Макроэкономика


Р. Солоудың экономикалық өсу моделі



бет69/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85
Байланысты:
treatise137692

8.3 Р. Солоудың экономикалық өсу моделі
Р. Солоудың экономикалық өсу моделі – жинақтардың, еңбек ресурстарының өсуі мен ғылыми-техникалық прогресстің халық тұрмысының деңгейі мен оның динамикасына әсер етудің механизімін айқындайтын экономикалық өсудің неоклассикалық моделі.

Р.Солоу моделі 1956 жылы әзірленді және экономикалық өсудің теңгермелі траекторияларын зерттеуге арналған.

Неоклассикалық мектептің келесі алғышарттарында құрастырылған:


  • Өндірістік факторлар нарығында жетілген бәсекелестік және толық жұмысбастылық;

  • Игіліктер нарығында бағалардың икемділігі;

  • Масштабтан үнемі қайтарылу;

  • Капиталдың кемімелі өнімділігі;

  • Капитал кетуінің тұрақты нормасы.

Өндіріс көлемі Ү капитал қорларымен К, еңбек мөлшерімен L және қолданылатын технологиямен анықталады:
Y = F(K, L)
Алғашында еңбек мөлшерін өзгеріссіз деп есептейміз. Тұрақты ауқым нәтижесі орын алады деп алсақ, яғни кез келген оң сан λ үшін F(λK,λL) = λF(K,L) болғанда, бір жұмысшыға (еңбек бірлігіне) шаққандағы айнымалыларға өткен ыңғайлы:

– бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым,

– капиталмен қарулану, яғни бір жұмысшыға шаққандағы капитал.

Егер де деп алсақ, онда немесе шығады.


Онда бір жұмысшыға шаққандағы өндірістік функция келесі түрде жазылады:

y = f(k), мұнда f(k) = F(k, 1)


Капиталдың шекті өнімі капитал өзгерісінің бірлігіне шаққандағы шығарылымның өзгерісіне тең:

Алым мен бөлгішті L-ге бөліп, бұлайша жаза аламыз:



.
Шегінде ∆k нөлге ұмтылады, капиталдың шекті өнімі f(k) өндірістік функцияның туындысына тең екендігін аламыз, яғни МРК = f ´(k). Туындының геометриялық мағынасына сәйкес мынадай қорытындыға келеміз: капиталдың шектік өнімі өндірістік функция графигіне жанасып өтетін сызықтың көлбеуіне (бұрыштық коэффициентіне) тең (8.2 сурет).


8.2-сурет. Өндірістік функция
Жабық экономикада таза экспорт нөлге тең, сондықтан мұнда негізгі макроэкономикалық теңдікті келесі түрде жазамыз:
,

яғни өндірілген ұлттық өнімнің барлығы С тұтыну мен І инвестицияларға бөлінеді. С тұтыну құрамына мемлекеттік тұтыну да, мемлекеттік сатып алулар да енеді. Бұл теңдіктің екі бөлігін L жұмысшылар санына бөлейік. Сонда бір жұмысшыға шаққандағы шығарылымның у бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну c=C/L мен бір жұмысшыға шаққандағы инвестицияларға i=I/L бөлінетініне келеміз (8.3 сурет):



y = c + i

8.3-сурет. Бір жұмысшыға шаққандағы шығарылымның

тұтыну мен қорлануға бөлінуі


s = i / y қатынасы қорлану мөлшерлемесі (нормасы) деп аталады. Ол шығарылымның қандай үлесі қорлануға жұмса­латынын көрсетеді. Қорлану нормасының мәні 0 мен 1 шегінде болады. Шығарылым y = f(k) болғандықтан, бір жұмысшыға шаққандағы инвестициялар тең i = sf(k), ал тұтыну c = (1 – s) f(k) болады.

Мысалы μ – амортизация нормасы болсын. Ол тозу себебінен жыл сайын шығарылатын капитал үлесі. Жыл сайын К капитал запасы І инвестициялар көлеміне ұлғаяды да, μК тозу мөлшеріне азаяды, яғни капитал запасының өзгеруі мынаған тең:


.

Мұны жұмысшылар санына бөліп, Солоу моделінің басты теңдеуін аламыз:



Δk = sf(k) - µ. k.
Ол таңдалған қорлану нормасына байланысты капиталмен қаруланудың бір жыл аралығындағы өзгеруін анықтайды.

Р. Солоу моделіндегі технологиялық өзгерістер.

Экономикалық өсу капиталмен жабдықтауды ұлғайту есебінен емес, ғылыми-техникалық прогресстің есебінен жүзеге асырылу керек деген ой Р.Солоу моделінде өзекті болып табылады.

Сонымен, моделге техникалық прогресстің енгізілуі алғашқы өндірістік функцияны өзгертеді:

мұндағы, ТТ – еңбектің тиімділігін бейнелейтін айнымалы; LT– тиімді еңбек.

Егер бір қызметкерге деген еңбектің тиімділігі g=0,03 тұрақты қарқынмен өсуде деп ұйғарсақ, әрбір бірліктен қайтарылым 3%-ға артады. Еңбек күші n, ал қайтарылым g қарқынмен өсетіндіктен тепе-теңдіктің тұрақты жағдайында өндіріс n+g қарқынмен өседі.

ҒТП түрлері


  1. Хикс бойынша бейтарап: егер еңбектің капиталмен жабдықталуының (–const) әрбір бекітілген өлшеміне өндіріс факторларының шекті өнімділіктерінінің қатынастарының бірдей мәндері сәйкес келсе, онда:

кез келген t үшін.



  1. Солоу бойынша бейтарап: егер ҒТП дамуы барысында орташа еңбек өнімділігінің бекітілген мәніне еңбек өніміділіктерінің бірдей шекті мәндері сәйкес келсе

( кезінде және кезінде)

  1. Харрод бойынша бейтарап: егер капиталдың тұрақты шекті өнімділігі кезінде

болса, онда оның орташа өнімділігі тұрақты болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет