таңданады,  қызығады,  эстетикалық  тұрғыдан 

қанағаттанады. Маңғыстау жері де осындай қасиеттен кенде емес. Тұла бойы 

тұнған құпия-сыр елі, 362 әулие мекені. Оның әр пұшпағы, әр тасы, әр төбесі мен 

сайы  -  аңыз.    Осындай  сирек  қонысты,  тарихи  мекенімізді  өскелең  ұрпаққа 

таныстыру - біздің еншімізде.   

 

Олай  болса,  балаларды  жазғы  сауықтыру  кезінде  саяхатқа  апаратын 

Маңғыстау өлкесінің көрікті жерлері туралы мәліметті ұсынамын. 

 

 

 

 

Маңғыстау ауданы бойынша оқушылар саяхатқа баратын жерлер: 

  

      

Шетпе селосынан:               

- Отпан тау – 25 шақырым; 

     - Шерқала – 20 шақырым; 

      - Ақмыс (Ақмыш), Қызыл қала – 18 шақырым;    

      - Самал - 13 шақырым; 

      - Айрақты тауы – 12 шақырым; 

      - Онды - Ағашты – 30 шақырым; 

              - Темір Абдал жерасты мешіті – 20  шақырым; 

              - Сонабай жер асты мешіті - Ұштағаннан 8       

                 шақырым; 

              - Масат Ата жерасты мешіті - 60 шақырым.  

 

Отпан  тау 



-  Қаратау  жоталарының  ең  биік 

шыңы  (теңіз  деңгейінен  532  метр).  Мұнан  бірнеше 

ғасырлар бұрын адай тайпасының қазақтары ең биік 

жерге  жағылған  отпен  халыққа  сырттан  келе 

жатқан  қауіпті  ескертіп,  белгі  беріп  отырған. 

Отты  алыстан  көрген  батырлар  басқыншыларға 

тойтарыс  беру  және  туған  жерді  қасық  қаны 

қалғанша  сақтап  қалу  үшін  жан-жақтан  асыға 

аттанған.  

 

 

Шерқала

  –  Шетпе  селосынан  20  шақырым 

жерде  орналасқан  бұйратты  қырқа.  Оңтүстік-

батыстан  солтүстік-шығысқа  қарай  95-100  шм 

шамасында  созылып  жатыр,  ені  15-20  шм. 

Абсолюттік биіктігі 272 метр. Төңкерілген кеседей 

қырқа  палеоген  дәуірінің  әктасты,  сазбалшықты 

жыныстарынан  түзілген.  Шерқала  -  Маңғыстау 

ауданында  орналасқан  пирамида  пішінді  шоқылы 

тау, ол - Қазақстанның жеті кереметінің бірі. 

  

 



Ақмыс  (Ақмыш)

 

–  Шетпе  селосының 

солтүстік-батысында  орналасқан  сәулетті  тау 

шатқалы.  Ол  көптеген  бұлақ  көздері  шығып 

жатқан,  онша  терең  емес  сай  ішінде  орналасқан. 

Ақмыс  орны  өзінің  әдемілігімен  ғана  емес  «Қызыл 

қала»  деп  аталатын  көне  қаланың  тарихи 

ескерткіштерімен  қызықты.  Ақмыссайдан  3  шм 

жерде 

Самал 

мен 

Сазанбай 

шатқалдары 

орналасқан.  

 


 

          Самал

 – Батыс Қаратау жоталарының ең бір 

табиғаты  таң  қалдыратын  тау  шатқалы.  Тау 

шатқалының  ең  биік  жері  –  500  метр.  Тау 

шатқалынан  бір  километр  аралықта  тұщы  бұлақ 

көздері  ағып  жатыр.  Тау  шатқалында    Қызыл 

кітапқа  енген,  сирек  кездесетін  әр  түрлі  дәрілік 

өсімдіктер  (долана  және  т.б.)  кездеседі.  Ауа-

райының ең ыстық күндерінде тау шатқалдарынан 

аққан бұлақ көздері салқын леп сыйлайды.  

Айрақты  тауы

  –  Маңғыстау  ауданындағы 

Шетпе селосының солтүстік –батыс жағында Иір 

ойындағы  оқшау  тау.  Жан-жағы  құз  жартас, 

оңтүстік жағында бір ғана шығар жолы бар, үсті 

тақтайдай  тегіс,  жауын-қар  сулары  сақталатын 

тастақтары  мол.  Айрақты  арқар  сияқты  түз 

аңының  табиғи  қорығы  іспетті.  Кейінгі  кездері 

Айрақтыдан ас тұзы мен глаубер тұзының аса мол 

қоры табылды. 

 

 



Онды-Ағашты

  –  Онды  тау  бұлағының 

басында  жаз  айларында  оқушылардың  жазғы 

демалыс  орындары  ұйымдастырылады.  Ондының 

оңтүстігіндегі  Мырзайыр  құдығының  басында 

Қазақстанның  халық  жазушысы,  халық  депутаты, 

Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты,  белгілі  қоғам 

қайраткері  Әбіш  Кекілбаев  дүниеге  келген.  Ол 

осындағы селолық мектепте 7-ші класты бітіргенге 

дейін оқыды. 

 

 

Темiр Абдал жер асты мешiтi

  -  Маңғыстау 

ауданы  Шетпе  кентiнен  20  шақырым  солтүстiк-

батыс  бағытта  Шерқала  тауының  қасындағы    ақ 

борлы тау қабаты жиегiнен ойып жасалған. Бүгiнгi 

қазақтарға  кең  танымал  емес  бұл  кiсi  туралы 

деректер 

тек 

белгiлi 

өлкетанушы 

Есбол 

Өмiрбаевтың 

еңбектерiнде 

кездеседi. 

Соған 

қарағанда,  Темiр  Абдалдың  немесе  Дәнiспен  молда 

әулиенiң  бейiтi  мен  шырақжайы  кезiнде

  Қаратау 

өңiрiнде белгiлi болған. Шырақжай үңгiр шағын бор 

тасты төбешiкке үңгiп салынған. 

 

 

Сонабай  жерасты  мешiтi

  –  Ұштаған 

ауылынан  8  шм  солтүстiк-шығыс  бағытта 

орналасқан.  Мешiт  3  бөлмеден  тұрады.  Адайдың 

Мұңалынан  тараған  Ескелдi  тайпасының  перзентi. 

Шамамен 18 ғасырдың 2-жартысында өмiр сүрген, 

қасиет дарыған кiсi болған. 

 

 

 

Масат  Ата  жерасты  мешiтi

  –  Маңғыстау  ауданы,  Ұштаған  ауылынан 

35 шм оңтүстiк-шығыста орналасқан. Зерттеулер нәтижесiнде, қауымнан 526-

ға  жуық  ескерткiш  есепке  алынған.  Қауымдағы  алғашқы  ескерткiштер 

шамамен, 14-18 ғ-р аралығын қамтиды. Қауымның оңтүстiк-батысында Масат-

Атаның  жер  асты  мешiтi  орналасқан.  Мешiттiң  iшкi  аумағы  4  қанат  үйдей. 

Есiк қапталынан михраб, қабырғаларынан сөрелер қашалған. Төбедегi тесiк аузы 

таспен  биiктетiлген.    Масат-Ата  аңыз  әңгiме  дерегi  бойынша  –  қарудың  қай 

түрi болсын, ешбiрi дарымайтын, әрi жауынгер, әрi молда кiсi болған... 

  

 



Жаңаөзен қаласы бойынша оқушылар  саяхатқа шығатын 

жерлер: 

  

 

      Жаңаөзен қаласынан

   

 -  Көбен жер асты мешіті – 40 шақырым 

 

 

 

 

  

  

 -  Сенек – 50 шақырым  

-

 



Бекет-Ата жер асты мешіті – 150 шақырым; 

-

 



Шопан-Ата жер асты мешіті – 42 шақырым; 

-

 



Бесоқты – 68 шақырым   

-

 



Тынымбай шоқы – Таңбалы тас – 74 шақырым 

-

 



Байсары – 85 шақырым 

Көбен  жер  асты  мешіті

  –  Жаңаөзен  қаласы  Қызылсай  ауылынан  22 

шақырым  солтүстік-шығыс  бағытта  орналасқан.  Мемлекет  қорғауына 

алынбаған. Шамамен ХІХ ғасырға белгіленеді. 

         

 Сенек

  –  Қарақия  ауданындағы  село.  Жер       

көлемі 

50 886 

га. 

Тарихи 

және 

мәдени 

ескерткіштерден Нұрберген мавзолейі, Ақ отау үйі, 

Мешіт,  Табан-Ата,  Нұрбибі  қорымдары  т.б. 

кездеседі.  Сенек  пен  Қызылсудың  аралығында 

Бостанқұмның  жалғасы  іспетті  Түйесу  құмды 

массиві бар.  Жалпы бұл - құмды өлке. 

 

 



 

 

Шопан-Ата  жер  асты  мешіті

    -    Қызылсу 

жеріндегі  (Түйесу  құмының  солтүстік  шеті)  киелі 

нысан,  Қызылсай  (Ескі  Өзен)  кентінен  солтүстік-

шығыс бағытта 42 шм жерде (түбектің оңт.-шығ. 

жағында) орналасқан. Тарихи және сәулет өнерінің 

ескерткіші 12-13 ғасырларда  өмір  сүрген,  сопылық 

ағымды таратушылардың бірі Шопан ата есімімен 

байланысты.  Мешіт  бір-біріне  қосылған  12  шағын 

бөлмелерден  тұрады,  бөлмелердің  әрқайсысы  

арнайы  мағыналы,  бірі  діни  рәсімдер  өткізуге,  бірі 

балаларды оқытуға, бірі тұрмыстық қажеттілікке 

арналған.  

 

Бекет-Ата 

жер 

асты 

мешіті

 



Қазақстанның  жеті  кереметінің  бірі.  Жаңаөзен 

қаласынан  оңтүстік-шығыс  бағытта  180  шм, 

Сенек  ауылынан  солтүстік-шығыс  бағытта  95  шм 

қашықтықта орналасқан. Мешіт табиғаты көркем 

Оғыланды 

жеріндегі 

ақ-бор 

тасты 

тау 

шатқалының  терең  орта  қабатынан  ойып 

жасалған.  

   Бекет-атаның мүрдесі осы мешітте қабірленген. Бекет-ата жерасты мешіті – 

оның  дарынды    сәулеткерлігінің,  биік  талғамының  куәсі,  халық              құрмет 

тұтатын,  әулиелік  орын  деп  саналады.  Жерасты  ғимараты  маңында  кезінде 

Бекет-ата  пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар. Қыр басынан   ғимаратқа дейін 

қиялап түсетін жалғыз аяқ жол сақталған. 

 

Бесоқты  –  Тынымбай  шоқы  –  Таңбалы  тас.

 

Сенек  ауылынан  18  шақырым  шығысқа  қарай  құм 

жолмен жүріп отырып, Бесоқты жеріне келесіз. Бұл 

жердің  Бесоқты  аталуының  өзі  үлкен  тарих. 

Құмайтттан  шығып,  сортаңға  жеткенде,  тұщы 

сулы шыңырау құдыққа кезігесіз.  

 

 

Одан әрі 6 шақырымдай жерде Тынымбай деп 

аталатын биік шоқы. Ауасы керемет, айналасы көк 

майса,  малшылардың  «темірқазығына»  айналған 

шоқы  80-100  шақырымдай  жерден  мұнартып 

көрініп тұрады. Шоқының маңында үлкен таңбалы 

тас бар. Таста бірнеше мың ғасыр бұрын қашалып 

салынған  таңбалар,  суреттер,  жазулар  әлі  күнге 

дейін анық күйінде сақталған. 

 

 



  

Байсары

 – ұзындығы 20-25 шақырымға ұзыннан шұбақ созылып жатқан ақ 

бор тау жоталары. Биік, тік жарқабақты тау жотасы бірте-бірте аласарып, 

ең аяғы төбеге ұласады. Аңыздарда кездесетін Ерсары, Байсары деген атаулар 

бір  кісінің  аты  деген  бар.Таудың  бауырайын  тақтайдай  тегіс  тақыр  жолмен 

жағалай жүріп отырып, керемет көріністі тамашалайсыз.  

 

         Темір  баба

  –  Каспий    теңізі  жағалауында,  Кендірлі  шығанағындағы  арал 

(немесе түбек) жеріндегі көне киелі нысан. Темір бабаның Бекет Атамен аруақ 

сынастырғаны  жөнінде  аңыз  бар,  сондай-ақ  Кендірлі  шығанағындағы  түбек-

тілшенің пайда болуы туралы аңыз да осы кісімен байланыстырылады. 

 

         Ерсарының қайрағы

 - Ескі Өзен мен Сенек арасындағы жазықта ұзындығы 

төрт-бес, ені екі құлаш шақпақ  тас бар. Бұл Ерсарының белбеуінен түсіп қалған 

қайрағы  болса  керек  деген  аңызда  айтылатын  Ерсарының  кайрағы  –  Жаңаөзен 

қаласы  іргесіндегі  Қызылсай  кентінің  шығысында  12  шақырым  жердегі  тас 

қайрақ баған.   

 

 

Түпқараған ауданы бойынша оқушылар саяхатқа шығатын жерлер: 



  

Форт-Шевченко

 қаласынан   - Жығылған шатқалы - 60 шақырым                              

 

 

 

 

           - Сұлтан Үпі (Епе) жер асты мешіті – 57 шақырым          

                                                    - Қаңға сайы мен Қаңға баба қорымы - 28 шақырым                    

 

 

 

 

 

 - Шақпақ ата жер асты мешіті – 120 шақырым                      

                                                  - Тамшалы табиғи су көзі – 35 шақырым    

 

 

 

 

          

 - Саура – 85 шақырым 

 

 

 

      

 

- Ишан қожа жер асты мешіті - 30 шақырым 

  

      



   

Жығылған шатқалы –

 теңіз жағалауын 

жиектей орналасқан геологиялық түзілім. Бұл 

жерден балалар шатқал арқылы теңіздің әсем 

көрінісі  мен  неоген  дәуіріне  тән  тасқа 

айналған 

жан-жануарлардың 

іздерін 

тамашалай алады. 

  

 

 

 

Сұлтан  Үпі  (Епе)  мешіті

  –  Каспий  жағалауына  жақын  жердегі 

Ащымұрын  мен  Ойра  аралығында  солтүстік-шығыс  бағытта  орналасқан. 

Мешіт  бір-біріне  жалғасқан  11  бөлмеден  тұрады  және  тастан  тіреуіш 

бағаналар  орналасқан.  Сұлтан  Үпі  шамамен  ХІІ-ХІІІ  ғасырларда  өмір  сүрген, 

әйгілі Сүлеймен Бақырғанидың баласы екен. 

  

 

Қаңға

  –  тегіс  жарқабақтар  мен  тік  жағалаулардан  тұратын  шатқал 

ішінде  орналасқан  ұзындығы  15  км  болатын  сай.  Бұл  жердің  ерекшелігі  -  неше 

түрлі  жеміс  ағаштары  қалың  өскен,  соның  ішінде  тұт  ағаштарын  көптеп 

кездестіреміз.  Ағаштардың  қалың  өскен  жерінде  сылдырай  аққан  бұлақ,  көк 

майса  шөп  әдемі  үйлесімділік  тапқан.  Осы  сай  ішінде  Қаңға  баба  қорымы 

орналасқан. 

 

Шақпақ  ата  жер  асты  мешіті



  –  ақбор 

жартастың батыс жағынан ойып жасалған крест 

тәрізді  4  бөлмелі  күмбезді  құрылыс.  Мешіт 

Шиліқұдық  алқабының,  Сарытас  шығанағының 

оңтүстігінде  орналасқан  киелі  орын.  Ел  аузындағы 

аңыз  бойынша,  Шақпақ  ата  қалмақтармен 

шайқасқанда  қаруынан  шақпақ  тастан  ұшқын 

секілді  от  шашырайды  екен.  Сол  себепті    Шақпақ 

ата атаныпты-мыс



 

Тамшалы

  атауымен  Форт-Шевченко  қаласы          

маңында    жәннат  аймақ  орналасқан.  Жасыл  дала, 

тобылғы,  үйеңкі,  бұталармен  жабылып,  сұр-

еспемен  көмкерілген.  Осы  жерде  жалбыз  бен  қара 

бүлдірген жапқан көл. Су биік жақтаумен асылған 

кең  тас  платформа  астынан  шығып,  тамшылап 

тасты  соғады.  Осы  жерде  жылауық  тастар 

туралы аңызды естуге болады. 

Саура

  –  Түпқараған  түбегінің  жағалауында 

орналасқан  шөл  даладағы  таңғажайып  оазисті 

шатқал. Бұл шатқал теңіз арнасына еніп жатқан 

онша  терең  емес  жартасты  құз.  Неше  түрлі 

гүлдер  өскен  ирелең  жолмен    жартастарды 

жағалай  жүре  отырып,  бұлақ  суынан  нәр  алған 

көлге  өтесіз.  Бұл  көл  эндемик  түр  –  су 

тасбақасының мекені. 

 

Ишан қожа  жер асты мешiтi

 - Форт-

Шевченко  қаласынан  30  шм  оңтүстiк 

бағытта  орналасқан.  Ишан  қожа  кейбiр 

деректер  бойынша  Сейiт-қожа  деп  те 

аталады.  Ғибадатхана  3  бөлмеден  тұрады, 

орталық  бөлменiң  төбесiнен  жарық  түсетiн 

терезе 

ойылған. 

Мешiттiң 

жоғарғы 

бөлiгiндегi 

қорымдағы 

ескерткiштердiң 

көбiнде  Қожа  руының  таңбалары  кездеседi. 

Тарихи  деректерге  сүйенсек,  бұл  өңiрде  18-19 

ғасырларда  теңiз  жағалауында  балық  аулау 

кәсiпшiлiгiмен  айналысқан  түрікменнiң  Қожа 

руының елi отырған дейдi. 

Ақтау қаласы бойынша оқушылар  саяхатқа баратын жерлер: 

 

Ақтау қаласынан

 

 –  Қарақия ойпаты – 50 шақырым  

 

 

 

 

 

 

 

 –  Қаракөл көлі   – 17 шақырым   

 

 

 

 

 

 

 

 –  Қызғылт жарқабақ (Розовая скала) 

–  Ащыағар  

– 45 шақырым 



 

Салқын су бұлағы – 52 шақырым 

 

 

 

Қарақия

    -  Қазақстанның  жеті  кереметінің 

қатарына  енген  Маңғыстау  түбегіндегі  ойыс.    Ойыс 

табаны  мұхит  деңгейінен  132  метр  төмен  жатыр. 

Ойыстың  шығысы  түрлі-түсті  ұлутастар  мен  бор 

жыныстарынан  тұрады.    Олар  мыңдаған  жылдар  бойы 

ұдайы  күнге  тотығу  салдарынан  қоңырқай  тартқан. 

Қарақияда  Ащыағар  деп  аталатын  қарасуларға  бөлініп 

қалатын өзен ағады. 

 

Қазақстандағы  халықаралық  мәні  бар  сулы-

батпақты  алқаптар  қатарына 

Қаракөл  көлі

 

де 

тіркелген.  Қаракөл  –  негізі  орнитологиялық  аймақ  болып 

саналады.  Күзгі-көктемгі  маусым  кезінде  көл  арқылы 

көптеген қоқиқаздар, бірқазандар, үйректер және т.б. су 

құстары  ұшып  өтеді.  Мұнда  Қазақстанның  «Қызыл 

кітабына»  енген  түрлер  көптеп  кездеседі.  Табиғаты 

әсем,  қалың  өскен  қамыс  пен  тұнық  мөлдір  көл  тіршілік 

ететін құстардың мәңгілік мекеніне айналған. 

  

 

Қызғылт  жарқабақ

  –  Ақтау 

қаласының  маңында,  теңіз  жағалауындағы 

тік  жарқабақ.    Жарқабақтың  басқа  тау 

жоталарынан 

ерекшелігі 

жартастар 

қызғылт 

түске 

боялып, 

өзгеше 

әсер 

қалдырады. 

Бұл 

жарқабақта 

паналап 

отыруға  болатын  үңгір  бар.  Жарқабақтан 

теңізді тамсана тамашалауға болады. 

  

 



Қарақия ауданы бойынша  оқушылар саяхатқа баратын жерлер: 

  

 

Құрық кентінен

     

 

- Исан түбегі - 7 шақырым 

 

 

 

 

 

- Жыланды мүйісі - 25 шақырым 

 

 

 

 

 

- Қарақия ойпаты - 14 шақырым 

 

 

 

 

 

- Қаракөл көлі - 42 шақырым 

 

 

 

 

 

- Қаракөл соры - 11 шақырым 

    Маңғыстау облысында Бозашы, Маңғыстау 

және 

Исан

 

деген атпен белгілі үш түбек бар. Соның 

бірі  Кендірлі  мен  Құрық  кентіне  дейінгі  аймақты 

қамтитын Исан түбегі.   

Исан  түбегінің  сүйірлене  барып  теңізге 

сұғына  кірген  тұмсығы  құмды  мүйіс 

Жыланды

 

мүйісі

 

деп  аталып  кеткен.    Ол  Құрық  кентінен 

солтүстік-батысқа қарай орналасқан.  Кен орны екі 

сулы  қабаттан  тұрады.    Түбектің  оңтүстік 

жағалығын бойлай тұзды ортада қалқып таралған 

құм  маңында  тұщы  су  созылыңқы  линза  тәрізді 

болып жатады. 

 

 

Бейнеу ауданы бойынша оқушылар саяхатқа баратын жерлер: 

 Бейнеуден:

         - Ащыағар сайы –  40 шақырым;     

 

 

 

 

 

 

 

 - Бекет Атаның ескі Бейнеудегі мешіті – 17 шақырым; 

 

 

 

 

 - Көркембай мешіті - 40 щақырым; 

 

 

 

 

 

 

 

 - Құланды сай – 40-45 шақырым;   

 

 

 

 

  

 

 

- Қарабұлақ – 40-45 шақырым. 

 

Ащыағар  сайы

  –  «Қырымның  қырық  батыры»  деп  аталатын  жыр 

туындысына  арқау  болған  мекен.  Қалмақтар  осы  сайдың  бойында  ноғайдың 

атақты  биі  Ормамбекті  өлтіріп,  Манашы  биді  кепілдік  етіп  тұтқындайды. 

Манашының  шешесі  –  Күйкен  қайғыдан  соқыр  болып  биік  төрткүлден  ұшып 

өледі. Сөйтіп бұл сай – «Күйкенұшқан» аталып кеткен. Күйкенұшқан -  ерекше 

көрікке ие және табиғилығын біршама жақсы сақтаған Бейнеуге жақын аймақ.   

Бекет  Атаның  ескi  Бейнеудегi  мешiтi

  –  Бейнеу 

станциясының  оңтүстiк-батысқа  қарай  17  шм  қашықтықта 

орналасқан.  Мешiт  жартасты  мүйiстен  ойып  жасалған. 

Үлкендi-кiшiлi,  бiр-бiрiне  жалғастырып  салған  4  бөлмеден 

тұрады.  Көлемi  жағынан  ең  үлкен  бөлмесi  дөңгелек  жобамен, 

төбесi күмбез тәрiздi ойып жасалған. Жалпы көрiнiсi қазақтың 

киiз  үйiнiң  пiшiнiне  келедi.  Бөлмелердiң  қабырғалары 

тегiстелген,  жазу,  сызу  ешқандай  iздер  кездеспейдi,  әр 

жерлерде шамшырақ қоятын терең емес ойықтар бар. 

Көркембай  мешіті

  –  Бейнеуден  40  шақырым  қашықтықтағы  Манашы 

сайының бойындағы мешіт. Мешіт иесі – Адайдың Жеменейінен тараған Ақбота 

руының  перзенті  Көркембай  Бектұрлыұлы.  Ол  ел  арасында  діни  білімді, 

имандылықты уағыздаушы адам ретінде белгілі болған. Көркембай мешіті 1928 

жылға  дейін  мектеп  ретінде  пайдаланылған.  Оның  төбесіне  үлкенді-кішілі  30 

күмбез  орнатылған  26  бөлмесі  бар,  ортасында  намаз  оқитын,  құран,  кітап, 

шырақ қоятын орын бар. 

БАЛАЛАР ЛАГЕРЛЕРІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН БАЙҚАУЛАРДЫҢ 

ТҮРЛЕРІ 

  

Құм қамалдар 

 

Әрбір  топ  құмнан  қамал  тұрғызады.  Содан  соң  барлығы  сол  қамалдың 

қасына  суретке  түседі.  Қай  топтың  қамалы  әдемі  салынса,  сол  топ 

марапатталады. 

 

Туристік эстафета 

 

Төмендегідей бөлімдерден тұрады: 

- шатыр алу; 

- бөрене бойынша өткелден өту

- жолдорбаны жинау (укладка рюкзака) 

- алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету; 

- шатырды құру. 

 

Тосын оқиғалар күні 

 

Бұл  күн,  шындығында,  қызықты  және  тосын  оқиғаларға  толы  болуы 

қажет.  Сондықтан  бұл  күнге  құпия  түде  дайындалған  дұрыс.  Күтпеген 

жағдайлар ұйқыдан ерте тұрумен басталуы керек.  

-  әр топ бір-бірін үстеріне салқын су құйып ояту; 

-  тұз салынған шай дайындау; 

- шатырда ұйықтап жатқан балаларды киімшең сүйреп шығару; 

- балалар ұйықтап жатқанда,  үлкендер білдірмей лагерден кетіп қалып, 

сырттан бақылау, т.б. 

  

Шөптер күні 

 

Бұл  күні  тәрбиеленуші  топтар  лагерь  орналасқан  жердегі    өсімдіктердің 

алуантүрлілігін  анықтаудан  сайысқа  түседі.    Балалар  айналада  өсетін 

шөптердің түрлерін жинақтап, гербарий жасақтайды. Жинақталған шөптердің 

аты қандай, неге пайдалы, улы ма, жоқ па, т.б. жөнінде мәлімет дайындайды. 

Қай топ көп және дұрыс мәлімет жинақтаса, сол жеңімпаз болады. 

 

Үндістер күні 

 

 Әрбір  топ  үндістер  тайпасы  болып  есептеледі.    Өздеріне  ат  таңдайды,  

тайпаның құрбандыққа шалу салтын бейнелеп көрсетеді.  Әрбір лагерь өздеріне 

вигвам    салады,  қазылар  алқасы  үздігін  анықтайды.  Әр  тайпа  құрбандық  шалу  

салтын ойлап табады.  Содан соң бүкіл лагерь үндістер және ақ нәсілділер болып 

бөлінеді  (ақ  нәсілділер  үлкендерден  болуы  мүмкін).    Үндістер  ақ  нәсілділердің 

лагерін басып алуға тырысады.  Барлығының басында үндіс екенін білдіретін бас 

киім  (кепка,  орамал,  жай  лента)  болуы  шарт.  Бас  киімін  жоғалтқан  адам 

ойыннан  шығады.  Ақ  нәсілділер  үндістерден  құтылып  шығу  үшін 

жұмыстанулары керек.  

ЛАГЕРДЕГІ ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ 

Лагерде  оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  заман 

талаптарына  сай,  әрі  озық  дәстүр  рухында  тәрбиелеу  міндеттеліп  отыр.  Бұл 

міндеттерді  абыроймен  орындау  үшін  тәрбиешілер  оқу-тәрбие  жұмысына 

шығармашылақпен қарауы тиіс.  

Жас  баланың  өмірі,  қоршаған  ортаны  танып,  еңбекке  қатынасуы, 

психологиялық  ерекшеліктері  ойын  үстінде  қалыптасады.  Балалар  ойын 

барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. 

Түрлі  психологиялық  түсінікпен  (сезіну,  қабылдау,  ойлау,  зейін  қою,  ерік)  сезім 

әрекетіне сүңгиді. 

А.  Макаренконың  айтуынша,  ойында  баланың  физикалық,  психологиялық 

қасиеттерінің  сапалары  да  өзгеріп  отырады.  Ойны  баланың  ынтасын 

аудартуға,  көңіл  қойғызуға,  сондай-ақ  қабылдауын  жеңілдетуге,  білімді  толық 

игеруіне көмектеседі. 

 

 



Ұсынылатын ойын түрлері 

 

 

«Орамал» ойыны 

 

Ойнаушылар дөңгелене тұрады немесе отырады. Ойын бастаушы ортаға 

шығып, ескерту жасайды: «Сөзге сөз тауып айтпасаңдар, сөздің атасы өледі,- 

деген мақал бар. Сол сияқты біздің ойынымызда да тапқырлық қажет. Деп, ол 

ойын  тәртібін  түсіндіреді.  Алдымен  қолына  орамал  алып,  оны  өзі  қалаған 

баланың алдына тастап, оған кез-келген сөз айтады. 

Бастаушы: бала 

Орамал алушы: бала – балдан тәтті. 

Мағыналы  сөйлем  айтылса,  ойын  да  қайталана  береді.  Мұнан  соң  әлгі 

балаға беріп жатып, басқа сөз айтылады. 

Ойнаушы бала: мал 

Орамал алушы: мал баққанға бітеді. 

Ойын осылай жалғаса береді. Сөзді жалғастыра алмаған бала «жазасын» 

тартады.

 

 

 

   

«Шеңбер» ойыны  

 

Балалар дөңгеленіп қол ұстасып жүріп өлең айтады. Бір бала ортада бетін 

жауып отырады. 

Өзіміз құрған шеңберді, 

Айнала қоршап жүреміз. 

«Секір-секір» деген кім 

Айтшы  кімнің  дауысы?  –  деген  жолдарды  дауысын  өзгертіп  бір  бала 

айтады.  Ортада  отырған  бала  кімнің  дауысы  екенін  тауып  алу  керек.  Таба 

алмаса,  айыпты  өлең  айтып  немесе  би  билеп  береді.  Ойын  осылай  жалғаса 

береді.  

 

 



 

 

 

 «Сымсыз телефон» ойыны 

  

Барлық оқушылар топ түзеп тұрады. Ойын не оңнан солға, не солдан оңға 

бір  ыңғайда  жүреді.  Ойын  басқарушы  бірінші  тұрған  адамның  құлағына 

сыбырлап  бір  сөз  айтады.  Ол  адам  естіген  сөзін  келесі  адамға  жеткізеді, 

осылайша  соңғы  адамға  шейін  жалғасады.  Ойын  басқарушы  соңғы  адамнан 

бастап  әлгі  айтылған  сөзді  сұрайды.  Бастапқы  айтылған  сөз  өзгеріп  кетуі 

мүмкін. Сөзді қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып өз өнерін көрсету 

арқылы өтеледі. 

  

«Сақина салмақ» ойыны 

  

Ойынға  қатысушылар  дөңгеленіп  отырады.  Ойын  бастаушы  қолындағы 

сақинаны  отырғандардың  барлығының  алақанынан  өткізіп,  біреуіне  білдірмей 

қалдырып  кетеді.  Содан  соң  «Бір,  екі,  үш,  сақинам  алға  ұш!»  дегенде  қолында 

сақинасы  бар  адам  тез  алға  шығып  үлгеруі  тиіс.  Ал  отырғандар  оны  ұстап 

қалулары керек. Егер ұсталып қалса, ойыншы «айып төлейді». Ұсталмай шықса, 

ойын бастаушының рөлін атқарады. 

  

«Мысық пен тышқан» ойыны 

 

Бір  топ  бала  жиналып  қол  ұстасып,  шеңбер  жасап  тұрады.  Ортаға  екі 

баланы шығарады, бұл екеуінің бірі – тышқан, екіншісі – мысық болады. Мысық 

тышқанды  қуып  ұстап  алуы  керек.  Тышқан  қол  ұстасып  тұрған  балалардың 

арасынан  өту  арқылы  тышқаннан  қашуы  тиіс.  Егер  ұсталып  қалса,  тышқан 

«айыбын» өтейді.  

   



«Әтеш» ойыны 

 

 

Ойын  далада,  кең  жерде  өтеді.  Ойыншылар  санына  шек  қойылмайды. 

Ойыншылар  жиналып  болғаннан  кейін  үлкен  шеңбер  сызылады  да,  ортаға  екі 

ойыншы  шығады.  Екеуі  бір  аяғын  көтере,  секіріп  жүріп,  бір-бірін  итеріп 

шеңберден  шығарып  тастаулары  керек.  Бірақ  екінші  аяқтары  жерге  тимеуі 

тиіс.  Ережені  сақтай  отырып,  бірі  екіншісін  шеңберден  итеріп  шығарып 

тастаса, жеңімпаз атанады. 

 

 

 

Оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау 

 

     Лагердің  барлық  бөлмелері  өрт  сөндіру  және  қорғану  құралдарымен 

қамтамасыз етілуі тиіс. Лагерде өрт сөндіру жағдайында, апаттық жағдайлар 

кезінде  балаларды  қауіпсіз  жерлерге  көшіру  жоспарлары  дайын  болуы  қажет. 

Қысқы мерзімде үсіктен сақтану шаралары қарастырылуы тиіс. 

 

Лагерь  қызметкерлері  оқушылардың  өмірі  мен  денсаулығы  қауіпсіздігіне 

қатысты  нұсқауларды  алатын  арнаулы 

семинарлар  мен  дәрігерлік  тексеруден

 

кейін ғана жұмысқа жіберіледі. 

 

 

 

 

 

Облыстық оқу – әдістемелік және  қосымша 



білім беру орталығы 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет