Педагогикалық практикадан өткен магистрант: Мұрат Бибібижан Асаналықызы.
Педагогикалық практика кафедра базасында 2023 ж. 30 қаңтар – 2023 ж. 25 ақпан аралығында өтілді. Педагогикалық практика Инф-22-1 бакалавр тобында өтілді. Педагогикалық практика барысында дәріс сабақтары, семинарлық сабақтар, СОӨЖ және кураторлық тәрбиелік шаралар өтілді. Сабақ өтілген пән: Инф-22-1 бакалавр тобына «Информатиканың теориялық негіздері» Педагогикалық практика барысында аға оқытушы Ниетбаева Н.А. сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақталды. Барлық өткізілген сабақтарға талдау жасалды. Сабақтар өткізу барысында студенттермен қарым-қатынас жақсы болды, жүргізілген тәжірибе жеңіл болды.
Педагогикалық практика барысында жоспарланған дәрістерді, семинарларды және СӨЖ сабақтарын өткіздім. Педагогикалық практика барысында дәстүрлі емес әдістер мен құралдарды, сабақ өткізудің ерекше түрлерін қолдандым.
Практикадан өту барысында жолыққан қиындықтыр: тәжірбиенің аздығы, практика мен сабақ уақытының кейбір үйлеспей қалуы, шектеулер болуы. Сонымен қатар педагогикалық практиканың жағымды тұстары белгіленді: ең бірінші оқытушы ретінде өз пәнін жетік білу керек, сондай-ақ студенттерге дұрыс бағыт бағдар беру маңызды. Жалпы жетістіктерім деп мынаны айта аламын: өткізілген сабақтар мақсатына жеткізілді.
Педагогикалық практика кезінде сабаққа дайындалуға көп күш жұмсалды. Оқу сабақтарының ұйымдастырушылық аспектілері оқытушыдан улкен зейін, жинақтау, креативтілікті және шығармашылық қабілеттерді қажет етеді деп қорытындыланды. Сонымен қатар оқуға деген жеке қызығушылық пен студенттермен жұмыс істеу ниеті өте маңызды екеніне көз жеткізілді.