Макроэкономика


Ақша-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі



бет49/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Байланысты:
treatise137692

5.2.2 Ақша-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі
Ынталандырушы монетарлы саясаттың тиімділігі инвестициялар мен таза экспорттың динамикасына ақша массасын арттыру мен пайыз мөлшерлемесін төмендетуден түсетін ынталандырушы нәтиженің мөлшерімен анықталады. Мұндай ынталандырушы нәтиже ығыстыру нәтижесіне қарама қарсы жүреді.

Келесі екі жағдайда инвестициялар І мен таза экспорттың Хn динамикасына ынталандырушы нәтиженің мөлшері салыстырмалы түрде жоғары болады:



  1. егер инвестициялар мен таза экспорттың сезімталдығы пайыз мөлшерлемесінің динамикасынан жоғары болса;



5.7-сурет Күшті (тиімді) монетарлы саясат (IS қисығы жатықтау)
Егер инвестициялар І мен таза экспорттың Хn сезімталдығы пайыз мөлшерлемесінің r динамикасынан жоғары болса, бұл графикте жатықтау IS қисығына сәйкес келеді (5.7 сурет). Бұл жағдайда ақша массасы M өскенде r аз ғана төмендеуі I инвестициялар мен Xn таза экспорттың елеулі өсуіне әкеледі, ал бұл Ү аса ұлғайтады. LM қисығының көлбеу бұрышы бұл кезде маңызды емес.

  1. егер ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің динамикасына сезімтал болмаса. Бұл жағдай графикте тіктеу LM қисығына сәйкес келеді (5.8 сурет).



5.8-сурет. Күшті (тиімді) монетарлы саясат (LM қисығы тіктеу)

Мұнда ақша массасының M өсімі пайыз мөлшерлемесін r күрт төмендетіп жібереді, нәтижесінде инвестициялар I мен таза экспорт Xn қатты өседі, d, n коэф­фициенттері салыстырмалы түрде аз болса да. IS қисығы­ның көлбеу бұрышы бұл кезде маңызды емес.



5.9-сурет. IS қисығы жатықтау және LM қисығы тіктеу
5.9-суретте көрсетілгендей ынталандырушы ақша-несие саясаты салыстырмалы түрде тіктеу LM қисығы мен жатықтау ІS қисығы үлестірілгенде аса тиімді болады. Бұл жағдайда r пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі елеулі және d, n коэффициенттері де үлкенірек. Сондықтан Ү өсімі (Ү0Ү1) аса үлкен.

Пигу нәтижесі бағалар деңгейінің төмендеуімен, оған байланысты ақшаның нақты массаларының артуы нәтижесіндегі тұтынушылық шығыстардың өсуін білдіреді.

Бюджет-салық саясаты мен ақша-несие саясатының бірігіп қолданылуы, мысалға, тұрақты пайыз мөлшерлемесі шартында шығарылымды арттыруға немесе тіркелген шығарылым деңгейінде пайыз мөлшерлемесін азайтуға мүмкіндік береді.

IS-LM моделі АD қисығының теориялық негіздемесі болып табылады. АD қисығын шығару үшін ақша теориясын емес, IS-LM моделін қолданамыз. өйткені IS-LM моделі Ұлттық табыс бағаның өсуімен кемитіні түсіндіріп қана қоймай, ол тағы теріс көлбеуі бар АD қисығының өзара байланысын қалыптастыру үшін қажет. Сол үшін жиынтық сұранысты зерттеп көрейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет