M=Cu+D (4.3)
Cu=сr·D,
M=(сr·D)+D=(сr+1)·D,
депозит ақша массасына тікелей тәуелді ,
мұндағы,
Сu – қолма-қол ақша сомасы;
D – депозиттер сомасы;
сr – ақшаны депонирлеу коэфициенті.
Осылайша, біз қазір ақша ұсынысын анықтағандағы және біршама күрделі модель – ақша мультипликаторы моделін құрғандағы қолма-қол ақшаның ролін қарастырдық. Біздің мысалда ақша массасы тек қолма-қол емес ақшадан тұрды. Шынында ақша агрегаты М1 мен М2 әртүрлі депозиттер мен қолма-қол ақшадан тұрады. Жаңа түсінік енгіземіз – ақша базасы, немесе жоғары тиімділікті ақша, МВ:
МB = Cu + Rе (4.3.1)
мұндағы,
МВ — ақша базасы,
Сu — қолма қол ақша,
Rе — резервтер.
Неге ақша базасы тиімділігі жоғары ақша деп аталады? Себебі, айналымдағы қолма-қол ақша мен резервтер, яғни ҰБ ақша міндеттемелері ақша ұсынысында маңызды роль атқарады. Осылай, ҰБ эмиссиялық әрекетінде (айналымдағы қолма-қол ақша көлемі, немесе елдің қолындағы банкнот көлемі, яғни банк жүйесінен тыс, жоғарылайды). Солай ақша ұсынысы мен ақша массасы өседі. Ал коммерциялық банктер резервтерінің өсуі, депозиттік мультипликатор есебінен, депозиттің жоғарылауын тудырады. Сu+Rе шамасын сондықтан да тиімділігі жоғары ақша деп атайды: ҰБ соған тікелей әсер ете отырып, ақша массасы көлеміне әсер етеді.
МВ=Сu+Re
Cu=сr·D,
Re=rr·D,
MB = сr·D + rr·D = D(сr+rr), осыдан:
(4.3.2)
Ақша ұсынысын төмендегі екі формула арқылы табуға болады:
1. ;
2. => (4.3.3)
Осы теңдеулер ақша ұсынысының үш экзогенді айнымалысының функциясы болып табылатындығын және оның ақша базасына тікелей тәуелді екенін көрсетеді.
Ақша мультипликаторы – ақша массасы мен ақша базасының өзара байланысын сипаттайтын коэффицент:
M = m · MВ (4.3.4)
Сонымен, ақша мультипликаторы (m) ақша массасы шамасының (Cu+D) ақша базасы шамасына (Сu+Rе) қатынасымен анықтауға болады:
(4.4)
Әр алымы мен бөліміндегіні D-ға бөле отырып, біз ақша мультипликаторы көрсеткішін аламыз. 4.4 формуладағы rr символы міндетті резервтер нормасын көрсетеді, ал cr символы – депонирлеу коэффициенті немесе қолма-қол ақшаның депозитке қатынасы, C/D. Бұл коэффициент елдің әрекетімен анықталады, яғни өз активтерін коммерциялық банкте депозитке альтернативті орналасуын салыстыру бойынша. сr коэфициентінің төмендеуі елдің өз қаржы активтерін банкке салым түрінде енгізуін қалайды, яғни «қағаз ақшасын матрас астында сақтамай».
Ақша мультипликаторы формуласынан көрініп тұрғандай, депонирлеу коэфициентінің өзгеруі ақша мультипликаторына әсер етеді, сәйкесінше ақша ұсынысына. Өзгеріс неден тәуелді? Оның маңызды факторлары келесі:
1. Байлық өзгеру нәтижесі. Бай адамдар кедейлерге қарағанда, өз ақшаларының үлкен бөлігін депозитте сақтайды. Әл-ауқаты жақсарған сайын коэффициент cr төмендей бастайды. Яғни коэффициент cr халықтың әл-ауқатымен кері байланысты.
2. Чектік шот бойынша пайыз мөлшерлемесі. Пайыздық мөлшерлеме жоғары болған сайын, адамдар ақшасын депозитке қоюға ұмтылады. Осылайша, коэффициент cr чекті депозит бойынша пайыздық мөлшерлемемен кері тәуелді.
3. Банктік дүрлігу cr шамасының күрт өсуіне әкеледі. Өткен жылды еске түсірсе жетеді. Сол кезде халық коммерциялық банктердің депозитті есептерінен өз ақшаларын алуға ұмтылды.
4. Көлеңкелі экономика. Легалды емес қызмет пен cr шамасы өзара оң байланыста. Бұл экономикалық субьект жағынан түсінікті, өйткені олар құқықтық алаң сыртында шарушылық әрекетпен айналысқанда, салық ұжымдарымен оңай тексерілетін банктегі шоттарын емес, қолма-қол ақшаны қолданғысы келеді.
5. Салықтық мөлшерлемелердің жоғарылауы көлеңкелі экономикамен тығыз байланысты. Салықтың өсуі экономиканы көлеңкеге әкетеді, ал бұл депонирлеу коэффициентін көтереді.
Ақша мультипликаторын есептеу мысалын келтірейік. Мысалы, міндетті резервтер нормасы 20%, «қолма-қол ақша мен депозит» қатынасы немесе депонирлеу коэффициенті 25% немесе 0,25 болсын. Онда ақша мультипликаторы шамасы мынадай: (0,25+1)/(0,25+0,2)=2,77. Ақша базасының 1 теңгеге өсуі ақша массасын 2,77 есе рет өсіреді. Ақша мультипликаторы депозиттік мультипликаторға қарағанда аз болады.
ҰБ ақша базасына қолма-қол ақшаны бақылаумен (эмиссиямен) әсер ете алады және міндетті резервтер нормасын орнатуға құқығы болады. Бірақ ҰБ тікелей адамдардың банктегі ақша ресурсын депонирлеуге қатысты шешіміне әсер ете алмайтыны сөзсіз. Осыған байланысты экономистер мынадай мақал айтады: «Атты суға әкелуге болады, бірақ оны іш деп қинай алмайсыз». Бірақ банк сенімді болған сайын депонирлеу коэфициенті де төмен болады. Бұл жалпы экономикалық жағдайға, үкімет пен банктік жүйеге сенімділікке тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |