Магистрлiк диссертация ұлттық спoрт түрлерiнiң дене тәрбиесiнiң маңызы және oның ерекшелiктерi



бет13/17
Дата24.05.2022
өлшемі1,09 Mb.
#35497
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Исегалиев диссер

2.3. Зерттеудің ұйымдастырылуы
Зерттеу жұмыстары 2015-2016 оқу жылдары Ақтөбе қаласының №32 орта мектебінде жүргізілді.
Бірінші кезеңде, зерттеудің бағытын анықтау үшін ғылыми-әдістемелік әдебиеттер қаралып таңдалды. Осының қорытындысында біз зерттеудің бағыттарын, әдістерін анықтадық.
Зерттеудің бойында монографиялық, диссертациялар, мақалалар, оқу құралдар қолданылды.
Екінші кезеңде жұмыстың екінші, үшінші, төртінші, бесінші міндеттерін шешу үшін деректер жиналды. Зерттеудің бойында мектептің 60 оқушылары қатысты. Оның ішінде ұлдары 28, қыздары 32.
Үшінші кезеңінде жиналған мәліметтерді математикалық әдістер арқылы талқылап, графикалық түрінде бейнеленіп жұмыстың жалпы безендірілуі іске асырылды.

3 Мектептегі дене тәрбиесі пәні сабақтарында қазақ ұлттық ойындарын қолданудың ерекшеліктері




3.1 Дене тәрбиесі пәні сабақтарында қазақ ұлттық ойындарының жоспарлау құжаттарында сағат мөлшері мен бөлінудің мазмұны

Мектептерде жалпы білім беретін сабақтарды (физика, химия, т.б.) жоспарлау бағдарламаның өзінде-ақ анықталып берілген, ал дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі әр оқу жылына дайындалғанда оқушылардың дайындық дәрежесін, сол жердің жергілікті ерекшелігін, ауа райының ерекшелігін және мектептің спорт құралдарымен жабдықталу жағдайын ескеру қажет.


Мектептерде дене тәрбиесі сабағын жоспарлау үшін мұғалімде мынадай үш түрлі құжат болуы керек.

  • бір жылдық сабақ жоспар-кестесі;

  • тоқсандық жұмыс жоспары;

  • әр сабақтың жоспар-конспектісі.

Жоспарлаудың негізгі мақсаты – алға қойылған мақсатты анықтау, алда тұрған міндеттер, оларды шешу жолдары, оқушыға түсетін салмақтың деңгейімен жиілігін анықтау, осы мақсатта бақылау жұмыстарын жүргізу. Бұл сөзімізді А.Н. Ханның [20] пікірі нақтылай түседі. Оның пікірі бойынша «сабақтың мақсаты – нақты міндеттерді анықтайды» - делінген [20, б. 6].
Көпжылдық өзінің тәжірибесіне сүйене отырып Г.А. Васильков [21] мынадай нұсқауларды ұсынған «... мұғалімде екі жұмыстық (жылдық және сабақтық) жоспардан басқа бірнеше қосымша материалдары болуға тиіс» [21 б.].
С.Г. Арзуманов пен Т.С. Усманходжаев [23] оқу материалдарды жоспарлаудың екі вариантын ұсынған. Авторлардың пікірлері бойынша бірінші вариантты спорт залдары бар мектептерге ыңайлы, ал екінші варианты ондай жағдайлары жоқ мектептерге десе, Ш.Х. Ханкельдиев [70] ыстық климаты бар аймақтарда дене қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған құралдардың келесі бір мынадай орналастыруларын ұсынады:

  • күш-жылдамдық қабілеттері мен шыдамдылық – қараша, наурыз айларында;

  • жылдамдық, күш-жылдамдық және үйлесімдік – қыркүйек, қазан, сәуір және мамыр айлары... [70, б. 10].

Г.А. Васильковтың пікірінде ұсынылған бірнеше қосымшаларда: «жоспар жасалғанда мектеп жағдайына, климаттық зонаға, спорттық материалдық базаға, оқушылардың мүдделеріне, мұғалімнің спорттық мамандығына және тағы басқа факторларға байланысты ыңғайланып, нақтылану керек» - делінген [21, б. 42].
В.С. Рубиннің пікірі бойынша «... дене тәрбиесінде жоспарлау процесіне келесілер жатады:
1. Мақсатты жоспарлау (нәтижелі көрсеткіштер)
2. Нәтижеге жету жолында дене тәрбиесі процесін жүзеге асырудың жоспарлануы (жобалануы) қалай орындалады...» [ 71, б. 42].
Бұл бөлімде жұмыстың екінші міндеті бойынша мәліметтер қарастырылған.
2.2. Бөліміндегі «Құжаттарды талдау», «Педагогикалық бақылау» деген бөлімшесінде аталып кеткен біздің атқарған зерттеу әрекеттің қорытындысында мынадай нәтижелер пайда болды. «Ұлттық ойындарды» орта мектептің мұғалімдері келесідей жоспарлайды (2- кесте).
Жылдық жоспар графикте ұлттық ойындарға жыл бойында 10 сағат берілген. Оның 5 сағаты ІІ-ші тоқсанда, қалған 5 сағаты ІІІ тоқсанда берілген.
Тоқсандық жоспарды талдау барысында ұлттық ойындардың арасында төмендегідей жоспарланғандығын анықтадық.
ІІ тоқсанда ұлттық ойындардың алдына спорт ойындары берілген. Осы тоқсанның соңғы 44-48-ші сағаттарына ұлттық ойындарды жоспарланған. Жаңа жылдық мерекеге байланысты (спортзалдың босамауынан) ұлттық ойындарды сынып бөлмелерінде өткізген.
Спорт ойындары материалдарын өткен кезде оқушылардың физикалық потенциалы жақсы дамып, тоғыз құмалақ, асық ойындарын беруіне байланысты дене дайындылықтары төмендеп кеткен. Дене сапалары ары қарай дамыған жоқ.
Ал, ІІІ-ші тоқсанда ұлттық ойындардың алдында шаңғы дайындығы тұр. Шаңғы дайындығынан кейін дене дайындылықтары жоғарылап, ұлттық ойындар кезінде ары қарай физикалық потенциалдарын дамытты. Себебі, «орамал тастау», «Жаяу көкпар», «Көгентартыс» ойындары берілген. Бұл ойындар үлкен жылдамдылықты, күштілікті, ептілікті қажет ететін ойындар.
Педагогикалық бақылаудың арқасында жоспарланған ұлттық ойындарды іске асырылуында біз мынадай ерекшеліктерді байқадық.
49-51 сабақтарында «Жаяу көкпар», «Көген тартас» ойындары жоспарланған екен. Кіріспе бөлімінде ұлттық ойындар берілмейді. Негізгі бөлемінде ұлттық ойындары өткізу әдістемесінде мынадай бірізділікті байқадық:

  • Таныс ойындары ойнай отырып таныс емес ойындарға көшу.

  • Мысалы, «Аңшылар ойынынан кейін» «Жаяу көкпар» ойыны.

  • Ұлттық ойындар арқылы оқушылар халықтың тарихы, оның әдет-ғұрыптары туралы мәлімет алды. Сондықтан, білетіндеріне сүйене отырып (мектеп бағдарламасы бойынша) ойынның негізгі сюжет түсіндіру. Мысалы, «Бәйге» ойынында оқушыларға атабабаларымыз көшпенді болғандығы, сондықтан атқа отыра білу, онымен шаба білу ұлт мақтанашы екенін ұғыну.

  • Ұлттық ойындарды таңдап алғанда, оларды өткізілетін жерлерін алдын-ала ойластыру қажет (зал, дәліз, алаң, ауа-райы, қажетті құрал-жабдық, т.с.с.).

  • Ойынды алдын-ала қалай өткізу барасын жоспарлау және оны бағдарлау.

  • Ойыншыларды іріктеу және басшылық жасайтын адамды бекіту.

  • Ойынға жетекшілер тағайындау, командаларға бөлу, капитандар таңдау, т.б.

  • Ойын желісін басқару (ойынды ұйымдасқан түрде белгіленген уақытта бастау, ойынның тәртібін бақылау, қазылық ету, т.т.).

  • Ойын қорытындысын шығару (тек шапшандық емес, тапсырманы сапалы орындауға көңіл аударту).

Әдістердің ішінен көбіне фронтальдық, топтық әдістер пайдаланылған жоқ.
3-кестедегі көрсетілген оқушылардың дене қасиеттері дамуының бірізділігінің талдау барысында 2- кестедегі жылдық жоспар-графикті, және 4 - кестедегі Ақтөбе қаласының №32 орта мектебі оқушыларымен І-ІІ тоқсанда «денешынықтыру» пәні бойынша өтетін бағдарламалық материалдың тақырыптық жоспары келесі заңдылықтар мен байқалды.

Кесте 3. Ақтөбе қаласының №32 орта мектебі оқушыларының І-ІІ тоқсанның барысында дене қасиеттердің дамуының бірізділігі





Сағат саны

Дамытатын қасиеттер

Материал

2

Жылдамдық қасиетін дамыту

  1. Қысқа қашықтыққа жүгіру

  2. 30-60м жүгіру

3

Жылдамдық, күш-жылдамдығын

  1. 30-60м жүгіру

  2. Бір орыннан ұзындыққа секіру

4

Жылдамдық, күш-жылдамдығын

  1. 30-60м жүгіру

  2. 100м жүгіру

  3. Бір орыннан ұзындыққа секіру

5

Жылдамдық, күш-жылдамдық, икемділікті

  1. 100м жүгіру

  2. Бір орыннан ұзындыққа секіру

  3. Биіктікке секіру

6

Төзімділік, күшті

  1. 2000м жүгіру

  2. Допты лақтыру

7

Төзімділік, күшті

  1. 2000м жүгіру

  2. Допты лақтыру

8, 9,
10,11

Шыдамдылығын, күшін

  1. Бір қалыпты жүгіру

  2. Нығыздалған доппен жаттығу орындау

  3. Гимнастикалық орындықпен жаттығу орындау

  4. Арқан тартыс

36

Күш-жылдамдық, икемділігін, күшін, төзімділік

  1. Бір қалыпты жүгіру

  2. Арқан тартыс

  3. Секіртпе жіп арқылы секіру

  4. Гирьмен жаттығулар орындау 8-16 кг

Жеңіл атлетикадан 2-7 сабақтарда оқушылардың әртүрлі дене қасиеттері дамытылады. Мәселен, 2-ші сабағында қысқа қашықтыққа жүгіру және 30-60 метрге жүгіру сабақтарында оқушылардың жылдамдық қасиеті дамытылады.


3-ші сабағында 30-60 метрге жүгіру, ұзындыққа секіруде оқушылардың жылдамдығын, ұзындыққа секіру жылдамдығын, күш жылдамдығын. 4-ші сабағында 100м жүгіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіруде жылдамдық, күш жылдамдық, икемділігі дамытылады.
6-шы сабақта 2000м жүгіру, допты лақтыру. Бұнда төзімділік, күш дамытылады. 7-ші сабағында 6 сабақ бекітіледі.
Жалпы дамыту жаттығуы 8-11 сабақтарында өткізіледі, онда бір қалыпты жүгіру, нығыздалған доппен жаттығу орындау, гимнастикалық орындықпен жаттығу орындау, арқан тартыс жаттығуы арқылы оқушылардың шыдамдылығын, күш, күш-жылдамдығын дамыттық.
Жеңіл атлетикадан 12-17 сабақтарында оқушылардың дене қасиетін дамытып, сынақ қабылданады.
Ұзындыққа секіру, 2000м жүгіру жаттығуы арқылы күш-жылдамдық, төзімділікті, шыдамдылықты дамыттық.
13-ші сабақта 100м жүгіру, допты лақтыру оқушылардың күш-жылдамдығы, күші артылады.
14-ші сабағында 2000м жүгіру, допты лақтыру оқушылардың шыдамдылығы, күш, төзімділік артылады.
15-ші сабақта 30-60м жүгіру және биіктікке секіру арқылы оқушылардың жылдамдығы, икемділігі дамытылады.
17-ші сабағында қысқа қашықтыққа жүгіру, биіктікке секіру арқылы оқушылардың жылдамдығы, күші, икемділігі артылады.
18-ші сабақта 17-ші сабақтың жаттығуларын қайталап, сынақ қабылданады.
Спорт ойынында баскетболды оқушыларға жаттығулар арқылы 18-27 сабақтарында үйретіп, дамытылады.
18-19-шы сабақта допты беру әдістері (кеудеден, еденнен, иықтан), допты алып жүру, екі жақты баскетбол ойынында оқушылардың ептілігін, икемділігін, қызығушылығын арттырады.
20-шы сабақта допты қорғаушылардың әсерімен беру және ұстау, допты торға тастау, екі жақты икемділігін және ойынға деген қызығушылығын арттырады.
21-ші сабақта допты бір-біріне беру әдістері (кеудеден, иықтан, еденнен), допты алып жүру, допты торға ыңғайлы әдіспен тастау жаттығулары мен оқушылардың қатесіз орындауына дағдыландыру.
18-27-ші сабақта допты қорғаушылардың әсерімен беру және ұстау, допты торға тастау, екі жақты баскетбол ойындары арқылы икемділігін, ептілігін, ойынға қызығушылығы дамытылады.
28-ші сабақта білімнің негіздері бойынша оқушыларға «Ұлттық спорт түрлерінің таму тарихы» теориялық материал беріледі.
Гимнастика 29-30-шы сабақтарында оқушылардың әртүрлі дене қасиеттерін дамыттық.
29-шы сабақта саптағы жаттығулар, кермеде тартылу жаттығуларымен оқушылардың көңіл аударуы, ептілігі, күші арттырылады.
30-шы сабақта саптағы жаттығулар, арқанға өрмелеу, акробатикалық жаттығулар арқылы көңіл аударуы, күш иілгіштік, ептілік дамытылады.
31-ші сабақта саптағы жаттығу, асылып тұрып, күшпен тартылып шығып қолға таяну, баяу алға аударыла түсіп, асылып тұру жаттығуларымен оқушылардың күш, ептілік, икемділік дамытылады.
32-ші сабақта саптағы жаттығу, кермеде тартылу жаттығуы мен оқушылардың ептілік, икемділік күш қабілеттері дамытылады.
33-ші сабақта саптағы жаттығу, арқанға өрмелеу, акробатикалық жаттығулар арқылы оқушылардың ептілік, икемділік, үйлесімдік, күш қасиеттері дамытылады.
Жоғарыдағы келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, келесі қорытынды жасауға болады:
а) жоспарланған ойындар толық іске асырылған жоқ, себебі бір жағынан құрал жабдықтары жетілмегенінен, екінші жағынан, уақыттың аз болғандығынан;
ә) кіріспе және қорытынды бөлімінде ұлттық ойындар көбіне пайдаланылмайды;
б) жоспарланған ұлттық ойындарда («тоғыз құмалақ»,«асық ойыны») алдындағы қалыптасқан қозғалыс дағдыларын жетілдірудің бірізділігі сақталмаған. Мысалы, спорт ойындарында (баскетболда) шығыршыққа лақтырудың, допты берудің дағдыларын ары қарай жетілдіруге жоспарланған ұлттық ойындардың ішінде жағдай жасалмаған;
в) аталған қайшылықтарды ескере отырып, біз мынадай пікірде болуға мәжбүр болып отырмыз:
г) «ұлттық ойындардың» алдындағы берілген бағдармалық материал («баскетбол», «волейбол» арқылы жинақталған оқушылардың физикалық потенциалы «тоғыз құмалақ», «асық ойыны» (яғни, аз қозғалтқыш белсенділігі бар ойындар) ойындарды жүзеге асырылғаннан кейін төмендейді;
Сондықтан, жоспарлау құжаттарында «ұлттық ойындардың» тиімді орналастырудың шараларын жете зерттеудің қажеттілігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет