Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста қазақ тіл біліміндегі лексикалық семантиканың ғылым саласы ретінде пайда болып қалыптасуы мен дамуы жүйеленіп талданды. Тіл табиғаты туралы Ш.Бекмағамбетов ұсынған тілдік негіздер теориясы тұрғысынан талдамалар жасалып, оның өзіндік ерекшеліктері түсіндірілді.
1. Диссертацияда сөз семантикасын зерттеудің мүлде жаңа бағыты – тілдік негіздер арқылы зерттеу бағыты көрсетілді.
2. Тілдік негіздер теориясы арқылы көптілді салыстырмалы таңба-нышандық сөздік жасау үлгісі берілді
3. Уп тілдік негізіне қатысты 300-ден аса сөздің пайда болуының таңба-нышандық негіздері көрсетіліп, олар семантикалық өрістер бойынша ұяларға топтастырылды.
4. Сөз семантикасын тек бір ғана тілдің (қазақ тілінің) емес, қазірде генетикалық жақтан өзара туыс деп есептелмейтін орыс, ағылшын түркі тілдері деректері арқылы зерттеудің тәжірибесі көрсетілді.
Бұлардың барлығы да тіл білімінде бұрын қарастырылмаған жаңа бағыттағы ізденістер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |