Себебі, Ол,
Алла – Әл-Уахид, ол жалғыз және барлығы оның
ғана әмірінде.
Мен сендердің әжелеріңдей, ана-
ларыңдай болғандарыңды кұп көремін. Менің
сендерге жиі айтатын бір сөзім бар еді ғой: «Қыз
баласына жар болу мен отынын жағар үйдің та-
балдырығын аттау сын емес, сый деп қабылдаң-
дар!». Сендердің әжелерің осы сөздің төркінін
түсінген, бағасын білген дана келін болды. Енді
сөзімді жалғап, Қоңыр әжелерің жайлы бір аңыз
айтып берейін. Тағы да өткенге оралды деп сөк-
пеңдер. Өткеннін үйретері де, күйретері де бар,
72
алтындарым. Бірақ қазір айтатыным – өмірлері-
ңе қажет азық... Сонымен, Бәйдібек бабаларың-
ның Қоңыр деген тағы бір қызы болған деседі.
– Өткендегі Мұрын әже сияқты ма, ата?
– Иә, ақылдым. Бір жылдары қатты жұт болып,
біраз бай малынан айырылып қалса керек. Сонда
Бәйдібек бидің үйір-үйір жылқысы аман қалып-
ты. Бидің малын аман-есен бағып шыққан, Әлім
руынан тарайтын Кішкене деген шопан бала еді.
«Малымды аман алып қалды» деп, Бәйдібек Кіш-
кенеге қызы Қоңырды береді. Содан Кішкене мен
Қоңыр шаңырақ көтеріп, қыздың төркінінде қал-
са керек. Тіпті Кішкененің кішкентай екі перзенті
де Қоңырдың елінде, турасын айтқанда, нағашы
жұртында дүниеге келеді. Себебі Кішкене өз елі-
мен «енді қайтып көрместей» араздасып кеткен
көрінеді. Уақыт өте Қоңыр әжелерің Кішкенеге
арызын айтып, қайын жұртына баруды, жұрт ал-
дында келін болып иіліп, сәлем салуға зар бол-
ғанын, ас қайырар ақсақалдарының ақ батасын
алуды аңсап жүргенін жеткізеді. Қайын ата, қа-
йын жұрттан «Бақытты бол», «Ұл тап», «Өркенің
өссін» дегенді естімесем, мен қайтып көгеремін
деп, Кішкенені өз еліне қайтуға көндіреді екен.
Бәйдібек би Қоңыр қызымның жасауы болсын
деп, Кішкене екеуінің алдына қора-қора қой са-
лып, үйірлі жылқысын айдатып аттандырады.
Айлап жол жүріп, Кішкене еліне жақындаған кез-
де Қоңыр мен балаларын жақын маңда қонды-
рады. Қоңырдың үйі тігілген жер кейінен «бай
Қоңырдың мекені» аталып кетіпті. Қазіргі Бай-
қоңыр қаласының атауы осыдан шықса керек…
73
– Мәссаған! Мұны білмеген екенбіз, ата. Сонда
бұл ақпарат қаншалықты рас?
– Атаңның есітіп-білгені ғой бұл, алтыным.
Оның рас-өтірігін болжап қажеті жоқ. Бұл жер-
дегі гәп мынада: Қоңыр әжелеріңнің сөзінде те-
рең мән жатыр. Жаңа өзің айтып қалдың, қазіргі
жастардың «тенденциясын»... Ондай тенденция
білместіктен болады. Шындығына келгенде, бар-
ған үйдің бабын тауып, батасын алу қыз баласы
үшін асқан бақ!
– Ата, осы «сәлем салуды» дұрыс деп санамай-
тын, салт-дәстүрді қажетсіз деп көретіндерді ақ-
тай аламыз ба? Қазір ондайлар көп қой.
– Мұны әжеңнен сұрағың, Аққуым. «Сәлем
салудың» қасиетін алпыс жыл бойы орындап
жүрген сол кісі, сол кісі саған менен гөрі жақсы
түсіндірер.
– Аққу, өткенде әжеммен осы тақырыпты
әңгіме етіп едік. Мен Бауыржан Момышұлының
келіні Зейнеп Ахметова әжеміздің «Күретамыр»
кітабын оқып отырып, сәлем салу жайлы жазға-
нын әжеге оқып беріп едім.
– А-а-а-а, не жазыпты, Қарлығаш?
– Зейнеп әжеміздің «Қайынаға иманды бол-
май, келін ибалы болмайды» деген әңгімесі бар
екен. Сонда бір келіннің салған сәлемі екі үй ара-
сындағы үлкен дауды тоқтатқаны жайлы өнегелі
әңгіме жазылған. Соны оқып беріп едім әжеге.
Жалпы, сәлем салу бізге қарапайым көрінгені-
мен, салмақты әрі қасиетті іс екенін түсіндім.
Сонда әжем былай деді: «Сәлем салғаның – ер
азаматым аман болсын дегенің». Мұның себебін
74
сұрағанымда әжем жауап берген жоқ, жай ғана:
«Өсерсің, өнерсің, түсінерсің, Қарлығаш» деп,
сөзін қысқа қайырды… Оған қоса: «Сәлем сал-
ған сайын үлкеннен қаншама бата аласың. Мұны
атам қазақ келінім көгерсін, өсіп-өнсін, бақытты
болсын, ғұмырлы болсын деген ниетпен дәстүрге
айналдырған болар. Мен алпыс жыл бойы қайын
жұртыма иіліп сәлем салғаныма еш өкінбеймін.
Есесіне үлкен әжелердің, апалардың, жеңге-
лерімнің: «Ұрпағың көп болсын» деген батасы
орындалып, сендердей жеті немерем дүниеге
келді. Үлкен қариялардың «Көп жаса» деген ба-
таларымен жетпістен асып, сексенге кетіп барам.
Міне, сәлем салудың бір сыры осында, жаным,
бата алуда» деп айтқан еді әже…
***
Осылайша махаббаттың шындығын іздеу-
ден басталған әңгімеміздің артынан біраз та-
ғылымдар айтылды. Ата-баба, әжелерімізді
еске алдық, олардың рухына Құран бағышта-
дық. Мен, әрине, іні-сіңлілерімнің атам айтқан
әр әңгімесінен өнеге алғандарын қалаймын.
Ал өзімнің көңілім сол бір махаббат тақыры-
бына ойыса береді. Соңғы кездері ішке жасы-
ра жүрген қиялшылдығымды, құпия сезімімді
Аққу да сезе бастағандай. Ол екеуміз тете өс-
кен соң бір-бірімізді жақсы түсінеміз, көп сыр-
ласамыз. Алайда жыл бойы жан дүниеме тыншу
бермей, өртеп келе жатқан осы бір сезім жайлы
атам мен құрбым Бибігүлден басқа жан баласына
ашып айтпағам. Айтуға қорықтым. Әлі де қорқа-
75
мын. Өзгелердің мені дұрыс түсінбей қалуынан,
күлкі болудан, мені «қияли» деп мазақтауы-
нан қорқамын. Кейде адам баласы өз еркінсіз,
белгісіз бір тылсым күштің орағына ілініп кетеді
екен. Солардың бірі мен болдым. Әжем мен атам
мен үшін махаббаттың дара үлгісі болғанан соң,
олардың «махаббаттың ең ұлысы – саналы ма-
хаббат» деген сөзіне құлақ түріп өстім. Әдебиет-
ке, кітап оқуға аса көп құмар екенімді байқаса
керек, атам қазақ классиктерінің барлық туын-
дыларын, ол мейлі өмірбаяндық эссе, әңгіме, по-
весть немесе бірнеше томдық роман болсын оқы-
та беретін, тоқыта беретін. Әсіресе, таза махаб-
баттың үлгісі боларлық шығармаларды оқуға
баулып өсірді. Солардың ішінде мен үшін орны
бөлек, үйдегі кітап сөрелерінің қол жетер жерін-
де тұратын, аптасына не айына бір рет ашпасам
жаным жай таппайтын шығарманың авторы
– Әзілхан Нұршайықов. Атам Нұршайықовтың
«Мәңгілік махаббат жырын» қолыма он төрт жа-
сымда ұстатты. Дәл сол жылы шаңырағымызда
үлкен қуаныш болды, егіз інілерім дүниеге келді.
Бірінің есімін бала болсам да ерекше сыйлап,
қаламгерлік қабілетіне тәнті болған сүйікті жа-
зушым – Әзілхан Нұршайықов сияқты адалдық-
қа жаны жақ азамат болсын деп, ырымдап, өзім
қойдым. Ал оның сыңарына заңғар тұлға, Алаш
көсемі – Әлихан Бөкейханның атын қойдық. Әу-
летіміздегі егіз оғланды осылай атадық.
Нұршайықовтың шығармашылығына қазіргі
жасымда екі есе қызыға бастадым. Шығармашы-
лығынан бөлек, жазушының махаббат жайлы
76
толғаныстарын, өмір өрнектерінен өрілген тол-
ғамды ойларын ерекше ынтызарлықпен іздеп
оқимын. Жақында оның «Өмір өрнектері» шы-
ғармасымен таныстым. Шығармадағы «Алғаш-
қы махаббат» тақырыбына арналған бөліміне
көзім бірден түсе кетті. Мені жазушының шы-
ғармасының бірден баурап алатыны – шынайы-
лығы, асыра пәлсапалыққа бармай, қалай бар,
солай толғайтыны ұнайды. Заңғар қаламгердің
шығармасын талдайтындай хақым жоқ, әрине,
дегенмен ойымды жалғауға рұқсат етсеңіздер:
Нұршайықов: «
Достарыңызбен бөлісу: |