ТҰҚЫМДАСТЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫ
Б
із бір нәрсені суреттесек, соған тұқымдас, ұқсас
екінші нәрсе бір орында, бір уақытта болмаса да,
ана нәрсеге ѳзі еріп суреттеледі. Тұқымдастық ассоциа-
циясы дегеніміз осы.
Тұқымдастық ассоциациясы екі түрлі: 1) ұқсастық
ассоциациясы һәм 2) қарсылық (контраст) ассоциа-
циясы.
Ұқсастық ассоциациясы.
Біз бір нәрсені суретте-
сек, соған ұқсас екінші бір нәрсені де суреттейміз. Мы-
салы, біз бір адамды суреттесек, сол адамымыз пішіні,
сѳзі, жүріс- тұрысымен біздің бір досымызға ұқсайтын
болса, сонда біз мынау досымызды да суреттейміз.
Осы ұқсастық ассоциациясы бойынша оқуды тез
һәм жақсы меңгеріп алу үшін оқу материалын кон-
центр қылып құрудың керектігі келіп шығады. Кон-
центр – бір пәнді басқыштап, кеңейтіп оқыту деген сѳз.
Қарсылық ассоциациясы.
Бір нәрсені суреттегенде
соған тіпті ұқсамайтын қарама-қарсы нәрсені суреттеу-
ге болады. Қысты суреттегенде – жазды суреттеу, қара-
ны суреттегенде – ақты суреттеу, байды суреттегенде
кедейді суреттеу сықылды. Бұл қарсылық ассоциация-
сы тұқымдастық ассоциациясына жатады. Себебі біз
«Асыл мұра» сериясы
тұқымы жат екі нәрсені бір-біріне байлай алмаймыз.
Суреттегенде, соған қарсы болып, тіпті тұқымы жат
екінші нәрсе суреттелмейді. Мысалы, қысты суретте-
генде, оған қарсы сиырды суреттемейсің, бәлки жаз-
ды суреттейсің. Себебі қыс пен сиырдың тіпті тұқымы
басқа.
Балаларды оқытқанда қарсылық ассоциациясының
кѳп пайдасы тиеді. Бір нәрсені балаға ашық ұқтыр-
мақшы болсаң, сол нәрсенің қарама-қарсысын алып
кел. Мысалы, балаға жер ортасының ыстығын түсіндір-
мекші болсаң, солтүстіктің суығымен салыстыр.
|