Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет62/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   150
Ұсақ өрнекті өрімдер. 
Негіз жіп бойынша 32-ден жоғары емес әртүрлі айқасқан жіптерден 
тұратын ұсақ өрнек түріндегі тоқыма суреті бар және эксцентрикті немесе 
кареткалы  тоқыма  станоктарында  өндірілетін  матаны  ұсақ  өрнекті  деп 
атайды. 
Ұсақ  өрнекті  өрім  тобына  туынды  өрімдер  жатады.  Оларды  негізгі 
өрімдерінің түрін өзгерте  отырып алады, сондықтан оларды туынды деп 
атайды.    Туынды  өрімдер  туынды  жаймалы,  саржалы,  сатинді  және 
атласты өрімдер деп бөледі. 
Жайма  өрімдерінің  туындылары.  Оларды  негіз  немесе  арқау 
жіптердің  бағыты  бойынша  жалғыз  жабындыларды  күшейту  жолымен 
немесе  жаймалық  айқаспалы  жіптердің  екі  жүйесінің  бағыты  бойынша 


71 
 
бірмезетте  күшейтумен  алады.  Жалғыз  жабындылардың  күшейтілетін 
бағытына байланысты туынды жаймалық өрімдерді, негізгі және арқаулы 
репс, рогожка деп бөледі. 
Негізгі  репсті  негіз  жіптер  бойы  негізгі  және  арқаулы 
жабындыларды  көбейте  отырып  алады.  Негізгі  репсті  бөлшекпен 
белгілейді, бөлімі негізгі жабындыларды күшейту дәрежесін көрсетеді, ал 
алымы – бірінші негізгі жіптің арқау жабындысын жоғарылату дәрежесін 
көрсетеді.  Мысалы,  3/3  негізгі  репс  (19,а-  суретін  қара)  раппорт 
шектеуінде  негізгі  және  арқау  жабындыларын  3  есе  күшейту  арқылы 
алынған.  Негізгі  репс  үшін  негіз  бойынша  раппорт  жайма  өрімінің 
раппортына  тең,  яғни 
2

H
R
.  Арқау  раппорты  тең  жайма  өрімнің  арқау 
раппорты  көбейтілген  жоғарылату  дәрежесіне.  Қарастырылатын  мысал 
үшін 
6
3
2



a
R
.  Матаның  бетінде  ұзартылған  негізгі  жабындылардан 
матаның сыртқы және ішкі жақтарында көлденең  ши-ши  пайда болады. 
Ши-ши  бедерлігін  жоғарылату  үшін 
а
Н
Р
Р 
  және 
а
Н
Т
Т 
  болуы  қажет. 
Негізгі  репсті  өрімді  мата  тоқу  үшін  қатарлы  және  шашыраңқы 
сабақтауды қолданады. 
Арқаулы  репс  негіз  репс  принципі  бойынша  жасалынады,  бірақ 
арқау жіп бағытында жайма өрімінің негізгі және арқаулы жабындыларын 
күшейту  жолымен.  Арқаулы  репсті  негізгі  репске  ұқсас  белгілейді. 
Арқаулы репстің арқау бойынша раппорты жайма өрімнің арқау бойынша 
раппортына  тең,  яғни 
2

a
R
,  ал  негіз  бойынша  раппорт  күшейту 
дәрежесіне пропорционал түрде жоғарылайды. 18,б – суретінде 
6
3
2



a
R
 
болатын  3/3  арқау  репсті  өрім  көрсетілген.  Арқаулы  репс  өрімді  мата 
тоқыған  кезде  оның  бетінде  ұзартылған  арқау  жабындыларынан  ұзына 
бойы ши-ши пайда болады. Бедерлі ши-ши өрімін алу үшін 
H
a
P

 және 
H
a
T

. Арқау  репсті  мата  тоқыған  кезде  матаның  1  дм-дегі  негіз  жіптер 
санына  байланысты  сурет  бойынша  ремизкаға  негіз  жіптерді  сабақтау 
және  қатарлы  сабақтау  қолданылады.  Мұндай  матаны  тоқу  қиындау 
болады. 
Жайма  өрімнің  раппортында  тек  бір  жіп  негіз  немесе  арқау 
бағытында күшейткен кезде жартылай репс деп аталатын өрім алынады.  
Негізгі жартылай репс бөлшекпен белгіленеді, алымы – бірінші негіз жіп 
бағыты  бойынша  күшейту  дәрежесін  көрсетеді,  ал  бөлгіш    -  осы 
бағыттағы арқаудың  жалғыз жыбындысын көрсетеді. Арқаулы жартылай 
репстің  алымы  -  өрім  раппортындағы  бірінші  арқау  жіп  бағытындағы 
негізгі  жабындыларды  күшейтуді  көрсетеді,  ал  бөлімі  –  осы  бағыттағы 
жалғыз  арқау  жабындысын  көрсетеді.  Бұл  өрімнің  түрі  сирек 
қолданылады. 


72 
 
Рогожка  өрімін  негіз  және  арқау  бағытында  (19,в-суретін  қара) 
жаймалы  өрімнің  арқаулы  және  негізгі  жабындыларын  бір  мезетте 
күшейту  кезінде  алады.  Бұл  өрім  де  бөлшекпенен  белгіленеді,  алымы 
жалғыз  негізгі  жабындының  негіз  және  арқау  бағыттары  бойынша 
күшейту  дәрежесін,  ал  бөлімі  –  раппорттың  екінші  жабындысын 
көрсетеді.  Рогожка  өрімінің  раппорты  бөлшектің  алымы  мен  бөлімінің 
қосындысына тең 3/3 рогожка өрімі үшін өрім раппорты 
6


а
Н
P
P

Рогожка  өрімімен  мата  тоқыған  кезде  қатарлы  сабақтауды  немесе 
сурет бойынша сабақтауды қолданады.  
Жалғыз  жабындыларды  күшейту  дәрежесін  таңдау  үшін  мынаны 
есепке  алу  қажет:  орташа  сызықтық  тығыздықтағы  жіптерден  мата 
тоқыған кезде жабынды ұзындығы 3-4 мм-ден аспау қажет. 
Егер  жаймалы  өрім  раппортының  бірінші  және  екінші  жіптердің 
жалғыз  жабындысын  күшейтудың  әртүрлі  дәрежесі  қолданылса,  онда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет