Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет35/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

Ол, Алла – Әл-Бәрр, яғни, ізгілік істеуші 
ғой
. Құлдарына ізгілік жасаушы мейірбан Алла 
маған да қамқор болады. Бір күні жеңілдеймін. 
Бір күні өмір жолымда Қасымханмен де кезде-
семін. Сенемін… Бұл сезімнің бекер емес екеніне 
де сенемін. Бір жақсылығы барына да сенемін. Ал 
қалғаны тек Тәңірдің қолында.
Аллаға тәуекел етуді үйренген 
 
немерең, жердегі Қарлығашың!


166
Оныншы хат 
Тағы да мен, ата! Ақ құсың – Қарлығашың… 
Ата, осыған дейін жазған хаттарымды оқып 
отырып, біраз қысылып қалдым. «Махаббат», 
«сезім» деп, басқа ойларымды жазуды ұмытып та 
кетіппін. Кешірші… 
Ата, немерелеріңнің барлығы аман-сау. Мен 
француз тілінің курсын толық аяқтап, марапат 
қағазын алдым. Испан тілінен біраз қиналып 
жүрмін, көбірек кино көріп, тәжірибе жинау қа-
жет. Ендігі арманым – Парижге бару. Сіз маған: 
«Шетелге көбірек шық. Қазір мүмкіндік көп қой, 
ел көр, жер көр. Сенің көкірегің ілімге толса, 
ұрпағың да сауатты болады» деп айтатынсыз. 
Міне, ата, биыл Еуропаның біраз елдерін аралап 
келу ойда бар. Оған қоса биыл оқуымды бітірем 
ғой. Магистратураны да шетелде оқып келсем 
деймін. Ата, айтпақшы, ағылшын тілінен тапсы-
рамын деп жүрген IELTS деген емтихан бар еді 
ғой, өткен айда тапсырып, жақсы балл жинадым. 
Мендегі жаңалық осы. Дипломымды жазып, сту-
денттік шақтарды, достарымды қимай жүрмін. 
Алда тағы мақсат, белестер тұр. 
«Сұлу келіншегің де» ортамызда аман жүр. 
Өзіңді сағынады, әрине. Қатты сағынады. Аль-
бомдағы сарғыш тартқан суреттерді ақтарысып 
отырып, өзіңді іздейді. Өзің киген көк шапанды 
басына жастап жүргелі қашан. Төрде қалып кет-
кен жайнамазыңды, тәспіңді, бетін ашпай ұй-
қыға кетпейтін «Құраныңды» құшағына басып, 


167
бір жылап алады. Оны біз білмейді деп ойлайды. 
Оны біз бәрібір де біліп қоямыз, ата. Есік жаққа 
елеңдеп, терезе жаққа тебендеп қарап, бір-бір 
күрсініп алады. Е, әжем азаматын, ардақтысын 
жерден іздейді, бірақ таппайды. Ал сен көктесің 
ғой, ата… 
Әжем ерте тұрып есік алдын реттеп, келін-ба-
ласының тірлігін бір түгендеп қояды. Немере-
лерінің жүрген жүріс, киген киімін көзбен бағып, 
ылғи күншуаққа шыққансып жүреді. Өзі өте қу. 
Жай айтам, ата, өзің айтқандай, әжем өте ақыл-
ды ғой. Әжеме қарап әйелдердің мықтылығына, 
өжеттілігіне тәнті боламын. Өмірлік серігінен 
айырылса да, баласы үшін, ұрпағы үшін бойын 
тіктеп, рухын сындырмай отыр. Себебі ананың 
көрсеткен күйреуік күйзелісі, көлдей көз жасы, 
удай уайымы қасындағы балаларының жан-тәні-
не, тағдыр талайына тікелей кері әсер ететінін 
біледі. Әйелді нәзік жаратылыс деу қате екен, 
ата. Мүмкін, болмысы нәзік шығар, бірақ рухы 
мықты әйел затының. «Ой, айнанайын, оны қай-
дан білесің?» дейсің ғой. Білем. 
Ата, есіңде ме, сен бізге жазықсыз түзету ла-
герьлеріне түскен Алаш арыстарының әйелдері, 
олардың сол лагерьлерде көрген азапқа қара-
мастан сынбаған рухы жайлы айтқаныңда, Аққу 
екеуміз көз жасымызды тия алмай отыратынбыз. 
«– Қазақ аналарының мықтылығын алысқа 
бармай-ақ түзету лагерінде азаптың азабын көр-
ген әйелдердің тағдырына қарап-ақ айтуға бола-
ды, алтындарым. 


168
– 
Иә, ата, талай Алаш арыстарының әйелдері 
сол лагерьлерде қандай азапты көрді.
 
Ойласам, 
жүрегім ауырады… 
– Алла алдарынан жарылқасын... Бейімбет-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет