Мағжан Жұмабаев педагогика



бет42/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
М.Жұмабаев Педагогика

Баланың ішкі сезімдері. Баланың тұрмысында ішкі сезім зор орын алады. Бала бір нәрседен әсерлену алғанда, ол әсерленудің жағымды яки жағымсыздығын бірінші орынға қояды. Баланың ішкі сезімдері тез, жеткен адам сезімдерінен былайша айрылады: 1) баланың ішкі сезімдері (ұшқыр. – ред. ) болады. Жылдам оянады. Мысалы, бала тез қуанады, тез қайғырады, күлуі де, жылауы да тез; 2) баланың ішкі сезімдері күшті, құйындай екпінді болады. Мысалы, баланың қолындағы ойыншығын ойнап қана алсаң да, ол қатты ашуланады; 3) баланың ішкі сезімдері тұрақсыз, құбылымпаз, құйындай тез басылады. Мысалы, қатты ашуланып тұрған бала бір қызық нәрсе көрсе, қуанып кетеді, күліп жібереді. Ішкі сезімдердің адам өмірінде ұстаған орны зор. Әсіресе баланың өмірінде ішкі сезім көп рөл ойнайды. Біздің ісімізге белгілі бет алдыратын – көбінесе осы ішкі сезімдер. Біз жағымды нәрсені істейміз, жағымсызды істемейміз. Бізде жағымды сезім оятпайтын істі біз шабан, көңілсіз істейміз, оятатын істі шаттықпен, шын ынтамен істейміз. Адамның бақытты, бақытсыз болуы да осы ішкі сезімдерден. Жөпшенді нәрседен жағымсыз іш кі сезім алмайтын адам бақытты, тым сезімпаз адам ба қытсыз. Сондықтан ішкі сезімдерді дұрыс тәрбие қылу керек.
Ішкі сезімдерді тәрбие қылу, тәрбиеден мақсұт һәм тәрбие жолдары. Баланың ішкі сезімдерін тәрбие қылғаңда тәрбиеші алдымен баланы үйрету керек. Дұрыс, пайдалы, жоғары нәрседен ләззат алуға, төмен, пайдасыз нәрседен жиренуге һәм осы ұмтылу мен жиренуді терең, берік қылуға тырысу керек. Бұл мақсатқа жеткізетін жолдар:
1) Дұрыс ішкі сезімдердің көп болуына, нашарлардың болмауына жәрдем көрсету керек. Яғни баланы ұнамсыз ішкі сезімдерді оятатын себептерден сақтау керек. Мысалы, балалардың біреуіне базарлықты, ойыншықты көп беріп, біреуіне аз беріп, арада күншілдік туғызбау керек. Жануарды, малдың төлін, мысықты әуре қылғызып, ұрғызып үйретпеу керек, бала қатал болып шығады.
2) Баланың маңайындағы адамдар балаға жақсы мысал. Бала еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе атаанасының мінезіне салып алады. Бала жүргенде, сөйлегенде ата‑анасындай болуға тырысады. Ата‑ана қатал болса, бала да қатал; ата‑ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Қымс етсе ашуланып, ақырып‑бақырып қоя беретін ата‑ананың баласы да сондай. Сондықтан баланың маңайындағы адам дұрыс мінезді болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет