2-жүргізуші: Сайысымыздың 3-кезеңін бастаймыз. Сіздерге шығармадан үзінділер беріледі. Кейіпкер сөзін, оқиғаны табуларыңыз қажет.
1-жүргізуші: Оны несіне арам тер болып айтасың. Енді елуден асқанда оку конбайды маған. Менің өмір туралы өз формулам бар. Ол -адамның қызмет істеп өсуі, тіпті де оның қабілетіне байланысты емес. Міне, формуласы. Бұл сөз кімге айтылды және сөздің авторы кім? Жауабы: Управляющийдің Нұржанға айтқан сөзі
2-жүргізуші: - Герон формуласын, Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын, қос мекенділер класын, бақа-шаянның іш құрылысын, Абай, Жамбыл, Мұхтардың өмірбаян, өлең-шығармаларын, Уругвай, Парагвай деген елдердің қай жерде орналасқанын, тіпті жер шарында неше мұхит, неше құрлық барын… Үзіндіде келтірілген кімнің сөзі? Жауабы: Нұржанның Упрайға айтқан сөзі
1-жүргізуші: Шөп әкелуге Айыртауға бару үшін Нұржанның Упрайға қойған шарттарын санамалап, тарқатып айтыңыз.
Біріншіден, көмекшілікке Аманжолды аламын. Ол – өте сенімді де мықты жігіт.
Сонымен, екінші көмекшілікке – Бақытжан шыдас берер. Терісі қалың, толық жігіт, арық-тұрақ біздерге жылу беріп жүрер.
Үшіншіден, ағасы, үстіңіздегі тоныңызды, басыңыздағы құндыз құлақшынды, аяғыңыздағы ақ пиманы прокатқа бере тұрасыз. Аман-есен қайтып оралсам, өзіңізге қайтарамын.
2-жүргізуші: Оның шешесі дүние жүзіндегі тұйық әйел еді. Көшеде кездессе, жоқ болмаса үйіне кіріп немесе үйіне келіпсәлем бергенін, сәлем алғанын ешкім естіген емес. Ерін ұшын болар-болмас жыбырлататын да, көзінің астымен ақырын ғана қарар еді. Тіпті. Ол кісінің жүріс, тұрысы ептеп қорқыныштылау да болып көрінетін. Көрші-қолаңмен де онша араласы жоқ, өзімен-өзі болып, ертеден қара кешке дейін қолынан тоқымасы түспейтін. Бүкіл ауыл-аймақ шұлық, қолғап, жейде, шәлі, тоқытып тыным бермейтін. Өмірде кісінің көңілін қалдырып көрмеген ол үй шаруасына да қарамай, елдің ісімен шұғылданып отырушы еді. Шығармада суреттеген кейіпкердің анасы? Жауабы: Аманжанның анасы
1-жүргізуші: Құйын-перен шапқылай жөнелді. Артында бұрқырап қар бораны қалды. «Мұның да бас ауған жаққа лағып кету ойы бар, еріктеріне салса, бұл ауылда бір түйір адам қалғысы жоқ. Сонда қайда барады? Үзіндіде берілген кімнің ойы? Жауабы: нұржанның ойы
Достарыңызбен бөлісу: |