Макроэкономика


Макроэкономикалық модельдер мен айнымалылар



бет4/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
treatise137692

1.2 Макроэкономикалық модельдер мен айнымалылар
Көбінесе экономикалық теориялар модельдер түрінде түсіндіріледі. Математикалық және бағдарламалық модельдеу макроэконоика пәнін толыққанды түсіну әдістерінің бірі болып табылады.

Макроэкономикалық модель дегеніміз экономикалық құбылыстар мен процестердің жеңілдетілген абстрактілі көрінісі, ол экономикалық айнымалылардың арасындағы өзара байланыстар мен арақатынастарды анықтайды.

Макроэкономикалық модель­дерді қолдану арқылы мемлекет экономикаға әсер ету нүктелерін, жүргізіліп жатқан саясат қағидаларын, пайыздық қойылым, еңбекақы динамикасы, инфляция темпі, өндіріс көлемі, айырбас бағамы және т.с.с. құбылыстарды басқару механизмдерін анық­тайды. Әрбір модель белгілі бір мақсатта құрылады: экономикалық құбылысты түсіндіру, экономикалық заңдылықтарды зерделеу, жоспарлау және болжау.

Модельдер логикалық, графиктік және алгебралық түрде құрылуы мүмкін. Макроэкономикалық модельде экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) айнымалылар ажыра­тылады.

Экзогенді айнымалылар модельден тыс анықталады. Олар – алдын-ала белгіленген статистикалық деректер. Мысалы: ЖҰӨ, мемлекеттік шығындар, салық мөлшері және т.б. Ал эндогенді айнымалылар – модельдің ішінде құрылатын, яғни модельдің нәтижесі болып табылатын айнымалылар. Мысалы: тұтыну көлемі, инвестициялар, нақты пайыз мөлшерлемесі және т.б.




Эндогенді

Экзогенді


Модель

1.1 сурет. Макроэкономикалық модель үлгісі


Сонымен қатар макроэкономикада экономикалық айнымалылардың тағы екі түрі ажыратылады:

  • қор айнымалысы;

  • ағын айнымалысы.

Қор айнымалысы (белгілі уақыт мезетінде) кез-келген мөлшерді уақыттың берілген мезетінде анықтайды. Мысалы: капитал көлемі, мемлекеттік қарыз, ұлттық байлық және т.б.

Ағын – макроэкономикалық модельді құру үшін қажетті категория. Ол экономикалық даму тенденциясын зерттеуде маңызды болып келетін кез-келген элементті, категорияны динамикада көруге мүмкіндік береді. Ағын айнымалысы уақыт бірлігіне тиісті мөлшерді анықтайды. Мысалы: ЖҰӨ, тәуліктік жалақы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, 1 ай аралығында жұмыстан босатылған адамдардың саны.

Экономикада уақыт аралығында бағалар өзгеріп тұрады. Бірақ бұл процесс лезде орын алмайды. Себебі бағалар мен жалақы қатаң болуы мүмкін. Макроэкономикада қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді уақыт кезеңі ажыратылады. Экономистердің айтуынша, бағалар ұзақ мерзімді кезеңде икемді және қысқа мерзімді кезеңде икемсіз болады.

Қарапайым сызықтық модельдерді келесі түрде жазуға болады:


y = kx + b (1.1)
мұндағы x,y - айнымалылар, ал k, b – модельдің тіркелген параметрлері.

k шамасы – (1.1) теңдеуімен берілетін сызықтың бұрыштық коэффициенті, b – бұл сызықтың тік осінен кесетін кесіндінің шамасы.



k бұрыштық коэффициентін экономистер сызықтың көлбеуі деп атайды. Ол х айнымалысын 1 бірлікке арттырғандағы у тәуелді айнымалысы қанша бірлікке өзгеретінін көрсетеді. Егер k>0 болса, сызықтың көлбеуі оң болады (оңға-жоғары), ал егер k<0 – сызықтың көлбеуі теріс (оңға-төмен).

1.2 - сурет. Түзу сызық

(1.1) теңдеуінің параметрлерінің өзгеруі сызықты жылжытады, оның көлбеуін өзгертеді. k коэффициентінің абсолютті шамасы артқанда сызық тіктеу, ал азайғанда – жатықтау болады. Егер b мәнін өсірсек, сызық өзінен параллель түрінде жоғары жылжиды, егер де кемітсек – төмен жылжиды.

Әрине, практикалық мақсаттарда қолданылатын модельдер (1.1)-ге қарағанда аса күрделі болуы мүмкін. Олардың құрамында бір емес, бірнеше теңдеулер, оның ішінде сызықтық емесі де болуы мүмкін. Экономикада, табиғи ғылымдармен салыстырғанда, эксперименттер жүргізу мүмкіндіктері өте шектеулі. Сондықтан экономикада модельдердің құрылуы статистикалық мәліметтерге сүйенеді.

Нарық шаруашылығының негізгі субъектілері, ең алдымен бізге микроэкономика курсынан белгілі болып, кейін макроэкономика курсында жалғастырылып оқытылады. Олар:


  • үй шаруашылығы;

  • фирмалар;

  • мемлекет;

  • шет ел (ашық экономикада).

Осы субъектілер арасында табыс пен шығындар ағыны айналыста болады. Бұл жағдайда кез келген экономика субъектілерінің бірінің табысы басқа субъектілер үшін шығын болып табылады. 1.3-суретте экономикадағы шығыстар мен кірістер айналысының қарапайым сызбасы көрсетілген.

1.3-суреттен көрініп тұрғандай, игіліктер нарығынан тұтыну тауарларын сатып алатын үй шаруашылықтары, осы жағдай арқылы өзінің шығындарын жүзеге асырады. Ал ол өз алдына игіліктерді өндіретін фирмалар үшін табыс болып табылады. Шынында да, егер сіз жеңіл машина сатып алсаңыз, сіз үшін ол – шығын, ал өндіруші үшін – ол табыс.



1.3-сурет. Экономикадағы шығыстар мен кірістер айналымы

Бір уақытта, өндіріс факторлары нарығында жер, капитал, еңбек қызметтерін тұтынатын фирмалар – осы қызметтерді ұсынушылардың, яғни үй шаруашылықтарының табысы (еңбекақы, пайыздық төлемдер, жалдау төлемдері) болып табылатын шығын­дарын тартады.

Шығыстар мен кірістер айналысына мемелекет те қаты­сады. Бір жағынан, ол үй шаруашылықтары мен фирмалар төлейтін салықтар негізінде табыс алады. Екінші жағынан, мем­лекет үй шаруашылықтарына әлеуметтік трансферттерді төлегенде (мысалы, толық емес отбасыларға көмек түрінде) және фирмалардан өнімді сатып алғанда (әскер үшін қолдану) шығындарын жүзеге асырады.

Бұл – экономикадағы шығыстар мен кірістер айналысының қарапайым сызбасы болып табылады. Егер сыртқы әлем (шет ел) мен қаржы нарықтарын есепке алсақ, онда біз шығыстар мен кірістер ағыны жөнінде толығырақ сипаттама ала аламыз.

Шетелді есепке алғанда, тауар импорты экономиканың отандық субъектілерінің шығындары ретінде, ал экспорттан пайда – экономиканың отандық субъектілерінің табыстары ретінде болады.

Демек, шын мәнісінде, үй шаруашылығы мен фирмалар табыстарының сомасы үй шаруашылығы мен фирмалар шығын­дарының сомасына тең болуы керек.

Табыстар мен шығындар айналысында «қуат берулер» мен «жылыстаулар» бар. Осындай жалпы түсініктермен тұтас белгілі макроэкономикалық категориялар белгіленеді.

«Қуат берулер» – ел ішінде өндірілген өнімді сатып алуға отандық тұтынушылардың шығындарына қосымша ретінде жүзеге асырылатын шығындар болып табылады:



  • І – инвестициялар (отандық және шетел);

  • G – мемелекеттік шығындар;

  • Ех – шетелдік тұтынушылардың экспортталған отандық тауарларды сатып алуға кеткен шығындары.

Экономиканың жетілген баланс жағдайында келесідей теңдік орын алады:
S+T+Im=I+G+Ex (1.2)
Бірақ тәжірибеде мұндай тепе-теңдік өте сирек сақталады және үкімет пен қарапайым азаматтардың қалауларына қарамастан, экономика тепе-теңсіз жағдайлармен жиі кездеседі. «Қуат беру» мен «жылыстаулардың» Т=G теңдігін былай түсіндіруге болады: Т – бұл мемлекеттік бюджетке түсетін табыс, ал G – мемлекеттік бюджеттің шығыстары. Мемлекет бюджеті сирек жағдайларда ғана баланстанған жағдайда болады, жиі ТG болғанда артықшылығы жөнінде естиміз. Сондай-ақ жинақтар әр кезде инвестицияларға тең бола бермейді, ал экспорт импорттан аз немесе көп болуы мүмкін.

Шығыстар мен кірістер айналысының логикасы – баланс­танған экономикада «барлығы – бір-біріне сәйкес» екендігіне көз жеткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет