Макроэкономика


ОБ қолдаушы және тежеуші несие-ақша саясаты



бет42/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85
Байланысты:
treatise137692

ОБ қолдаушы және тежеуші несие-ақша саясаты


Ынталандырушы

Тежеуші

1. Ақша ұсынуды жоғарылату

(ашық нарықта облигация сатып алу)

2. Есепті пайызды төмендету

3. Міндетті резервтер нормасын төмендету



1. Ақша ұсынуды жоғарылату

(ашық нарықта облигация сату)

2. Есепті пайызды жоғарылату

3. Міндетті резервтер нормасын жоғарылату


Трансмиссиялық ақша-несие механизмі саясаты шынайы өмірде күтпеген нәтиже көрсетуі мүмкін. Бірақ алдымен Фишер нәтижесіне тоқтайды, ол макроэкономика курсынана белгілі. Дегенмен бізге интуитивті түсінікті, атаулы пайыз мөлшерлемесі инфляция жағдайында нақты мөлшерлемемен сай келмеуі мүмкін. Орнатылған атаулы пайыз мөлшерлемесі инфляция жағдайында кредитор белгілі бір салымды анықтау керек, яғни оған қайтарылған ақшаның сатып алу қабілетін сақтап, нақты пайыз мөлшерлемесінің оң бағасын алуға.

Қалыпты түрде Фишер нәтижесі мына теңдеумен көрсетілген:

i=r+πe (4.9)

мұндағы,


i – атаулы пайыз мөлшерлемесі;

r – нақты пайыз мөлшерлемесі;

πе – экономикалық субьектімен күтілетін инфляция қарқыны.
ОБ ақша ұсынысын жоғарылатуды шешсе, сол арқылы пайыздық төлемді азайтып, іскерлікті қолдаса. Бірақ ақша массасы өсуі инфляциялық процесстер тудырады да банктер атаулы пайыз мөлшерлемесін нақты деңгейге дейін көтереді. Қарыз алушыларды бұл сонша толғандырмайды себебі олар қарызын құнсыз ақшалармен қайтарады. Осылайша ОБ әрекеті төмендеугеәкеледі де, ал номиналды пайыз төлемі жоғарылайды солай инвестициялық сұраныс қысқарады, сол арқылыкредитті-ақша саясатының қолдаушы соңғы мақсатына жетпейді.

Сонымен, дискрециялы немесе серпімді несие-ақша саясаты пайыз мөлшерлемесін басқаратын ақша ұсынысы күтпеген қажетсіз әрекетке әкеліп, контрциклді емес проциклді болуы мүмкін. Не істеу керек? Монетаристер басқа қадам ұсынды.

М.Фридмен басқарған монетаризм жақтаушылары ақша-несие саясатын «ереже бойынша саясатпен» ұсынады. Бұл саясат мақсаты – белгілі бір деңгейде серпімді монетарлық саясат мақсатынан ерекшеленетін ақша ұсынысының тұрақтануы – қалаған деңгейде пайыздық мөлшерлемесінің тұрақтануы.

Сатып алушы қабілетін тұрақтандыруға басты жауапкершілікті монетаристер үкімет тартады деп ойлайды, онда ақша ұсынысына бақылау болады. Олардың ойынша ақша ұсынысы тербелуі пайыздық мөлшерлемесі деңгейіне әсері мақсатымен циклді тербелісті күшейтеді. Сондықтан мемлекет ОБ түрінде монетарлы ережені мықты бақылау керек: ақша массасы өсу темпі шынайы ЖІӨ өсу қарқыны трендіне сай келу керек. АҚШ экономикасы үшін бұл қарқын өткен орта мәнінің негізінде есептеледі ұзақ уақыт кесіндісінде және шамамен 3-5 пайызды құрайды.



М.Фридмен монетарлы ереженің заңды орнатылу идеясын ұсынды (ақша Конституциясы), соған сай ақша ұсынысы белгілі бір шекте өседі. 4.6 суретте ақша ұсынысы қисығы MS қандай да бір ақша мөлшерінің мақсатты деңгейіне шығады оның көлемі ОБ мықты бақылайды.

4.6-сурет Ақша ұсынысын тұрақтандыру (монетарлық тәсілдеме)

Кейнсшілдерден монетаристер ерекшелігі олар ақша ұсынысын бақылауды ұсынады пайыз мөлшерлемесі тербелісін уайымдамай. Монетаристер қорытындысы маңызды алғы сөзге негізделеді, онда мынадай әңгіме болған: ақша айналу жылдамдығы тұрақты (V). Осыдан ақша ұсынысы өзгеруі (М) тек мына ақша деңгейінде көрінеді (Р). Монетаристер ОБ ұсынады, былайша айтқанда көп қимылдамасын деп ақша ұсынысын бірде көтеріп, бірде түсіріп. Алдын ала хабарлау керек: ақша массасы өсу қарқыны ЖІӨ өсу қарқыны трендіне сай келеді. Таргетирлі көрсеткіш Ms, жоғарыда айтылған осылайша экономиканы автоматты тұрақтандырудың ролін ойнайды. Ақша айналымы өзгермегенде (V) атаулы ЖІӨ (PY) тұрақты жоғарылап белгілі бір қарқын алатын еді.

М.Фридмен идеясы кең дамыған 1970-ші жылдары батыс елдері қатарында мақсатты ақша ұсынысы енгізілді (ағылшын тілінен target – мақсат), сол мезгілдегі ақша массасының жоғарғы және төменгі шегін орнату. Мұндай болашақ ақша массасы өлшемінің шегі АҚШ, ФРГ, Англия, Канадада, Японияда орнатлылған. Дегенмен ақша массасының мақсатты саясаты қиындыққа жолықты. Алдымен, бұл саясат жетістікті болу үшін мақсатты көрсеткіштер арасында тығыз, мықты қатынас болуы керек (ЖІӨ көлемі, инфляция деңгейі т.б.). Екіншіден, ОБ үлкен дәрежеде тар ақша агрегатын бақылайды, алдымен ақша базасын кейін аз көлемде – М1, М2, М3 агрегаттарды бақылайды. Үшіншіден, осы агрегаттардың қайсысы таргеттеледі. Ақша ұстаудың басқа жаңа альтернативі пайда болуынан қолма қол ақша мен сол депозиттерде ақшаның жаңа түрі туындайды, ал ақша агрегаттары қозғалғыш болады да толығымен басқарылмайды.



Қорыта келгенде ақша-несие саясатының қиындығы экономистер көзқарасы бойынша әр бағытта бірлік жоқ. Бәсекелес мектептер – монетаристер мен кейнсшілер – қойған мақсатқа жету үшін ОБ мүмкіндігін пайдалану жолдары әртүрлі. Олардың пікірі келіспеуі нарықты жүйенің бағалауында жатыр. Кейнсшілер ойлайды, ол тұрақсыз және бәсекеге қабілетсіз деп, сәйкес мемлекетке экономиканы тұрақтаудың ақша-несие саясатын серпімді жолмен басқару ролі жақын. Монетаристер керісінше заманауи нарықты экономика бәсекеге қабілетті және өзі еш мемлекет кіріспей ақ орнын табады деп санайды. Осыдан мынадай қорытынды шығады ақша-несие саясатын реттеу сферасында ереже бойынша саясатты таңдайды.

Шын айтқанда ақша-несие саясаты 100-пайызды болмайды. Практикада монетарлы саясат көп елдерде нарықты экономикасы дамыған эклектизммен, дәл айтса прагматизммен ерекшеленеді де, кейнсшілер мен монетаристер теориясына негізделген реттеу элементін құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет