Макроэкономика


IS-LM моделінде бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын талдау



бет47/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85
Байланысты:
treatise137692

5.2 IS-LM моделінде бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын талдау
Бюджет-салық саясатының әсері. Бюджет-салық саясатының өзгерісі арқылы экономикаға әсерін зерттейміз. Бюджет-салық саясаты IS қисығын жылжытады, яғни пайда мен пайыздық мөлшерлемесіне әсерін тигізеді. Мемлекеттік шығыстардың G өсуі немесе салықтардың Т азаюы IS қисығын оңға жылжытады. Табыс Ү пен пайыз мөлшерлемесінің і тепе-теңдік деңгейі жоғарылайды. Бірақ мұнда табыстың Ү өсуі «кейнстің қиылысы» аз шамамен байқалады, себебі пайыз мөлшерлемесі і өсуінен инвестициялар І азаяды.

Бұндай жағдай ығыстыру нәтижесі деп аталады.



G – мемлекеттік шығындардың мультипликаторы кез-келген пайыздық мөлшерлемесінде табыс деңгейі

– ға өсетіні кейсиандық қиылыста түсіндіріледі.

Т – салық саясаты мультипликаторының өзгеруі кез-келген пайыздық мөлшерлемеде табыс деңгейінің

– ға өсетінін кейнстік қиылыс көрсетеді.
G↑(немесеТ↓)Y↑C↑Y↑MD↑R↑I↓Y↓.
Ақша-несие саясатының әсері. Ақша-несие саясатының өзгерісі LM қисығын жылжытады. Ақша ұсынысының М ұлғаюы LM қисығын оңға жылжытады. Табыс Ү өседі, ал пайыз мөлшерлемесі і төмендейді. Тауарлар нарығында фирмалар жоспарланатын инвестицияларды арттырады да, өнім шығарылымын жоғарлатады. Сонда IS қисығы бойымен оңға-төмен жылжу орын алады.

Бұл айтарлықтай Кейнстің табыстау механизмі.


MS↑ R↓ I↑ Y↑ YD↑ C↑.
Сонымен, ақша-несие саясаты пайыздық мөлшерлемесі әсерімен пайданың деңгейіне ықпал ететінін IS–LM үлгісі көрсетеді. Ақша ұсынысының өсуі пайыздық мөлшерін төмендетуін және инвестицияны тұрақтандыратынын IS–LM үлгісі түсіндіреді, сонымен бірге тауарлар мен қызметтерге сұранысын ұлғайтады.

Ақша-несие және салық-бюджет саясаттарының салыстырмалы тиімділігі төменгі шарттарға тәуелді:



  • Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестиция функциясы сезімталдығының әсер ету дәрежесі;

  • Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс сезімталдығының әсер ету дәрежесі.



5.2-сурет. IS қисығының жылжуы арқылы тепе-теңдіктің өзгеруі

5.3-сурет.LM қисығының жылжуы және ақша массасының өзгеруі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет