Макроэкономика


«Кейнсиандық крест» моделі



бет26/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
Байланысты:
treatise137692

3.2 «Кейнсиандық крест» моделі
«Кейнсиандық крест» моделі кейнсиандық теориясында ұлттық табыстың ең қарапайым көрінісін береді. Қандай жағдайда экономика тепе-теңдікке қол жеткізеді? Тепе-теңдік жағдайында фирмалар үшін қорлардың ролі маңызды.

3.2-сурет. Жоспарланатын шығыстар сызығы

Егер фирма тауарды тұтынушылар сұранысынан артық өндірсе, онда олар өздерінің тауарлық-материалдық қорын өсіреді. Яғни, 3.3-сурет бойынша Y1>Y0 => E AD < AS – артықшылық, А – жоспарланбаған қорды көбейту. Егер керісінше, фирмалар тұтынушылар сұранысынан кем өндірсе, онда олар қордағы тауарларды сатып, қорды қысқартып отырады.



3.3-сурет. «Кейнсиандық крест» диаграммасы
3.4-сурет бойынша Y20 => E>Y => AD > AS – тапшылық, В – жоспарланбаған қорды азайту процесі.

3.4-сурет. «Кейнсиандық крест» моделінде тепе-теңдік жағдайына жету
3.5-суретте ∆G мемлекеттік шығыстардың өсуі бір деңгейде бір мөлшерде жоспарланған шығындарды да өсіреді. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады және табыс У1 ден У2 дейін өседі. Табыс өсімі ∆Y мемлекеттік шығындардың өсімінен ∆G артық. Сонымен бюджеттік саясат табысқа мультипликативті әсерін тигізеді. Жиынтық әсер тең болады.

Мемлекеттік шығындардың алдын-ала өзгеруі = ∆G;

Тұтынудың бірінші өзгеруі = МРС* ∆G;

Тұтынудың екінші рет өзгеруі = МРС*МРС* ∆G;

Тұтынудың үшінші рет өзгеруі = МРС*МРС*МРС* ∆G;

.................................................................................................



∆Y= (1+МРС+МРС*МРС* МРС*МРС*МРС )∆G
Сонымен мемлекеттік шығындардың мультипликаторы: ∆Y/∆G=1+МРС+ +МРС*МРС+ МРС*МРС*МРС+... - бұл теңдеу мультипликатор үшін геометриялық прогрессия сомасы деп аталады.

3.5-сурет. «Кейнсиандық крест» моделінде мемлекеттік шығыстардың өсуі
Жалпы Кейнс кресі Y-табыстың бюджет-салық саясаты мен жоспарланған шығындардың E белгілі бір көлемінде қалай анық­талатынын көрсетеді. Біз бұл модельді экзогенді элементтердің біреуінің өзгеруінде табыстың қалай өзгеретінін байқау үшін қолдана аламыз.

І-Инвестициялар немесе G-мемлекеттік шығыстардың ар­туы (азаюы), сонымен қатар Т салықтардың азаюы (артуы) жоспарланатын шығыстар сызығын жоғары (төмен) параллель түрінде жылжытады.

Мемлекеттік шығындар мультипликаторы: . Ол G мемлекеттік шығыстар немесе I инвестицияларды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға ұлғаятынын көрсетеді. G↑→E↑→Y↑.

Салықтық мультипликатор , Т салықтарды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға азаятынын көрсетеді. ∆T↓→ (Y-T)↑→ C↑→ E↑→ Y↑.



3.6 сурет. «Кейнсиандық крест» моделінде салықтардың азаюы
∆T шамасына салықтың қысқартылуы жоспарланған шығындарды ∆MPC x ∆T – ға табыс әрбір деңгейде арттырады. Тепе – теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады. Және табыс Ү1 Ү2 –ге дейін өседі. Біз көріп отырғанымыздай, бұл жағдайда бюджет-салық саясаты табысқа мультипликативті әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет