Үш даусыз Үш арсыз Үш тәтті
Мінез 1. Ұйқы арсыз 1. Жан тәтті
Кәрілік 2. Күлкі арсыз 2. Мал тәтті
Ажал 3. Тамақ арсыз 3. Жар тәтті
Үш ғайып Үш қадірлі Үш қуат
Ажал ғайып 1. Ырыс 1. Ақыл қуат
Қонақ ғайып 2. Бақ 2. Жүрек қуат
Несібе ғайып 3. Дәулет 3. Тіл қуат
Яғни халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізеді. Тек бертін келе ғана оқу-білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезеңде ғылыми педагогика дүниеге келді. «Ұлттық тәрбие» пәнінің тиімділігі мен мазмұнын арттырудың ғылыми негізі толық қаланып, бүгінде ол жаңа тәжірибелермен байытылуда.
Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.
Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы -өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету –ұстаз қауымының бірінші міндеті деп білемін.
Достарыңызбен бөлісу: |