Мағжан мектебінің тарихи тізбесі:  1991 жылы 1296 оқушыға арнайы салынды.  1993 жылы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі2,96 Mb.
#6739

Мағжан мектебінің 

тарихи тізбесі: 



1991

 жылы 1296 оқушыға 

арнайы салынды. 



1993

 жылы «Шолпан би» 

ансамблі құрылды. 



1995

 жылы тереңдетілген 

математикалық сыныптар 

ашылды. 



1996

 жылы 9 сәуірде 

мектепке Мағжан 

Жұмабаев есімі берілді. 



1996

 жылы тереңдетілген 

қоғамдық-гуманитарлық 

сыныптар ашылды. 



2004

 жылы 23 тамызда 

бағдарлы педагогикалық 

мектеп мәртебесі берілді. 



2005

 жылы 

педагогикалық бағдарлы 



мектеп эксперименттен 

өтті. 




2005

 жылы 15 тамызда 

элитарлық мектеп-

гимназия мәртебесі 

берілді. 



2002-2005 

жылдары 

Республикадағы үздік 100 

мектептер қатарына енді. 



2006

 жылы мектеп-

гимназия мәртебесі 

берілді. 



2010

 жылы гимназия 

мәртебесі берілді. 

№3 Қараша-желтоқсан, 2011 жыл 

   

Тәуелсіздік – бұл біздің ең басты құндылығымыз. Бұл 

күнге сан ғасыр бойы армандап  жеттік. Тәуелсіздікке 

қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің 

өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 

 20 

жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, 

нарықтың қиын өткелдерінен  аман өтіп келеміз.  

Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, 

маңызы да айрықша. 

    

Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды 

түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта 

оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері  

қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.  

    

Әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа 

мемлекет пайда болды. 

Осындай зайырлы, бейбіт елде тұрып жатқан біздер ата 

– 

бабамыздың алаңсыз ұрпақтарымыз.  

     

Бейбітшілігіміз баянды болсын!!! 

 

20 

жылдық 

 

мерейтой  

құтты болсын!!! 

 

 

 

 

Қазақстан 



Республикасының 

тұңғыш президенті   

Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев: 



«Тәуелсіздіктің  

20 жылдық  тойы – 

тойлау үшін емес,  

тағылым алу үшін 

керек» 

  

«Жүрген жанның артында ізі қалар, 

Жүйрік өлсе, артында сөзі қалар» 

М.ЖҰМАБАЕВ

 

   

Әр адамның жүріп өткен жолының соңынан да  із қалады. Қазіргі таңда облыс 

көлемінде үлгілі болып, қашан да алдыңғы қатардан көрініп жүрген 

 Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия осы күнге дейін  қилы күндерді 

басынан өткерген.  Біз «Мектеп тынысы» газетіміздің бұл санын мектептің 

өнегелі тарихына, өткен өміріне арнағалы отырмыз. Ал Мағжан атындағы 

мектептің әр тынысын алғашқы, яғни тұңғыш директоры Мабиева Гүлшара 

Нұрғалиқызынсыз елестету мүмкін емес. Ендеше, оқырманға Гүлшара апайдың 

мектеп тарихына тоқталған сұхбатын ұсынамыз

.

 

Мабиева  Гүлшара Нұрғалиқызы 

–  

гимназия менеджері

     1991-2007 жылдар аралығында 



 М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның   

директоры. ҚР Білім  Беру ісінің үздігі.  

Тәжірибесі мол, шығармашыл ұстаз.  

Ақылшы әрі білікті басшы. 



  

      Тәуелсіздікпен төл мектебіміз қиын жылдарда ашылды десек те, ол жылдар 



елімізге  бақыт  әкелген  жылдар  болды.  Себебі  еліміз  егеменді  ел  болды,  өз 

тілімізге, өз дінімізге қолымыз жетті. Ата Заңымыз жарық көрді, рәміздерімізді 

иелендік, ұлттық теңгемізге қол жеткіздік. 1991 жылы ең алғаш 1 қыркүйекте 

қоңырау  соғылып,ашылу  салтанаты  болды.  Аралас  мектеп  болып  ашылған 

мектепті  қазақшаландыру,  оқушыларды  ұлттық  мәдениет  негізінде  тәрбие 

беру    оңайға  соқпағаны  анық.  Саз  мектебінің  филиалын  ашып,  ұлттық  би 

үйірмесін  құрып,  М.Жұмабаевтың  есімін  алып,  мектепті  үлгілі  гимназияға 

айналдыру  жолында  біздің  педагогикалық  ұжым  қиыншылыққа  қарамастан 

көптеген жұмыстар атқарды.

 

Мектебіміз М.Жұмабаевтың атын алмастан бүкіл 

орыс,  қазақ  мұғалімдеріне  ақын,  педагог,  қоғам  қайраткері  М.Жұмабаевтың 

өмірі мен шығармашылығын таныстырдық. Жыл сайын Мағжанның өлеңдерін 

мәнерлеп  оқу  сайыстарын  өткіздік,  Мағжанның  өлеңдеріне  жазылған  әндер 

сайысын,  «Менің  Мағжаным»  тақырыбына  қысқа  шығарма,  эсселер  сайысын 

және  оқушылардың  Мағжан  атасына  арнап  өздерінің  шығарған  өлеңдерінің 

сайысы  өткізіп  отырдық.  Сонымен  қоса,  мектепте  Мағжан  оқулары,  драма 

үйірмесінің  Мағжанның  шығармалары  бойынша  қойылымдарын  сахнада 

көрсету, тағы басқа қызықты іс – шаралар  өткізілді.  

 

 



 Мектепте жыл сайын «Жыл 

мұғалімі» , «Жыл сынып 

жетекшісі», 

«Ең мәдениетті оқушы» 

конкурстары өткізілді. 

 Оқу жылының аяғында 

«Үздіктер шеруін» өткіздік.  

Бұл іс –шаралар 

осы уақытқа дейін өзінің 

жалғасын тауып келеді

  

  

    Әдістемелік кеңестің басшылығымен мектепте үнемі мұғалімдер үшін 

әдістемелік аукциондар, панорамалық сабақтардың конкурстары, тәжірибе 

бөлісу апталықтары өткізілді.  

    Жыл да тәжірибелі мұғалімдердің есебі аудан, қала, облыс көлемінде 

тыңдалды да, әдістемелік журналдарда жарық көрді.   

    1997 жылы 27 қазақ, 27 орыс сыныбы болды,содан кейін орыс сыныптарының 

саны күрт қысқарды, себебі оқып жатқан орыс сыныптары бітіріп кетіп жатты, 

ал 1 - сыныпқа және басқа орыс сыныптарына бала қабылдамадық

 

Тәуелсіздік және Мағжан мектебі

 

      Биыл  Мағжан  атындағы  мектебімізге  жиырма  жыл.  Бұл мереке  Қазақстан  



Республикасының  тәуелсіздік  алғанына  жиырма  жыл толуымен  тұспа – тұс  келіп 

отыр. Менің бұл  мектепте  білім алып жатқаныма  тоғыз  жыл  болыпты.  Осы  тоғыз  

жыл  ішінде  мектебімізде  небір  өзгерістер  болды.  Бұл  өзгерістер  көңілімізге 

көтеріңкі күй сыйлап, осындай ұядан қанаттанып ұшарымызға қуанамыз.   

       Мағжан  мектебінің  тұңғыш  директоры   Мабиева  Гүлшара  Нұрғалиқызы,  өзінің  

мектеп  жайындағы  мақаласында:  «1991 – 1992 жылдары  мектепте  алпыс  сынып,  

соның  ішінде  елу  бір  орыс  және  қазақ  сыныптары  ашылды. Уақыт  өте  келе,  яғни  

2000 жылы  мектебіміз  толық  қазақ  мектебі  болып  жарияланды.  Көптеген  қобыз,  

домбыра  ойнауды  оқытатын  үйірмелер  ашылды.  Ең  басты  оқиғалардың  бірі 1993 

жылдың  басында  мектепте  би  үйірмесінің  ашылуы  болды.  Ол  би  үйірмесіне  

«Шолпан»  аты  берілді.  Ал,  1996 жылы  мектептік  мұражай  жинақтала  бастап,  2001  

жылы  ресми  түрде  ашылды», - деп жазған  екен. 

       Мағжан  Жұмабаев  атындағы  №39  гимназиясының  жиырма  жылдық  жылнамасы    

тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  ғұмырнамасымен қатарласа көркейіп келеді... 

   Самал ТҰРЫСБЕКОВА , 

9 «б»  сынып оқушысы

 


    Мектепте 1998 жылы  ата-аналар үшін «Шырақ» ағарту университеті 

ашылды. Оның ректоры болып ең алғаш Кошикова Мағрипа Балтабаевна 

тағайындалды.  

   «Шырақ» ағарту университетінің жұмысы 

ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату 

мақсатында ұйымдастырылғандықтан,  

бірінші үш жыл бойы ата-аналар үшін 

«Мағжантану» курсы өткізіліп, жыл аяғында 

куәлік тапсырылды. Рефлексия 

қорытындысынан ата-аналарға өткізген 

курстың қажеттілігі анықталды.  

     Қазіргі таңда дәстүрге айналған мектеп 

жұмыстарының ішінде шоқтығы биік 

«Шырақ» ағарту университетінің жұмысы 

жыл санап салмақтыланып келеді. Кошикова 

Магрипа Балтабаевнадан кейін тізгінді өз 

қолдарына алып, Бикен Қалымқұловна, 

Қымбат Дәуітбековналар жалғастырды.  

      Бүгінде Жыланбаева Қаламқас 

Нығметовна басшылық етіп отырған 

«Шырақ» ағарту университеті жұмысы- 

Мағжан гимназиясының тағы бір дәстүрлі  

ісінің бірі... 

  

1999-2000 оқу жылында оқушыларды 



«Болашақ» ұйымына қабылдау 

ұйымдастырылды.  Ұйымға қабылданған 

оқушылар Мұғалімдер мерекесі 

қарсаңында «Өзін-өзі басқару» күнін 

өткізіп, «Болашақ парламентін » құрып, 

«Сапта жүріп ән шырқау» байқауларын 

өткізіп отырды. 

 Бұл үрдіс осы күнге дейін өз жалғасын 

тауып келеді. 

Абюрова Айнұр

 

Жетекшісі: 

Кошикова М.Б

 

Жас зерттеуші

 

3-

сынып оқушысы

 

     2004-2005 

оқушылардың 

ғылыми қоғамы 

құрылып, 

Сатыбалдина Зәуреш 

Төлеухановна осы 

жолда қажырлы 

еңбек атқарды. 

Оқушылардың ғылыми 

қоғамдық 

отырыстарында 

ғылыми проектілер, 

шығармашылық 

баяндамалары 

тыңдалып, кейін кіші 

ғылым академиясында, 

облыстық, 

республикалық 

«Дарын» байқауына 

қатысып, жүлделі 

орындарға қол жеткізіп 

тұрды.  

   2006 жылы облыс көлемінде, 

барлық қазақ мектептерінің 

оқушыларының қатысуымен 

ғалымдар, қазақ тілі қоғамдарының 

белсенді қызметкерлердің 

қатысуымен «Мағжан тағылымы – І» 

ғылыми – практикалық 

конференция өтті.  

Бұл іс – шараның құрметті қонағы 

болып Жұмабаева Райхан 

Қалижановна Алматыдан арнайы 

келді.  Нәтижесінде «Мағжан 

тағылымы – І» атты үлкен жинақ 

жарық көрді. Мектеп ішінде 

мектепішілік «Ілім» және «Арна» 

газеттері шығып тұрды. Қазіргі 

уақытта бұл газет «Мектеп тынысы» 

айдарымен жарық көруде. 

 Бірінші редакторлары: Оспанова Г.Х, 

Мухарова Л.Б, Муксинова А.М және 

М.Альжанова болды. Мектеп күні – 

Мағжан күні аталып, оқушылар 

арасында «Мен жастарға сенемін 

атты» танымдық сайыстар өтіп 

тұрады. 


 

  

Мағжан мектебі өз түлектерін мақтан етеді





 

Себебі олар қазіргі кезде түрлі салада қызмет істеп жатыр. 

Жоғарғы білімді, екі тілді толық меңгерген, тәрбиелі, 

парасатты тұлға тәрбиелеп шығарған 

 

М.Жұмабаев атындағы гимназияның келешегі баянды болады деп 

сенемін!         

Гүлшара Нұрғалиқызы

 

 


1993 ЖЫЛЫ АЛҒАШ «ШОЛПАН БИ» 

АНСАМБЛІ ҚҰРЫЛДЫ   

 1991жылы Болат Аюхановтың шәкірті  

Әділ атты  мұғалім бірінші би үйірмесін ашты.  

1993 жылы мектепте Омарова Гулнара Меңдібаевна келіп,  

сол жылы «Шолпан» би ансамблі құрылды. Алғаш құрылған күннен би ұжымы ата-

аналармен тығыз жұмыс жасай отырып, киімдеріне дейін өздері тігіп, биік белестерді 

бағындырып, бүгінгі деңгейіне жетті. 

«Шолпан би ансамблінің» жетекшісі 

ОМАРОВА ГҮЛНАРА МЕҢДІБАЕВНА 

-өз ісінің майталманы. Өзгеден өзіндік 

нақышының ерекшелігімен дара 

шапқан қайсар жан. Қойылымдарының 

сырының тереңдігі - көрген жанды сезім 

тұңғиығына батыратын би өнерінің хас 

шебері. Білім беру ісінің үздігі,  

ҚР президенті алғыс хатының иегері, 

облыс, қала әкімінің алғысымен 

марапатталған. Ы.Алтынсарин 

атындағы медальдің , «Үздік хореограф» 

белгісінің иегері.  

  

 Алғашқы «Шолпан» 



 ұжымы мен 

Гүлшара Нұрғалиқызы 

 Қарағандыға Елбасы келгенде 

«Шахтер» стадионы 2005 жыл 

 «Шолпан» Н.Ә.Назарбаев 

 Сара Алпысқызымен 

«Білім саласына қызмет еткеннің бәрі  

Қазақстанның болашағына қызмет етеді» Н.Ә.Назарбаев 

  

 250-ДЕН АСА  МҮШЕСІ БАР 



 «ШОЛПАН БИ АНСАМБЛІНІҢ

» ҚОРЖЫНЫНДА ОСЫ КҮНІ 

 2 АЛТЫН МЕДАЛЬ, 13 ГРАН-ПРИ, 18 БАС ЖҮЛДЕ 

 (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ) ҚАТАР ТҮЗЕГЕН.  

ҚАЗАҚ БИІН БАР ӘЛЕМГЕ НАСИХАТТАП ЖҮРГЕН БҰЛ ҰЖЫМ  

2000-2005  ЖЫЛЫ ТҮРКИЯНЫҢ СТАМБУЛ, ИЗМИР ҚАЛАЛАРЫНДА,  

2001 ЖЫЛЫ БАЛГАРИЯНЫҢ ОБЗОР ҚАЛАСЫНДА, 

 2003 ЖЫЛЫ ЛАТВИЯДА,  

2005 ЖЫЛЫ КОРЕЙ ЕЛІНІҢ СЕУЛ ҚАЛАСЫНДА,  

2006 ЖЫЛЫ ИСПАНИЯДА,  

2007 ЖЫЛЫ МОЛДОВАНЫҢ КИШИНЕУ ҚАЛАСЫНДА,  УКРАИНАДА,  

2008 ЖЫЛЫ ФРАНЦИЯДА, 

 2009 ЖЫЛЫ АЗЕРБАЙДЖАННЫҢ БАКУ ҚАЛАСЫНДА, 

 2010 ЖЫЛЫ ИТАЛИЯДА ӨНЕР КӨРСЕТКЕН.    

     

Қазақстан республикасының тәуелсіздігі мен 

Мағжан мектебінің 20 жылдығына орай 

гимназиямызда түрлі шаралар, сайыстар  

өткізілуде. Жарыс жүлдегерлерін салтанатты 

жиында марапаттау сәті жүргізілді. 

Жеңімпаздарды гимназиямыздың директоры 

Базыл Жанкелді Сағынтайұлы  

құттықтады.  

 

Биыл алаш баласының рухын 



көтеріп, еңсесін тіктейтін, әр 

қазақты мақтаныш пен 

шаттыққа бөлейтін жыл. 

Тәуелсіздікке - 20жыл. 

     16 желтоқсан -  азаттықтың 

ақ таңын атырған күн, тәу етер 

Тәуелсіздігіміздің ұлы тойы 

аталар күн, ел тарихында алтын 

әріптермен жазылатын күн. 

   Қазіргі қазақ жері татулықтың 

туын тігіп, ұлтаралық, 

дінаралық келісімнің әлем үлгі 

тұтатын айшықты мысалына 

айналып отыр. Қазақта «Бақ 

қайда барасың десе, ынтымаққа 

барамын» деген аталы сөз бар, 

расында да  ынтымақтың 

арқасында бақ қонған мемлекет 

аз уақыт ішінде дүниені дүр 

сілкіндіріп, Қазақстан атты 

тарихы бай қонақжай және 

эканомикасы қарыштап дамып 

келе жатқан, болашағы жарқын 

мемлекеттің бар екеніне 

төрткүл дүниенің көзі әбден 

жетті. 


Қанат АУҚАТОВ, 

 9 «а» сынып оқушысы 

 

       



Жарыстан оза шауып келген тұлпарлардың  туындылары 

  

Кең байтақ қазақ жерінің, сан ғасырлар  бостандықты аңсатқан 



еліміздің егемендік алғанына 20жыл толып отыр. Кеше ғана бар 

әлемге тәуелсіздігімізді мойындатқан едік, бүгін орта Азиядағы 

дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарынан орын алып отырмыз. 

Кешке ғана Алматы қаласының Республика алаңында  Желтоқсан 

қанды оқиғасы болған еді, бүгіндері халқымыз үшін жандарын пида 

еткен батырларымыздың  дидары қазақ елінің тарихында мәңгі 

сөнбестей болып қалады. Еліміздің өсуімен қатар түлеп келе жатқан 

Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиямыз, алтын ұямыз 

шаңырақ көтергеніне  де биыл 20 жыл. Бұл жылдарда  ауыз толтырып 

айтарлықтай  жетістіктеріміз көп. Солардың бірі мектеп 

оқушыларының халықаралық білім олимпиядаларында  әлемді 

мойындатып жоғарғы жетістіктерге жетуі. Бұл көрсеткіш жыл сайын 

сапа және сан жағынан да өсуде. Ал мектеп түлектері басқа мемлекет 

пен өз еліміздің жоғары оқу орындарында  білім алып жатыр. Осы 

деңгейге жетуде мектебіміздің ардақты да, үлгі тұтар, өз істерін жетік 

меңгерген,мамандықтарының шеберлері ұстаздарымыздың 

арқасында.  Біздің гимназиямыз тек білім жағынан ғана емес, 

қоғамдық жұмыстарға араласу  жағынан да алғашқы орындарды 

алуда. Оған мысал, мектебімізде құрылған үлгілі «Шолпан» би 

ансамблі. Республикалық «Айгөлек»  балалар  байқауының 2 дүркін 

гран – при иегерлері. Бұған қоса әлемнің әйгілі сахналарында өнер 

көрсетіп, халқымыздың биін биіктен паш етуде. Осылайша біздің 

мектебіміз елімізге болашақтың тізгінін ұстайтын үлгілі шәкірттер 

тәрбиелеп өз үлесін аямай қосуда. Алдағы уақытта еліміздің және 

мектебіміздің гүлденуіне, әрі дамуына себепкер болғым келеді.                          

  

                                                                                                            



Дарина АМАНБЕКОВА,                           

                                                                                    11 «а» сынып оқушысы 

 

  

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАЗАҚТЫҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ» АТТЫ 

 ШЫҒАРМАЛАР САЙЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ  

І ОРЫН    

9 «А» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ 

АУҚАТОВ  ҚАНАТ 

ІІ ОРЫН  

11 «А» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ 

АМАНБЕКОВА ДАРИНА 

ІІ ОРЫН  

8 «А» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ  

ЗӘРУБАЕВ ӘЛІШЕР 

ІІІ ОРЫН 

9 «Б» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ 

ӘБДІРАХМАН ПЕРИЗАТ  

  Мектеп директоры  Мағжан шығармаларының құндылығын, тәрбиелік мәнін насихаттау, 

ақпараттық технологияны пайдалану арқылы дамыту мақсатымен  2011 жылы 2 желтоқсанда 

 «Мағжан тағылымы - ІІ» 

аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтетіндігін хабарлады. 

 Гимназия ұжымына шығармашылық табыс, жоғары жетістік тілеп,  20 жылдық тарихы бар гимназия 

ұжымын алдағы үлкен тойға бір адамдай атсалысып, елеулі  үлес қосуға шақырды. 



    Биылғы жылы 

Қазақстанның тәуелсіздік 

алғанына жиырма жыл 

толып отыр.  Біздің 

Қарағанды қаласында 

жақында коньки тебуге, 

хоккей ойнауға арналған 

жаңа спорт кешені 

ашылды. Оны елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев келіп ашты. Біз 

«Шолпан би» ансамблі 

болып сол жерде би 

биледік. Осымен бірге 

биыл біздің мектепке  де 

жиырма жыл толады. Мен 

оған өте қуаныштымын.  

Мектебімізге «Өркенін 

өссін!» деп тілеймін. 

 Тәуелсіздік еліміздің Күн, 

Айы, 

Жанға қуат беретіндей  



ұдайы.  

      Еріміздің аталғанда 

есімі,  

 Еліміздің кіреттіндей 

шырайы. 

Елі сүйген енселім де, 

еркінім,  

Аппақ таңнан дауысынды 

естідім. 

Тәуелсіздік – Назарбаев 

Нұрсұлтан, 

Тұңғыш көкке көтерді ол 

ел туын.  

Томирис АРТЫҚБАЕВА, 

4 «ә» сынып оқушысы  

 

Қазақстаным өзіңмен мақтанамын, 



Сенде тудым, бақыттан шаттанамын. 

Жиырма жылдық тойыңда  жүрегіммен, 

Жырым мен тілегімді ақтарамын. 

Мағжан ата мектебі ашылғалы,  

Дәл жиырма жыл жайнапты жасыл бағы. 

Үлкен той тойға ұласыпты баршамыз да, 

Мәртебең асқақтауда басыңдағы. 

Құтты болсын мерекең, мерей тойың, 

Бейбітшілік халыққа берер тыным. 

Тыныштықта, шаттықта көркейе бер, 

Тек жақсылық болсыншы көрер күнің. 

Ержас БЕКЕШОВ,  

4 «а» сынып оқушысы   

      


Қазақ халқы өзінің ұлттық бостандығы мен егемендігі үшін  260-тан 

астам ұлт-азаттық қозғалысқа, көтеріліске шыққан. Соның соңғысы   

1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі.   

     Бек ұлдарымыз құл болып, пәк қыздарымыз күң болды. Тарихымыз 

табанға тапталды, елге тұтқа болған хан-сұлтандарымыз, билеріміз бен 

батырларымыз келеке-мазаққа айналды. Отаршылдық саясат бізді 

опасыздыққа итермеледі. Ол аз болғандай, Кеңес дәуірінде қазақ 

тарихы саясаттың ойнына айналды. Сана, руханият күйреді. Түптеп 

келгенде, бұл ұшы қиырсыз, қиян даланы түгел иемденудің амалы еді. 

Бірақ, қазақ халқы, екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей 

жүргізген күресінің арқасында, бұрын халықтан жасырып келген  

тарихи шындықтар ашылды. Адамдар өз ойын ашық айта алатын 

болды. Ел тәуелсіздігі үшін көптеген адамдар құрбан болды.  

        Кеңес Одағының құрамында болған кезде Қазақстан шет елдермен 

тікелей  байланыс жасай алған жоқ.   

      Қазіргі Қазақстанды  әлем мемлекеттерінің бәрі дәріптей танып 

отыр.  1992 жылы  Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше 

болды. Қазір БҰҰ-ның зәулім ғимараттарының алдында, әлем 

мемлекеттерінің туларымен бірге Қазақстанның да аспан түстес көк 

Туы желбіреп тұр.      

     Ел тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде небір қиындықтардан сүрінбей өтіп, 

Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз беделі бар, 

абыройлы мемлекетке айналды.  

 

Диас САЯЖАНОВ,  

4 «ә» сынып оқушысы 

  

І ОРЫН    



4 «А» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ 

БЕКЕШОВ ЕРЖАС 

ІІ ОРЫН  

4 «Ә» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ 

САЯЖАНОВ ДИЯС 

ІІІ ОРЫН 

4 «Ә» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ 

АРТЫҚБАЕВА ТОМИРИС  

Осы шығарманы жазардың 

алдында бір  ой түйдім.  

Қазақ елі осы тәуелсіздіктің 

арқасында салт- дәстүрін, 

әдет-ғұрпын, дінін, тілін, 

рухани байлығын сақтай 

білді. Біз осы ауыр жүкті 

үлкен жауапкершілікпен 

арқалап, биік шыңға 

жеткізуіміз керек.  

       Қазақстан тарихымен, 

тұғырлы елтаңбасымен 

еңселі, әнұранымен айбатты. 

Ұлттық рәміздеріміз біздің 

бейбітшілікте, бірлікте өмір 

сүруімізді айқындатады. Осы 

рәміздерді қастерлеу, ол  

жайлы мағлұматтарды толық 

білу-әр қазақ баласының 

парызы. 


      Қазақ елі гүлдену үстінде. 

Көптеген өнеркәсіптер, 

мәдени орындар, мешіттер 

(діни мекемелер) ашылып 

жатыр. Президентіміздің 

арқасында ислам діні елімізде 

дамып келеді. Қазақтың 

жастары  Алла бұйырған бес 

парызды орындауға 

талпынуда.  

Бұл біз үшін үлкен мәртебе.  

     Республика! 

     Ерікті ел – Қазақстан 

     Келді ақыры көп күткен 

жаз алыстан.  

     Келді алыстан аңсатып, 

     Торды бұзған мен де бір мәз 

арыстан.  

Қазақтың жастары, яғни біз, 

еліміздің көк туын 

қолымызға алып, жер жаһанға 

намысты мемлекет Қазақ елі 

тұратынын көрсетуге бар 

күшімізді саламыз.                     



Әлішер ЗӘРУБАЕВ, 

 8а сынып 

 

     Алаш елінің өрендей жас азаматтары азаттық алуға 



үлкен ат салысты. Ашынған қазақ жастары 

бодандықтың бұғауынан босауға көтеріліске 

шықты.Қаншама қазақтың жастары бостандық 

жолында көз жұмды. Алаш елі  аңсаған арманына қаны 

мен жанын беріп жетті.Қазақстан мемлекеті болып 

жеке шықтық.Өзінің шекарасын, елтаңбасын, туын, 

әнұранын қалыптастырды.Совет үкіметі  қанша 

жерден жоюға тырысқан қазақтың тілін, дәстүрін 

сақтап қалды. Осы аталған үш қасиет,үш ошақ.Тілі, 

діні, дәстүрі ошақтың үш аяғы іспетті.Егер ошақтың 

бір алғын алып тастасақ, ошақ құлап қалады.Сол 

секілді осы үш қасиеттің біреуі жойылса, ол 

мемлекеттің болашағы жарқын болуы екіталай... 

  Қазақстан мемлекеті кемелденіп, көркейіп күннен 

күнге өсе берді. Зауыт-фабрикалар салынып, пайдалы 

қазбалар өндіріле бастады.Каспий теңізінен қара 

алтын өндірілді. Қазіргі кезде Қазақстан дүниежүзі 

бойынша вольфром, қорғасын және баридің қоры 

бойынша бірінші орында тұр. Ал мұнай өндіруден он 

үшінші орынды иеленді. 2000 жылға қарай 

мемлекетіміздің жалпы жағдайы біршама 

көтерілді.Экономикамыз дамыды.Тек  Азия  емес, күллі 

әлем танитын елге айналдық. Айымыз оңынан туды. 

Жеріміз көркейіп, еліміз өсті. Мемлекетіміздің 

астанасы күннен-күнге ұлғайып, нұрлана берді. Ата-

бабамыз тарту еткен тәуелсіздікті біздер осы 

қалпында келешек ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. 

   « Келісіп пішкен тон келте болмас», -деп қазақ 

атамыз айтып кеткендей, бірігіп қазақ елін талай 

шыңдардан көрсете білуіміз қажет. Қиын кезеңдерде 

«бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген» 

аталарымыз секілді біз де тәуелсіз еліміздің тұғырын 

асқақтата берейік! 

 

Бектас  БЕКЕШ

7 «Б» сынып оқушысы  



10 

  

5-7 СЫНЫПТАР АРАСЫНДА 



ӨТКЕН ШЫҒАРМАЛАР 

САЙЫСЫНЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ 

І ОРЫН    

7 «Б» СЫНЫП 

ОҚУШЫСЫ 

БЕКЕШ БЕКТАС 

ІІ ОРЫН  

7 «А» СЫНЫП 

ОҚУШЫСЫ 

ҚАСЫМОВА АЛУА 

 5-9 сыныптар аралығында 

«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» 

мәнерлеп оқу 

сайсының жүлдегерлері 

        І орын 9 «А» сынып оқушысы Өмірбек  Елжас 

ІІ орын 7 «Б» сынып оқушысы Әбіш Тұрлан 

          ІІІ орын  9 «Б» сынып оқушысы Есниязов Нұржан 

26 қараша күні 

 «ҚАЗАҚСТАН – ӘН  

БЕСІГІ ҚАЗАҚТЫҢ» 

 атты потриоттық 

әндер 

 байқауы болып өтті. 

 

І орынды   

Кеңесбек Ботакөз 

ІІ орынды   

Қиясова Аида 

ІІІ орынды  

 Бигулина Шұғыла  

қанжығасына байлады. 

Жүйріктерді 

жеңістерімен 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 

 5-9 сыныптар арасында өткен 

  «МЕНІҢ ҚИЯЛЫМДАҒЫ  

МАҒЖАН МЕКТЕБІ» 

 атты сурет сайысында 

 І орын алған   

7 «А» сынып оқушысы  

Игисинова Айғанымның 

туындысын 

газетімізге жариялауды жөн көрдік. 

Балапан қыздың қиялындағы еңселі 

білім ошағы шындық өмірге айналғай 

деген ниеттеміз. 

11 

  

  



Қалалық 

«Тіл білімінің атасы – 

 Ахмет Байтұрсынов» 

 атты байқауда 

І дәрежелі дипломмен марапатталған  

9 «Б» сынып оқушысы 

Ғалым Арғынды  

жеңісімен құттықтаймыз!!! 

    

РЕДАКТОРЫ:

 

  

МӨЛДІР АЛЬЖАНОВА

 

ДИЗАЙНЕРЛЕР: 

 

А.ЕЛУБАЕВА, Қ.ҚАЙЫРТАЕВА

 

АРНАЙЫ КОРРЕСПОНДЕНТТЕР: 

А.СЕРІКОВА, Ш.ЖАНАТБЕКОВА.

 

 

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: 

 

 

Т.ӘБІШ, С.АХМЕТОВА, Қ.ӘБЕНОВА. 

 

МЕКЕН

-

ЖАЙЫМЫЗ: 

100000, ҚАРАҒАНДЫ 

ҚАЛАСЫ, СТЕПНОЙ

-

4 М/А, 33/2 ҮЙ.

 

М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ

 

 

№39 ГИМНАЗИЯ.

 

 

ТЕЛ: 32

-68-42, 

 E-MAIL SHOOL-39 @  

KARGOROO.ORG 

Document Outline

  • Slide Number 1
  • Slide Number 2
  • Slide Number 3
  • Slide Number 4
  • Абюрова Айнұр Жетекшісі: Кошикова М.Б Жас зерттеуші 3-сынып оқушысы
  • Slide Number 6
  • Slide Number 7
  • Slide Number 8
  • Slide Number 9
  • Slide Number 10
  • Slide Number 11
  • Slide Number 12


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет