Макет заголовка



бет1/12
Дата07.01.2022
өлшемі5,77 Mb.
#17680
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
2 зертханалық сабақ

Жыныстық циклдің феномендері, түліктік ерекшеліктерін анықтау әдістері. Күйіттеуші малдарды дайындау және пайдалану. Буаздықты анықтаудың клиникалық және лабороториялық әдістері.

2-Зертханалық сабақ

Жыныстық және физиологиялық жетілу

Малдың өсіп-өну, төл беру қабілеті тек қана жыныстық жетілген кезеңнен басталады. Бұл кезде жыныс мүшелерінде, эндокринді жүйесінде, бүкіл ағзада өте күрделі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда ұрық безінде фолликулдер өсіп жетіле бастайды, аналық ұрық безінде жыныстық гормондар пайда болады. Бұл гормондардың әсерінен (эстрон, эстрадиол) ұрғашы малдың өзіне тән ерекше белгілері айқындала бастайды, жыныстық мүшелері өсіп жетіледі мал күйлейді, яғни жыныстық цикл қалыптасады. Осы кезден бастап ұрық безіндегі овогенез үдерісі белгілі бір мерзімде, әрдайым қайталанып отырады да, мал қартайғанға дейін жалғаса береді. Сүт бездері де өсіп дами береді.


Жыныстық жетілудің мерзімі әртүрлі факторларға байланысты, яғни малдың түлігі, тұқымы, жынысы, климат, азықтандыру, бағып-күту, күйіттеуші еркек малмен қатынаста болу дегеннің бәрі де әсер етеді. Неғұрлым өмірі қысқа болса, оның жыныстық жетілуі ерте дамып, бағып-күтімі жақсы малдың жыныстық жетілуі де тезірек болады. Жыныстық жағынан жетілген малды сол кезден бастап-ақ қашыруға ұрықтандыруға болмайды, себебі бұл кезде организм әлі толық жетілмеген, жамбас сүйектері тар. Мұндай жас малдың буаздығ анасының организміне де (өспей қалады), іштегі төлдің дұрыс дамуына да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан ұрықтандыру үшін малдың жыныстық жетілуімен қатар, организмнің физиологиялық, яғни толық жетілуін күту керек.

Физиологиялық тұрғыдан толық жетілген малдың сыртқы пішіні және тірілей салмағы ересек малдың 65-70% құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет