Магистранттың педагогикалық тәжірибе бойынша есебі н 3


Негізгі білім беру мекемесінің сипаттамасы



бет2/6
Дата15.03.2023
өлшемі254,74 Kb.
#74422
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мазмуны

Негізгі білім беру мекемесінің сипаттамасы


1. Магистранттар зерттеу тәжірибесінен өту кезеңінде мекемелердің (кафедраның) ішкі тәртіп жағдайына толық бағынуы керек.
Магистранттың педагогикалық тәжірибесі:
– магистранттың педагогикалық тәжірибесі бітіруші кафедраның жасаған әдістемелік нұсқаулығына сәйкес;
– бірінші семестрде университеттің ғылыми кеңесімен бекітілген магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес;
– кафедра меңгерушілерімен бірлесіп жасалған білікті оқытушылардың сабақтарына қатысу және өткізудің күнтізбелік кестесіне, педагогикалық тәжірибенің жеке жоспарына сәйкес;
– педагогикалық тәжірибе өтетін жоғары оқу орнының қосымша талаптарына сәйкес өткізіледі. Яғни 7М01503 – Информатика педагогтарын даярлау ББ 1 – курс магистранттары 30.01-25.02.23.ж.ж. аралығында кафедрадағы профессор-оқытушы құрамының (ПОҚ):

  1. Доцент Тасуов Б.

  2. Аға оқытушы Раимбаева С.А.

  3. Аға оқытушы Ниетбаева Н.А.

  4. Аға оқытушы Аманбаева А.Н.

сабақтарына қатыса отырып түрлі формадағы сабақ беру әдіс-тәсілдерімен танысады. Ал 30.01-25.02.23.жж. аралығында ПОҚ-ң сабақтарын алмастырып 1,2-курс студенттеріне сабақ беретін болады.
25.02.23ж. күні педагогикалық практика бойынша қажетті құжаттарды реттеп, есеп беретін болады.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Магистранттың педагогикалық практикасы жоғары білім психологиясы мен педагогикасы негіздері бойынша теориялық материалды игергеннен кейін өтеді.


Педагогикалық практика бағдарламасы: дайындық, жұмыс және қорытынды кезеңдерінен тұрады.
Практиканың дайындық кезеңі барлық ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтиды (кафедра оқытушыларын жетекші ретінде тағайындау, бағдарламамен және пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспарымен танысу; эдвайзердің көмекшісі ретінде тағайындалу және студенттік топпен танысу және т.б.).
Практиканың жұмыс кезеңі практиканттың жеке жұмыс жоспарын және практикалық қызметті атқарудан тұрады. Жұмыс кезеңінде магистрант практиканың негізгі міндеттерін орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет