Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет33/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   150
Бірінші  кезең  –  иіруге  талшықты  материалдарды  дайындау.  Бұл 
кезеңде талшықтар келесі өңдеулерге түседі: 
1. Қоспаның  компоненттерін  алдын-ала  қопсыту, тазалау, майлау, 
компоненттерді араластыру және кардты тарау машиналарында тарау. Бұл 
процестердің барлығы ПЛГ-Ш ағынды желісінде жүзеге асырылады. 
2.  ЛМШ-220  типтес  екі  өрісті  таспалы  машиналарда  бірнеше 
таспаларды созу және қабаттау (үш ауысым). 


38 
 
3.  Оқтынды  қозғалысты  тарақты  тарау  машинасында  таспаны 
тарақты тарау. 
4. Екі  өрісті таспалы машиналарда таспаларды созу және қабаттау. 
5. Оқтынды қозғалыстағы аппараттарда немесе  таспаны бояу және 
үтіктеуге арналған ағынды желісінде таспаларды бояу. 
6.  40  таспаға  дейін  өңдеуде  жуу-кептіру-үтіктеу  агрегатында 
таспаларды үтіктеу және оларды астауға төсеу. 
7. Екі өрісті таспалы машинада (екі ауысымда) созу және қабаттау. 
Бірінші ауысымда таспаны майлау. 
8.  Оқтынды  қозғалыстағы  тарақты  тарау  машинасында  боялған 
таспаларды қайталап тарақты тарау. 
9. Екі өрісті таспалы машинада (екі ауысымда) созу және қабаттау. 
Соңғы  ауысымда  созудың  автореттегіші  бар  таспалы  машина 
қолданылады. 
Осымен өңдеудің бірінші кезеңі аяқталады. 
Өндірілген  таспалардың  талшықтары    жақсы  түзуленген  және 
сызықтық тығыздығы бойынша тегістілігі жоғары болып келеді. 
Таспаны  ары  қарай  өңдеу  алдында,  талшықтардың  бетінде 
электростатикалық  зарядтарды  төмендету  үшін,  талшықтардағы 
релаксациялау  процестердің  жүруін  жылдамдату  үшін  және  талшықтың 
бүкіл  салмағында  майлағыштардың  тегіс  жатуы  үшін  75-85% 
салыстырмалы  ылғалды  ауада  және  18-20
0
С  температуралы  арнайы 
бөлмеде 12-16 тәулік бойы ұстайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет