Магниттер және олардың қасиеттері


Магниттік өтімділік. Магнит ағыны



бет5/10
Дата26.12.2022
өлшемі405,94 Kb.
#59590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2. 1 Ìàãíèòòåð æ?íå îëàðäû? ?àñèåòòåð³

Магниттік өтімділік. Магнит ағыны



Магнит өрісі өзін қоздыратын токқа ғана тәуелді болып қоймай, осы өpic пайда болатын ортаға да тәуелді болады. Тогы бар өткізгіш кернеулігі Н магнит өрісін тудырады, ток өзгермеген жағдайда кернеулік те өзгермейді. Егер де осы өткізгішті болат түтіктің ішіне орналастырсақ, онда өткізгіштен сол бұрынғы ток жүргеннің өзінде өткізгіштің магнит өрісі болаттын молекулярлық токтарының әсерінен, яғни ортаның жағдайының өзгеруінің нәтижесінде, бірнеше есе өсіп күшейеді.
Магниттік индукция, магнит өрісінің кернеулігі сиякты, векторлық шама, сонымен қатар көпшілік жағдайларда магниттік индукция мен кернеуліктің векторларының бағыттары бірдей бо­лады. Магниттік индукция мен кернеуліктің арасында тікелей пропорционалдық бар, яғни


В = μа H (2.12)


мұндағы μа —абсолют магниттік өтімділік.
Абсолют магниттік өтімділік магниттік индукцияның магнит өрісі кернеулігінің қатысына тең бола тұрып, генри бөлінген метр [Гн/м= (В*с)/(А*м)] өлшемімен көрсетіледі және вакуум үшін 4π • 10-7Гн/м-ге тең. Бұл шама магниттік тұрақты μ0 деп аталады.
Берілген ортаның абсолют магниттік өтімділігі μа магнит тұ-рақтысынан қанша есе үлкен екенін көрсететін сан, салыстырмалы магниттік өтімділік немесе қысқаша маг­ниттік өтімділік деп аталады, яғни
μ= μа/ μ0 (2.13)


Ауа үшін және ферромагниттік денелерден басқа денелер үшін магниттік өтімділік бірге тең деп алынады. Ферромагниттік денелерге келетін болсақ, бұлардың магниттік өтімділігі бірден әлдеқайда артық және де қарастырылып отырған материал үшін тұрақты шама бо­лып қалмайды, оның магниттік қалып-жағдайына, яғни магнит­телген ферромагниттік дененің магниттік индукциясына тәуелді болады.
Ферромагниттік материалдардың магниттік қасиеттерін сипаттау үшін В мен H-тың арасындағы графикалық жолмен қисық сызық түрінде көрсетілетін магниттелу қисығы деп аталатын тәуелділік пайдаланылады. Қандай да болмасын материалдың магниттелу қисығын табу үшін график тұрғызылады, оның горизонталь осі бойына өpic кернеулігі мәндері салынып, ал вер­тикаль осі бойына зерттеліп отырған материалдың магниттік индукциясы мәндері салынады. Магниттік индукцияның магнит өрісіндегі магниттік сызықтардың бағытына перпендикуляр орналаскан қандай да болмасын беттің ауданына көбейтіндісі осы бетті тесіп өтіп жатқан магниттік ағын деп аталады. Сонымен, магниттік ағын


Ф=BS (2.14)


мұндағы S — магниттік ағын тесіп өтіп жатқан беттің ауданы.
Егер де магниттік индукция В тесламен, ал беттің ауданы — квадрат метрмен берілсе, онда магниттік ағын вебермен (Вб) өлшенеді, яғни 1 Вб = 1 Тл • 1 м2. Вебер дегеніміз осы ағынмен ілініскен контурда 1 секунд ішінде ағын нольге дейін азайғанда 1 вольтка тең электр қозғаушы күші (ЭҚК) иидукцияланатын магниттік ағын, яғни Вб = В*с.

    1. Тогы бар өткізгіштердің әрекеттесуі



Егер де электр тогы жүріп жатқан екі немесе бірнеше өткіз-
гіштерді біріне-бірін параллель орналастырсақ, онда осы өткіз-
гіштер өздеріндегі токтардың бағытына байланысты өзара тарты-
лады немесе тебіседі. Өткізгіштердін осылай өзара әрекеттесуі -
әрбір тогы бар өткізгіштің айналасында магнит өрісі пайда болуының нәтижесі.

Қарама-қарсы бағытта өтіп жатқан токтары бар екі аб және вг (16а-сурет) өткізгіштерін қарастырайық. Өткізгіштер айналасында магнит өрістері бар. Бұранда ережесіне сәйкес осы өрістердің магниттік сызықтары суреттің төменгі бөлігінде көрсетілгендей бағытталған. Егерде жоғарыдан өткізгіштер бойымен қарасак, онда аб өткізгішінің айналасындағы магниттік сызықтар сағат тілінің бағытымен бағытталған, ал вг өткізгішінде — сағат тіліне қарсы. Сонымен, өткізгіштер арасындағы бұл сызықтар кеңістікте бірдей бағытта бо­лады және өткізгіштер, магниттің аттас полюстары өзара тебісетіні сияқты, бірінен-бірі тебіседі. Егерде осы өткізгіштер арқылы бір бағыттағы токтар жіберсек (16б-сурет), онда өткізгіштер ай­наласында туатын магнит өрісінің сызықтары өткізгіштер арасын-дағы кеңістікте қарама-қарсы бағытта болады. Сондықтан да өт-кізгіштер өзара тартылады.





16 Сурет – Тогы бар өткізгіштердің әрекеттесуі:
а) әр түрлі бағыттар; б) бірдей бағыттар
Ток өтіп тұрған өткізгіштердің арасындағы әрекеттесу күші осы I1 және I2 токтарының кебейтіндісіне, абсолют магниттік өтім-ділікке, сонымен катар ұзына бойына өткізгіштер біріне-бірі па-ралель жүретін l ұзындығына (жақындасу ұзындығы) тікелей пропорционал болып, өткізгіштердің ара қашықтығы α-ға кері пропорционал болады, яғни


F = µaI1 I2l/α (2.15)


Егерде сымдар магниттік емес ортада болса, яғни µа 0 = 4π10-7 В1С/(А*м), онда өткізгіштер арасындағы өзара әрекеттесу күші (Н)
Ғ = (I1 I2l/α)*10-7 (2.16)



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет