Макаримова Алтынай БЖ-414
Еңбек өтілі
Еңбек өтілі - қызметкердің еңбек және басқа қоғамдық пайдалы қызметінің ұзақтығы. Жалпы, үздіксіз және арнаулы Еңбек өтілі түрлеріне бөлінеді. Жалпы стажға жұмысшы немесе қызметші ретіндегі жұмыстың сипаты мен нақты мазмүнына, үзілістеріне қарамастан жиынтық ұзақтығы, қызметкер мемлекеттік сақтандыруға жатқызылған кез келген жұмыс, әскерде қызмет өткерген, партизан отрядтарында болған уақыт, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарындағы, әскерилендірілген күзеттегі қызмет, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, колледждерде (училищелерде), мектептерде, кадрларды даярлау, біліктілікті көтеру, қайта біліктілік алу курсрында, магистратурада, аспирантурада, ординатурада, доктарантурада күндіз оқыған уақыт, жұмыстан мәжбүрлі түрде қалған,ауырған, түрмеде және айдауда болған (кейіннен ақталған жағдайда) уақыт, т.б. кіреді. 0л еңбек зейнетақысын тағайындау кезінде қажет.
Үздіксіз стаж — бір кәсіпорында үздіксіз жұмыс істеген уақыттың ұзақтығы. Заңда көзделген реттерде оған басқа кәсіпорындардағы бұрынғы жұмыс немесе өзгедей қызметте есептеледі,мысалы , бір жұмыстан басқа жұмысқа ауыстырылғанда немесе көшірілгенде, үзіліс белгілі бір кезеңнен аспаса, есептеледі.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы толеу кезінде басқада жағдайларда пайдаланылады. Aрнаулы стаж жұмыстың, халық шаруашылығы саласының, еңбек жағдайының (жер астындағы, ауыр, зиянды жұмыстар мен басқа да жағдайлар) белгісі бойынша айқындалады. Жеңілдікті зейнетақы тағайындау кезіңце еңбек сіңірген жылдары үшін сыйақы белгілеу кезінде ескеріледі.
Жалпы, арнайы және үздіксіз еңбек өтіліболады. Жалпы еңбек өтілі – болған үзілістер есепкеалынбайтын еңбектік немесе басқа да қоғамдық пайдалы қызметтің жиынтық ұзақтығы. Осы өтілді ескере отырып,қарттық бойынша немесе жалпы сырқаттанунәтижесіндегі мүгедектік бойынша зейнетақылар,
сондай-ақ осындай сырқаттар нәтижесінде қайтысболған асыраушысынан айрылу жағдайлары бойыншазейнетақы тағайындалады. Арнайы еңбек өтілі – еңбектік немесе басқа да қоғамдық пайдалы қызметтің жиынтықұзақтығы, тек мазмұны бойынша немесе еңбекжағдайлары бойынша, оның ішінде еңбек өтілі өткенклиматтық жағдайлар бойынша жалпы еңбек өтілінен бөлініп алынған еңбек өтілі. Жұмыстың мазмұныбойынша бөлініп алынатын арнайы еңбек өтілі еңбексіңірген жылдар бойынша зейнетақы тағайындау үшінмаңызды; еңбек жағдайлары және еңбек қызметі өткенжер бойынша еңбек өтілі зейнетақымен қамсыздандыру саласында белгілі бір жеңілдіктерге құқық береді.Жерасты жұмыстарында, зиянды еңбекжағдайларындағы жұмыстарда және ыстық цехтардажұмыс істегендерге барынша кең ауқымды жеңілдіктерберіледі.
Үздіксіз еңбек өтілі – бір кәсіпорынындағы (мекемеде, ұйымда) үздіксіз немесе бірнеше кәсіпорындарда, тек егер бір кәсіпорыннан екіншісінеауысу кезінде белгіленген тәртіп бойынша еңбек өтілінің үздіксіздігі сақталған жұмыс ұзақтығы. Еңбек өтілінің бұлтүрі негізінен уақытша еңбекке жарамсыздық бойыншажәрдемақы белгілеуде және зейнетақыға үстеметағайындауда маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |