Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет38/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   150
 
Ширату машиналары 
 
Ширату  машиналары  төзімді,  біркелкі,  тегіс,  тепе-тең  салмақты 
ширатылған жіп алу мақсатымен қабатталған жіпті ширатуға арналған. 
Ширатылған  иірімжіп  түріне  байланысты  ширату  машиналарын 
ауыр  және  жеңіл  деп  бөледі.  Тоқымашылық,  трикотаж,  перде 
өндірістерінде қолданылатын иірімжіптерді ширату, екі қабаттау арқылы 
жеңіл  типті  машиналарда  жүзеге  асырылады.  Ауыр  типті  машиналарды 
көбінесе  техникалық  белгілеудегі  иірімжіп  өндіруге  қолданады.  Бірақ 
мұндай  жағдай  біртекті  жіптердің  бірнешеуін  байланыстыруды  талап 
етеді  (30  дейін).  Екі  типті  машиналарда  да  ылғал  және  құрғақ  ширату 
болады. 


43 
 
Жеңіл  типті  ширату  машиналарының  негізгі  механизмдеріне 
қоректендіргіш  қондырғысы  және  ширатып-орау  механизмі  жатады. 
Қабатталған  жіп,  қоректендіргіш  рамада  горизонталь  бұрышпен 
орналасқан (9,б-сурет) бобинадан 2 таяқшаға 3  қарай бағытталады, және  
жіпжүргізгіштің  4  көзінен  өтеді,  тегіс  төменгі  цилиндрден  6  және  өзі 
тиейтін  біліктен  5  тұратын  шығару  аспабына  бағытталады.  Шығару 
аспабынан  иірімжіп,  қоректендіргіш  үзгішінің  ілгегі  7  арқылы 
жіпөткізгішке  8  өтеді,  жүгіртпені  9  айналып  өтіп,  ширатылған  қалыпта 
ұршыққа  11  кигізілген  тікиіршікке  10  оралады.  Қоректендіруді  үзгіш, 
өзара  қатты  байланысқан  және  айналу  осьі  бар  сына  рамадан  және 
ілгектен  7  тұрады.  Сына  рама,  шығару  аспабына  кіретін  жіппен  жұмыс 
қалпында  ұсталынып  қалады.  Жіп  үзілгенде  немесе  шығып  кеткен 
жағдайда рама ось шеңберінде айнала  отырып төмен түседі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет