1.4. Мал өсіру әдістері
Мал өсіру әдістері таңдап алған малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып жүргізген жұп таңдау жүйесінің нақты іске асыру жолдарын айтады.
Әр тұқымды оның өзіне тән өзгешелігіне сәйкес пайдалану дұрыс болады. Ол үшін мал өсірудің ғылым мен тәжірибе тапқан түрлі-түрлі жолдары бар. Оның қайсысын қолдану жоғарыда айтылған жағдайларға тығыз байланысты. Қазір ғылымның қол жеткізген деңгейінде барша елдер мойындған мал өсіру әдістерінің үш түрі бар. Олар:
таза тқым өсіру
будандастыру
түраралық будандастыру
Таза тұқым өсіру әдісі ұрпақтан-ұрпаққа бір тұқымның малын өзара шағылыстыруды айтады. Таза тұқым өсіру қазіргі уақытта да, келешекте де мал шаруашылығында жетекші роль атқарады. Себебі тек таза тұқым өсіру әдісі арқылы ғана белгілі бір мал тұқымын сақтап және оны одан әрі жетілдіруге болады.
Бір тұқымның малында өнімнің бағыты мен мөлшері жалпы биологиялық және нәсілдік қасиеттері жағынан бір бағытта жүргізген сұрыптау, жұп таңдау жұмыстары жәнетегінің, өскен орталарының бірлігіне байланысты көптеген ұқсастық болады. Осыған байланысты оларды шағылыстырып отырғанда, бұл ұқсастық ұрпақтан ұрпаққа тарайды және күшейе береді, олардың өздеріне тән биологялық және шаруашылыққа тиімді қасиеттерін ұрпағына беру қабілеттілігі арта түседі. Мұның бәрінің негізінде – мал тұқымын таза өсірген уақытта, малдың тұқымқуалаушылық қасиеттерінің гомозиготалық дәрежесінің көбеюі жатыр. Таза тұқым өсіру әдісінің бұл ерекшеліктері асыл тұқымды мал бағытталған шаруашылықтарының негізгі міндетіне сай келеді. Ол міндет өз тұқымына тән, өз бойындағы қасиеттерін ұрпағына тұрақты бере алатын мал өсіру, оларды тұқым ретінде басқа шаруашылыққа сату.
Таза тұқым өсру әдісі сапалы, мол өнімді малы бар өндірістік шаруашылықтарда да қолданыфлады. Мұндай шаруашылық асылдандыру жұмысын жолға қою арқылы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылыққы айналады.
Қорытып айтқанда, таза тұқым өсіру әдісі белгілі бір мал тұқымын сақтап, оны одан әрі жетілдіру үшін және таза тұқымды мал санын көбейту үшін қолданылады.
Таза тұқымды мал санын өсіру әдісінің табысты болуы мынадай басты шарттарға байланысты
өнімі шаруашылықтың бағытына, биологиялық қасиеттері жергілікті жердің жағдайына, ауа райына сәйкес келетін мал тұқымын таңдай білу
өнімділік және тұқымдық қасиеттері жағынан өсіру де алға қойған мақсатқа сай келетін, малдың ең жақсыларын жүйелі түрде сұрыптап өсіру
іріктеліп алынған малдың бір-біріне неғұрлым лайықты аталық және аналық жұптар құрастыру, яғни жұп таңдау
мал тұқымының биологиялық ерекшеліктері мен өнімділік қасиеттерінің толық дамуына қолайлы мал азықтандыру, бағып-күту жағдайын жасау.
Таза тұқымды өсіру әдісі арқылы алынған малды таза қанды деп атайды. Малдың таза қандылығы әдетте оның келешекте мол өнім беруімен оның төзімділігі жатады. Таза тұқым өсірудің жоғары дәрежелі, күрделі түрі мал тұқымы ішінде өзіндік ерекшеліктері бар топтар – аталық ізбен ұялар құру және оларды мал тұқымын жақсарту бағытында тиімді пайдалану. Мал тұқымын жақсартудың шегі жоқ
Малды будандастыру жолдары.
сіңіре будандастыру бұнда будандастыру жұмысын жүргізбес бұрын алдын ала барлығын, яғни тұқымды жан-жақты ойластырып, таңдап алады. Сол таңдап алынған тұқымның аталығы мен жергілікті ұрғашыларын шағылыстырады. Кейін әр келесі ұрпақ будандарының ұрғашыларын тек жақсартқыш тұқымның аталық малымен шағылыстырады. Кейін әр келесі ұрпақ будандарының ұрғашыларын тек жақсартқыш тұқымның аталық малымен шағылыстырады. Сіңре будандастыруға қатынасқан мал тұқымдарының санына байланысты бұл әдіс екі түрге бөлінеді: жай сіңіре будандастыру – жақсартқыш тұқым ретінде бір ғана мал тұқымы пайдаланылады. Мысалы, женргілікті қазақ қойларын қаракөл қошқарымен будандастырып, түбінде қаракөл қой тұқымын шығарып алуға болады.
Күрделі сіңіре будандастыру. Бұл әдісте жақсартқыш ретінде бірнеше мал тұқымы пайдаланылады. Мысалы, қазақ қойын алдымен Прекос қошқарымен, кейін Рамбулье қошқарымен шағылыстырып, нәтижесінде жергілікті жерде тамаша биязы жүн беретін қой тұқымы шығарылады. Сіңіре будандастырудың қай түрін қолданғанда болмасын есте болатын мәселе: ол - жергілікті мао тұқымының пайдалы биологиялық қасиеттерін жоғалтпау, мүмкіндігінше жақсартылушы және жақсартушы тұқымдардың пайдалы қасиеттерін олардың буданында дұрыс ұштастыру. Нәтижесінде көздеген нысанаға қол жеткізу болып табылады. Сіңіре будандастыруды тиімді қолданудың мысалы ретінде қазақтың жергілікті сиырын республикалың оңтүстік-шығыс аудандарында швед тұқымымен, солтүстік-шығыс аудандарында симменталь тұқыммен жақсартуды келтіруге болады.
Қан араластыра будандастыру. Будандастырудың бұл қасиеті жалпы өнімдік, жергілікті жағдайға бейімделген малд тұқымының кенйбір кемшіліктерін жою үшін немесе кейбір өнімділік белгілерін жедел жетілдіру үшін қолданылады. Қан араластыру әдісігн қолданғанда жергілікті өсіретін тұқымның негізгі өнімдік типін бұзбауға тырысады. Қан араластыру әдісі жеміәсті болу үшін, біріншіден, жергілікті тұқым жақсартқыш тұқыммен бір рет қана шағылыстырылапды. Осы шағылыстырудан туған ұрпақты қайтадан жергілікті тұқыммен шағылыстырады. Жақсартқыш тұқымның будандарға одан әрі қатынасы болмайды. Бірақ алынған будандардыәр уақыт мұқият сұрыптап, олардан ұйлесімді жұп құрып отыру қажет. Сондықтан жақсартқыш тұқым өзінің өсімдік қасиеті жағынан жергілікті жақсарылтушы тұқымға жақын болып. Ол малда жетіспейтін қасиет жақсы дамыған болуы шарт. Қан араластыра будандастыруды асыл тұқымды мал шаруашылықтарында да, өндірістік шаруашылықтарда да қолдануға болады. Бірақ шаруашылықтың бьағытына қарай әрқайсысында бұл будандастырудың әдісін қолданудың ерекшеліктері бар. өндірістік шаруашылықта жақсартқыш тұқымның аталығы мен өнімі төмен аналықтарды шағылыстырады. Себебі таза тұқым өсіру әдісіне мұндай нашар саулықтардан сапалы төл алу үшін көп уақыт кетереді. Ал қан араластыру әдісі арқылы бірінші ұрпақтың өзінде-ақ өнімділік қасиетін бірсыпыра жақсартуға болады. Бұған жалпы будандастыруларда бірінші ұрпақта кездесетін гетерозис құбылысының пайдалы ықпалы тиеді. Бұл әдіс Қазақстан қой шаруашылығында жиі қолданыфлады. Мысалды, қазақтың арқар мериносын Аскания қой тұқымымен қан араластыру арқылы жергілікті қойдың сапасын едәуір жақсартты. Ірі қарадан Алатау сиырын Швед тұқымымен қан араластыра будандастырып, оның сүттілігі мен майлылығын және желін формасын жақсартты. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында қан араластыру әдісін пайдаланудағы негізгі мақсат – жаңа аталық із кұру. Осы аталық ізді пайдаланудағы негізгі мақсат жалпй мал тұқымын жақсарту. Сондықтан жақсартқыш тұқыммен шағылыстыру үшін жергілікті мал тұқымына тән шаруашылыққа пайдалы өнімдік қасиеттері жақсы жетілген таңдаулы ұрғашылар бөлінеді. Будандармен жоғарыда айтылған тәртіппен жұмыс жүргізеді. Қан араластыру әдісін қолданғанда аса сақтық пен біргірлік керек. Жақсартқыш тұқымға жете мән бермеу, будандарды ретсіз сұрыптау мен кездейсоқ жұптау, жергілікті мал тұқымын жақсартудың орнына керісінше нәтиже алуға болады.
заводтық будандастыру шағылыстырылған мал тұқымдарының тиімді қасиеттеріне ұтымды ұштастырған, немесе кейбір қасиеттері бар мал тұқымын шығару үшін қолданылатын будандастыруды айтады. Қазіргі жаңа мал тұқымдарының басым көпшілігі будандастырудың осы әдісімен шағылыстырылады. Бірақ бұл будандастырудың қиын да күрделі екенін айту керек. Сондықтан бұл әдісті қолданып жоғары нәтижеге жету үшін, үлкен де білгір маман селекционер жұмысты бастамас бұрын жоспар жасап, нақты шаруашылықтарды белгілеп, тұқымдарды айқындап ашуы тиіс. Заводтық будандастыруды қолданғанда мына төменгі негізгі шарттарды басшылыққы алып байыпты жұмыс істеу керек;
а) жаңа тұқымның қандай болуы туралы нақты түсінік болуы шарт, яғни жаңа тұқымның ұнамды типі алдын ала белгілі, оның молелі болуы керек,
б) будандастырылатын мал тұқымын таңдау
в) будандастырудың ұтымды схемасын белгілеу
г) мүмкіндігінше тәжірибеде мол малды пайдалану
д) туыстас малды өзара шағылыстырғанда әсіресе жұмыстың басты кезінде аса ретті пайдалану
е) қажетті малға сәйкес белгілердің жақсы жетілуіне қолайлы жағдай туғызу.
5. Өндірістік будандастыру. Етке тапсырылатын немесе басқа өнім алу үшін екі немесе бірнеше тұқымдарды будандастыру арқылы өндірістің пайдалылығын арттыру үшін қолданылатын әдіс. өндірістік будандастырудың екі түрі бар: жай және күрделі. Жай өндірістік будандастыру екі тұқымның малын бір-бірімен шағылыстырып, алған бірінші ұрпақ буданынан әр түрлі өнім алумен шектелу. Күрделі будандастыруға үш тұқым қатынасады. әуелі екі тұқымды будандастырады. Осы жолмен аынған будандар еркек ұрғашысына қарамай белгілі өнім алуға пайдаланылады. өндірістік будандастыруда көбіне тек бірінші будан ұрпақты алумен шектеледі. өндірістік будандарда герерозистік құбылыс жиі кездеседі. Гетерозистік будандар тез жетілгіш әрі өміршең, төзімді, жақсы бордақыланады. Азықтандыруы, бағып күтуі бірдей жағдайдың өзінде, гетерозистік буындар таза тұқымдарға қарағанда өнімді 20-30 пайызға артық береді. Бірақ гетерозис құбылысы кез келген тұқымдарды будандастырғанда кездесе бермейді. Бұл құбылыс көбінесе будандастырылған екі тұқымның нәсілдік қасиеттерінің сәйкес келуіне байланысты. Республика ғалымдары мүйізді ірі қара шаруашылығының барлық саласында етті тұқыцдарды өндірістік будандастыру арқылы сиыр етін өндіруді 10-15 пайзға көбейтіп және өнімнің сапасын жақсартуға болатындығын зерттеулер арқылы толық дәлелдеп берді
6. Кезек будандастыру будандастыруға қатысатын мал тұқымының аталықтарын алмастыра, кезек пайдалану. Кезек будандастырудың өндірістік будандаструмен мақсаты бірдеі, яғни бірінші ұрпақта кездесетін гетерозис құбылысын мейлінше толық пайдалану. Сондықтан кезек будандастыруды жүргізгенде бірінші ұрпақтың және одан кейінгі әр келесі ұрпақтың ұрғашыларынан кензек будандастырудың қай түрінде де алынған төлдің енелері будан, ал аталары таза тұқым болып отыруы міндетті. Осының нәтижесінде әр уақытта біршама жоғары дәредедегі гетерозиготалықтың сақталуына байланысты бірнеше ұрпақ бойына гетерозисті будандарды алуды қамтамасз етеді.
7. Малды гибридтеу. Гибридтеу екі түрге жататын малдлы шағылыстыру. Гибриттердің ғылыми тәсіл ретінде жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын және ұрықтану процестері мен олардың шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен. Дегенмен гибридтеуді қолданудағы нешізгі мақсат – жабайы және жартылай жабайы жануарларды адам игілігіне пайдалану. Осы тұрғыдан гибридтеуді екі түрге бөледі. Оның бірі – күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін, ал екіншісі – малдың жаңа тұқымдарын шығару үшін пайдаланады. Күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін қолданылатын гибридтеу көне заманнан белгілі. Адам осыдан 4 мың жыл бұрын есекпен жылқыны будандастырып, жүк артуға, қара жұмысқа төзімді, ұзақ тіршілік ететін ұрпақ-қашарды алған. Сол сияқты айыр түйе мен аруананы будандастырудан қоспақ түйе алған
II ЗЕРТТЕУ ЄДІСТЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |