Жеке оқу жоспары – типтік оқу жоспары мен таңдау пәндерінің каталогы негізінде, эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына өзі таңдайтын оқу жоспары;
Жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім алушымен ЖОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары.
Жұмыстық оқу жоспары – мамандықтың типтік оқу жоспары мен студенттің жеке оқу жоспары негізінде ЖОО-ның өзі жасайтын құжат.
Кредит ( Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;
Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлеінің бірізді өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту
Қорытынды бағалау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәнддерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;
Лидер – ұжымның немесе шағын топтың әлеуметтік үдерістерінде, жағдаяттарында беделі арқылы шешуші рөл атқара алатын мүшесі.
Мақсат – белілі бір проблеманы нақтылы ортада шешуге қажетті, бірақ әзірше өзі жоқ, субъективтік бейне ( абстрактылы үлгі ) түрінде болатын образы.
Межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін ( модулін ) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктеін бақылау;
Оқу – адамның іәр түрлі білімдерді қабылдау, есте сақтау, қайталау арқылы меңгеру нәтижесінде, есептер, мәселелер шешуге, іскерлікке, машықтыққа үйретудің күрделі үдерісі. Оқытудың барысында адамның эмпирикалық және рациональдық таным қабілеттері арқылы нақтылы пән мазмұнын қабылдау, оны ( образдық есте сақтау, тіл, қол және дене қимылдары арқылы ) есте сақтау, ой арқылы салыстыру, талдау, жалпылау, ьағалау арқылы нәрселердің себептері мен негіздері туралы білім алады.