Макроэкономика



бет15/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85
Байланысты:
treatise137692

М / Р = ( М / Р) = kY (2.11)
мұндағы, k = 1/V.

Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы М/Р=(М/Р) сұранысқа, ал сұраныс өндірілген өнім көлеміне пропорционалды екенін көрсетеді.



Жиынтық сұраныс қисығы төмен оңға қарай бағытталған. Әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейіне (РY) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Жиынтық сұранысқа баға және бағадан тыс факторлар әсер етеді. Баға факторының әсерінен Р баға деңгейі көтерілсе, Y өнім шығару көлемі қысқарады, яғни Р және Y арасындағы кері тәуелділік механизмін көрсетеді. Мұнда өзгеріс тек АD қисығының бойымен ғана өзгереді. Яғни, AD-ға әсер ететін баға факторының нәтижелері келесі:

1. Пайыздық мөлшерлеменің нәтижесі: P↑→ r↑→AD↓. Яғни пайыздық мөлшерлеменің әсері елдегі бағалар деңгейі жоғарылағанда нақты ақша массасының көлемі төмендейтінін білдіреді. Нақты ақша массасының төмендеуі өз кезегінде ақшалар бағасы секілді пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауына алып келеді. Алайда неғұрлым пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, соғұрлым инвестициялық сұраныс төмен болады. Сонымен бірге пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауына тұтынушылық сұраныс ықпал етеді, себебі көп уақыт бойы қолданылатын көптеген тауарлар тұтынушылық несиенің негізінде алынады. Ал несиенің қымбаттауы тұтынушылық шығындардың төмендеуін туғызады.

2. Байлықтың нәтижесі: P↑→ байлық↓→С↓→AD↓. Елдегі бағалар деңгейінің өзгерісі халықтың нақты байлығының шамасына әсер ететіндігін білдіреді. Экономикалық субъектілердің жинақтары түрлі қаржылық активтермен көрсетіледі: қолма-қол ақша, тіркелген номиналды құны бар жедел шот, облигациялар және т.б. Нақты ақша қорларының, яғни байлықтың төменедеуі өз кезегінде бағалардың жалпы деңгейінің жоғарылауы кезінде тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне алып келеді, бұл AD қисығының теріс көлбеулігімен бейнеленеді.

3. Импорттың нәтижесі: P↑→ Xn ↓→ AD↓. Импорттың әсері елдегі бағалар деңгейінің жоғарылауы кезінде шетелдік өндіріс тауарлары мен қызметтері салыстырмалы түрде арзанырақ болатындығын білдіреді. Бұл жағдайда халық отандық тауарлардың аз бөлігін және шетел тауарларының көп бөлігін тұтынады. Шетелдіктер отандық тауарлар мен қызметтер қымбат болуына байланысты өз сұранысын қысқартады. Нәтиже­сінде, отандық экспорттың көлемі азаяды, ал импорттың көлемі көбейеді де, жиынтық сұраныстың жалпы көлемі төмендейді.

Жиынтық сұранысқа бағадан тыс факторлар әсер еткенде AD қисығы оңға жоғары немесе солға төмен жылжиды.

Бағадан тыс факторларға келесілер жатады:



  1. Тұтынушылардың шығындарының өзгеруі:

а) тұтынушының әлеуметтік жағдайы;

б) тұтынушының күтімі;

в) тұтынушының қарыздары;

г) салықтық мөлшерлеме.



  1. Инвестициялық шығындардың өзгеруі, ол мына өзгеріс­терге тәуелді:

а) пайыздық мөлшерлемесіне;

б) инвестициядан күтілетін пайда деңгейіне;

в) кәсіпорынның салықтық мөлшерлемесіне;

г) технология;

д) шығару қуаттылығына.


  1. Мемлекеттік шығындардың өзгеруі.

  2. Нақты экспорт көлем шығындарының өзгеруінің нәтиже­сінде:

а) шетелдегі ұлттық табыстың өзгеруі;

б) валюталық бағамның өзгеруі.



  1. Ақша массасы және ақша айналымының жылдамдығы.



2.3-сурет. Жиынтық сұраныс
Осы бағадан тыс факторлардың әсерінен жиынтық сұраныс не көбейеді, не азаяды. Яғни AD қисығы оңға жоғары немесе солға төмен қозғалады. Мұны біз 2.1-суреттен көре аламыз. AD қисығының AD1-ге қозғалуы – бұл жиынтық сұраныстың төмендегенін, ал AD қисығынан AD2-ге қозғалуы – жиынтық сұраныстың көбейгенін көрсетеді. Жиынтық сұраныстың детерми­нант­тарында күтпеген күрт өзгерістердің нәтижесінде жиынтық сұраныс қисығының қозғалысын әдетте жиынтық сұраныстың «шоктары» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет