Белгісіз...
Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге,
Ал қазір тоңған жүрек,солған кеуде.
Мұқағали Мақатаев
Бәрі неден басталды? Бәрі дос жай ғана дос болудан басталды... Жай ғана дос болудан. Кейде адам ата анасынан да, жақындарынан да алыстап, досына көп сенеді екен. Бәрі сол 7 жасар балалардың бір біріне: «біз әрқашан бірге боламыз» деген сөзінен басталған еді.
Pov автор:
Аружан: Қаладағы ең мықты кәсіпкердің қызы. Аділжан есімді егізі бар. Аралары жиырма минут. Яғни, Аділжан үлкен.
15 жыл бұрын. Ару: пап, пап маманы құтқаршы. Үй жанып жатыр пап. Болшы папа. Бол.
Тілсіз жау кең сарайды жалмап барады. Бәрі күл болды. Жанып кетті.
Арт жақтан енді ғана келген кішкентай бала абдырап, тілсіз, таңғалған күйі үйге қарап тұр. Бұл бала Аружан досы Асылжан еді. Асыл: іште анам мен әкем қалып қойды. Көке олар іште қалып қойды ғой. Көке олар... Көке.. Жылаған бала жерге отыра кетті. Қос қанатынан айырылған құс сияқты. Енді ұша алмайды, себебі оны демейтін қанат жоқ.
Осылайша он бес жыл бұрын екі отбасы өзіне жақын жандарынан айырылған еді. Кішкентай Аружан мен Аділжанның аналарынан, ал Асылжанның бірден әкесі мен шешесінен айырылып қалатынын кім білген. Кеше ғана бақытты өмір сүрг