Макроэкономика


Жиынтық сұраныстағы күрт өзгерістер



бет19/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
Байланысты:
treatise137692

2.4.1 Жиынтық сұраныстағы күрт өзгерістер
Жиынтық сұраныстағы күрт өзгерістердің (шоктардың) мысалын қарастырайық: банк шоттарынан ақшаны тарату үшін автоматтардың құрылуы. Бұл қолма-қол ақшаны алуды жеңілдетіп, ақша қорларына халықтың сұранысының төмендеуіне алып келді.

Ақша қаражаттарының қорларына сұраныстың мұндай төмендеуі ақшаның айналу жылдамдығының жоғарылауына тең. Мұны дәлелдеу үшін келесі теңдеуді есімізге түсірейік:


М / Р = kY

мұндағы, k = 1/V.


Өндірістің кез келген берілген көлемі кезінде ақша қаражаттары қорларының нақты мәнінде төмендеуі k-ң төмендеуін және V-ң жоғарылауын туғызады. Ақшалай автоматтардың пайда болуына байланысты адамдар қолдарында аз ақша сақтайды да, ақша біршама тезірек айналады. Осылайша, банктік автоматтардан адамдар қолма-қол ақшаны жиі алатындықтан, ақшаны алу мен оны жұмсаудың арасында аз уақыт қалады. Нәтижесінде, ақшаның айналу жылдамдығы жоғарылайды.

Егер ақша массасы өзгеріссіз қалса, онда қолма-қол ақшаның айналу жылдамдығының өсуінің нәтижесінде жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды (2.18-сурет).



Қысқа мерзімді кезеңде жиынтық сұраныстың өсуі өндіріс көлемінің өсуін, яғни экономикалық өсуді тудырады. Фирмалар өнімінің көбісін бұрынғы бағамен сатады. Сондықтан олар жұмысшыларды көбірек жалдайды, жұмыс уақытын өсіреді және өндірістік кәсіпорындар мен қондырғыларды біршама интенсивті қолданады.

Уақыт ағымымен жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі бағалар мен жалақының жоғарылауына алып келеді. Бағалар өскен сайын өнімге сұраныс азаяды, ал өндіріс деңгейі бірте-бірте табиғи деңгейге жақындайды. Бірақ бағалардың біршама жоғары деңгейге өту процесінде тауарлар мен қызметтердің көлемі табиғи деңгейден артық болады.



Бұл жағдайда Ұлттық банк осы өсуді тоқтатып, өндірісті табиғи деңгейге жақын деңгейде ұстап қалуға тырысады. Ақша айналымының жылдамдығының өсуінен болған салдарды тұрақтандыру үшін Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтуы мүмкін. Бұл жиынтық сұранысты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Ұлттық банктің ақша ұсынысын мұқият бақылау арқылы өндіріс пен жұмысбастылық көлемдеріне сұраныс жағынан болатын сілкіністердің әсерін төмендетудің мүмкіндігі бар.

2.18-сурет. Жиынтық сұраныстың шогі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет