|
Маңғыстау құт дарыған киелі өлкем, Мен ержетіп, төсіңде өсіп келем
|
Дата | 21.11.2023 | өлшемі | 13,51 Kb. | | #125079 |
| Байланысты: 90 құттықтау
Маңғыстау құт дарыған киелі өлкем,
Мен ержетіп, төсіңде өсіп келем.
Мың даралар мекені - менің ауылым,
Қасиетті тұмарым өзің дер ем.
Куә етіп тәуелсіз ел, аспанды,
Ұмытылмас ұлық тойың басталды.
Тас түлектер сенен ұшып түлеген,
Тоқсан жылдық жазды еңбек дастанды.
Сәттіғұлдай бабамның сөзі қалған,
Мектебім - алтын ордам білім алған.
Тұщықұдық – тербеткен тал бесігім,
Қанат қақты өзіңнен талай арман.
Мектеп - білім бесігі, ұлт ұясы,
Игі істердің бастауы, тәлім басы.
Фариза, Әбіш сынды даралардың
Қабыл болған тілегі, ақ батасы.
Сәттіғұл Жаңғабылов түлектері
Бірі - басшы, бірі -ақын, еңбек ері.
Бірі – ұстаз, мұнайшы, саясаткер,
Бірі елдің қамқоры, кемеңгері.
Мұнай-фонтан атқылады даламда,
Біздің түлек түрен салған оған да!
Жер тамырын тап басып тарландарым,
Байлық көзін ашты бейбіт заманда.
Ұстаймын берік бабалар салған жолымды,
Ұстаздың сөзі көңілге дәйім қонымды.
Ұлт дәстүрін санамда берік сақтаймын,
Сәлем берем жүрекке қойып қолымды.
Толағай атқарған іс ел есінде,
Тілеймін табыс білім кемесіне!
Құтты болсын, түлектер , бүгінгі той,
Отырған дәл тоқсанның белесінде!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|