Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен.

Майлықожа әуелі үйде, әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен.
Майлықожа 14 жасқа толғанда әке, шешесі бірдей өліп, жеті жасар Есехан деген інісі екеуі жетім қалады, тумысынан пысық Майлы жетімдікке бой алдырмай, басқа түскен ауыртпалықтарға қарсы тұрып, күнкөріс қамын жасайды. Бірақ, қамқорсыз қоғамдағы жетімдердің аянышты тағдыры оған да ортақ болады. Сондықтан болса керек, ақын өзінің жетілу жолын еске алғанда былай дейді:

Әкеден жастай қалған жетім едім,
Көп көріп таршылықта жетіп едім.
Жетім боп, он төртімде қалғанымда,
Амалым жоқ қылатын, өкінемін.
Есехан, мен әркімге қызмет етіп,
Боп кетті-ау қара құлдай кескіндерім.
Майлықожа 1860 жылдары Сырдан Әулиеатаға келіп, Сыпатай батыр асына Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағысқан. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы “Жаңа әдебиет” журналында басылды. Ақын Сыпатай асының бастаушысы болып жүрген Есім деген байдың құрметіне разы болмай, оны сынайды. Өлеңнің жалпы көлемі – 68 жол. Онда басқа рудан келген қонақтардың елеусіз, құрметтен тыс қалғаны сөз болды.
Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. 1883 жылы Ташкент қаласында басылған “Қырғыз хрестоматиясы” атты жинақта Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады. Олар – “Райымқұлға”, “Қасқыр”, “Ноғай мырза”, “Үш жігіт” деп аталады. Ақынның бұл өлеңдерінің жалпы мазмұны адамгершіл ұғымдағы ғибрат сөздер.

Майлының “Райымқұлға” деп аталатын ғибратты ұзақ толғауында ақын Райымқұл деген біреудің осындай ұнамсыз қылығын, оның дүние үшін өз ағайыны Ақмолланы өлтірмек болғандығын айыптайды.

Майлықожаның, әсіресе, “Ноғай мырзаға” деген ұзақ толғауының мазмұны көңіл аударарлық. Ақын оны адал азамат болуға, адамгершілікке шақырады.

Майлықожаның “Ноғай мырзаға” толғауы былай басталады:
Ботпай деген туғаным
Мүбәрәк болсын дұшпанға.
Атқа мінген жау болса,
Соңынан іздеп қуғаның...
Киік атар сұр мерген
Дүние өтпес кімдер деп.
Өкініш қалар ненде деп,
Өтіп бір кеткен күндерден...
Майлының кейбір өлеңдері мысалға ұқсайды. Ол Мәделі дәстүрінде адам әрекеттерін хайуанат әрекетіне балап бейнелеген. “Бұлбұл”, “Қасқыр”, “Үш жігіт”, “Тотықұс” – сияқты шығармалары бар.

Майлы - өлең мен өнер қадірін білген мәдениетті ақын. Ол ақын шабытына, сөз шеберлігіне, шығармасының терең ойлы болуына мән беріп, өзі де халқының, елінің керегіне жарар сөздер қалдыруға күш салған. Өзінің “Тәтті жырым төгілсін” өлеңінде халыққа шын ниеттен қызмет ету енгізгі мақсат болғанын ашық айтады. Өнер, өлең, ақын, халық деген ұғымдарды Майлы ұштастыра жырлап, олардың арақатынастарын жымдастыра толғайды.