Дәріс №20-21. Физикалық практикумның мазмұны Дәріс жоспары: 1.Жалпы физика курсының физикалық практикумының мазмұны 2. Зертханалық практикумды жабдықтауға қойылатын талаптар 3.Жалпы физика бойынша зертханалық практикаумның негізгі міндеттері Физиканың жалпы курсының зертханалық практикумының мазмұны және оның жекелеген міндеттері студенттердің мамандықтарымен анықталады. Физиканы зерттеушінің негізгі мақсаты болып, жаңа физикалық құбылыстар мен заңдарды ашу болып табылады. Қандай да бір құбылысты бақылау кезінде физика негізгі нәрселерді ұғынуы қажет: әр түрлі өлшемдер жасай отырып, ол әртүрлі сипаттамалардың арасындағы сандық байланыстарды,олардың арасындағы байланыстардың аналитикалық формулаларын көре білуі тиіс;сынақ нәтижесі, белгілі заңдар негізінде құбылысты түсіндіре алатын гипотезаны шығаруына және оны теорияның жаңа постулатын шығаруына негіз болуы тиіс; экспериментті жоспарлай білуі, құралдарды жобалай білуі және өлшем бірліктерін білуі тиіс.Осыған орай физик студенттерге олардың фундаменталды білімін тереңдете түсетіңн зертханалық жұмыстардың маңызы зор. Олар физиканың тиісті тарауының заңдарын ашуға және эксперимент (сынақ) техникасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Инженер физикалық әдістерді инженерлік міндеттерді шешу үшін қолданады.Ол жаңа физикалық заңдар ашуға тиіс емес, бірақ физика заңдарын пайдалана білуі тиіс. Сондықтан техникалық ЖОО студенттері үшін өлшеу техникаларының элементтерін зерттеудің, құралдардың қазіргі түрлерімен танысудың, техникалық мәселедегі физиканың міндеттерін көре білудің маңызы зор.
Қазіргі күні бірқатар ЖОО зертханалық практикумды жаңғыртуда ұдайы жұмыстар жүргізеді.Оның негізгі мақсаты теориялық материалды емес, физикалық эксперименттердің әдісін терең зерттеу табылады. Мысалы, ретінде біздің университетімізде де «Физикалық өлшеу және өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері» атты элективті пән ұйымдастырылып, оқытылады. Бұл пәнді оқу барысында студенттер физикалық шамалдарды өлшеу әдістерін, өлшеу аппаратурасын, эксперименталдық нәтижелерді өңдеу әдістерін оқып үйренеді. Алынған білімдері негізінде кейінгі семестрлерде олар күрделі өлшеу техникаларын қолдана алады және оқу-зерттеу міндеттертін шеше алатын болады. Біздің ойымызша, осындай типтегі зертханалық практикумды барлық техникалық және физика мамандығын оқитын студенттер үшін жоғары оқу орындары қолданулары тиіс.
Әр түрлі ЖОО әр түрлі мамандықтар дайындайды. Физика пәнін тек болашаақ физиктер мен физика пәні мұғалімдері ғана оқып қоймайды. Мысал университетіміздің басқа институттарында да физика пәні оқылатын нженирлік және басқа мамандық студенттері де бар. Олардың барлығына қойылатын зертханалық практикум қандай болуы тиіс? Әр кезде бұл сұраққа әр түрлі жауап беруге болады. Ең алдымен олардың мамандықтарының ерекшелігі одан кейін материалдық-техникалық база ескерілуі керек.
Зертханалық практикумның мазмұны студенттердің мамандығына ғана емес, сонымен қатар оқу жоспары бойынша сағаттар санына, зертхана бөлмесінің аумағына, техникалық жабдығына, кафедра шеберханаларының, жабдықтар даярлай білетін зертханашылардың болуына байланысты.
Жоғарыда аталғандардан зертханалық практикумның мазмұнына жалпы анықтама беру мүмкін емес екендігін көруге болады.
Зертханалық практикумның міндеттері мен жұмыстарының тізімі туралы атйпас бұрын біз оны жабдықтауға қойылатын талаптарға тоқтала кетелік.