Махамбет Өтемісұлының сыншыл-шыншыл толғаулары. Ақын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер


Махамбеттің өлеңдері негізінен 3 тақырыпқа арналған



бет2/8
Дата14.04.2022
өлшемі4,93 Mb.
#31031
1   2   3   4   5   6   7   8

Махамбеттің өлеңдері негізінен 3 тақырыпқа арналған.

03


Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың ақыны.

Ақын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер: «Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асынбай», «Атадан туған аруақты ер», «Ұл туса», «Мен сұңқардан туған құмаймын», «Арқаның қызыл изені», «Желден де желгір ақбөкен», «Күн қайда», «Бағаналы терек жарылса» т.б

Махамбеттің философиялық – дүниетанымдық жағынан терең өлеңдері: «Орай да борай қар жауса», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние», «Еменнің түбі сары бал», «Аспандағы бозторғай», «Пыр – пырлай ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Қарағай шаптым шандоздан».

Халық тұлғасы мен Исатай батыр бейнесі жырланған шығармалары: «Исатай деген ағам бар», «Кел, кетелік», «Жақия», «Әй, Махамбет, жолдасым!», «Мінгені Исатайдың Ақтабан – ай!», «Соғыс», «Тарланым», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Есіл ер», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұңайма», «Айныман», «Біз ер едік», «Қызғыш құс» т.б. өлеңдері.


  • «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты.
  • «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады.
  • «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген.
  • Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арналған өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды.

Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет