Виктимизацияның басты факторлары туралы
Қылмыстардың
виктимологиялық
алдын
алудың
тиімділігі
қылмыстарды жасауға жәрдемдесетін себептер мен жағдайларды, құрбан
болған адамның тұлғаларын зерттеу, қылмысты жасау тетіктерін терең
зерделеуге тәуелді.
Виктимогендік факторлар ретінде қылмыстың құрбанын туындататын,
оның
виктимизациялануына
жәрдемдесетін
мән-жайлар
танылады.
Сондықтан да, виктимизация процессін, виктимділікті қалыптастыратын
факторларды зерттеу маңызды.
Виктимизация (виктимнан кейінгі) екінші орталық виктимологиялық
түсінік болып табылады [1, 47-54 б].
Виктимизация - қылмыс құрбаны туралы ғылым,
криминологияның
бір
бөлімі. Виктимология құрбан болған адамның жеке басын, қылмыскер мен
құрбан арасындағы қатынасты,
қылмыс
пен
қылмыскерліктің
туындау
себебіндегі оның рөлін зерттейді. Виктимология осы негізде қылмыстың
құрбанына айналу ықтималдылығын, қылмыс құрбанымен жұмыс істеу
тәсілін болжайтын теорияны жасайды; сондай-ақ қылмыс құрбаны болуы
мүмкін адамдарды қорғау тәсілі туралы ақпараттар береді [2; 3, 47-54 б.].
Басқаша айтқанда, виктимология сөзін біз жеке адамның қылмыс
нәтижесінде құрбан болуымен байланыстырсақ, онда “виктимизация”
терминін оны жекелік деңгей мен көпшілік деңгейдедегі зерделеу
барысында қолданамыз. Нақты бір орында болған қылмысты зерделеу
барысында, виктимологиялық үдерісте нақты қылмыстың түрлері, нақты
қауіп көзі төнген құрбанның жеке басы, қылмыстың жасалу орны, уақыты,
әдісі және өзге де сипаттамалары талданады. Жалпы алғанда мұндай қадам
виктимизацияның шамасы мен көрсеткішін бөліп шығаруға, сонымен қатар
жеке құрбанның сапалық және сандық сипаттамасы мен факторларының
виктимизациясын анықтауға мүмкіндік береді.
Виктимизация мен криминализация бір көзден шығады. Виктимизация
қылмыстылықтың құрамдас бөлігі ретінде өзіндік ерекше параметрлері мен
сапалық сипаттамаларға ие болады, соның ішінде олардың құрамдас
категориялары бір-бірімен сәйкес келмейді [3; 4, 22 б]. Құрбан болу
үдерісінің жиынтығы виктимизацияның қылмыстылықтан айырмашылығы
болып табылады. Қылмыстылық пен виктимизацияның пайда болуы
себептері бір-бірімен ұқсас болып келеді. Әртүрлі бағыттағы ғалымдар бұл
мәселе жайында әр түрлі пікірге ие.
Биологиялық бағыттағы крминология қылмыс саласындағы тек
қылмыскердің ерекше генетикалық бейімділігінің себептерін ғана емес,
сонымен қатар жәбірленушіге келтірілген зияны мен сол жәбірленуші мен
қылмыскердің арасындағы табиғи биологиялық қарым-қатынастарын
зерттейді.
Ал өзге бағыттан қарастырғанда, генетикалық кодқа байланысы жоқ,
қылмыстық ниеттің пайда болуы мен іске асуын туғызатын жәбірленушінің
мінез-құлқын
мән-жайлардың
бірі
ретінде
қарастырады.
Тұқым
қуалаушылық
сөзсіз адамның
тікелей
психикалық
жүйке-жүйесі,
темпераменті және өзге де өзіне тән психофизикалық сипатқа әсерін тигізеді,
ал жеке индивид ретіне қалыптасуы оның тұқым қуалаушылық арқылы емес,
оның әлеуметтік өміріндегі қоршаған ортамен қарым-қатынасы, жұмыс
орны, тұрғын жайына байланысты болады. Белгілі бір адамдардың сол
немесе басқа қылмыстардың жәбірленушісі болуы, биологиялық бейімделуі
емес, әрбір тұлғаның өміріндегі пайда болатын өзіне тән жағдайлары мен
белгілерінен көрінеді.
Нарықтық экономикадағы радикалдық әлеуметтік өзгерістер әр адамның
тиісті қорғануының күрт төмендеуін сезіндірді.
Нарықтық экономика шарттарынан, адамзат қоғамының мүдделері мен
қылмыстардың құрбандарының болуы соңғы орындарға ығыстырылды,
сонымен қатар халықтың қылмыспен күресу тиімділігінің байыпты түрде
кепілдемелерінен мүлдем бас тартылды. Кең көзқараспен қылмыстылыққа
қарайтын болсақ, әлеуметтік тұрақсыздықтың факторы ретінде, барлық
немесе әртүрлі қылмыстарға ерекше тоқталып өткен. Халықтың жеке
басының қауіпсіздігінің қорғалмауын сезінуі, мемлекет пен қоғам
арасындағы сенімін азайтады және де құқықтық тәртіпке деген әлеуетін
бұзады.
Осының
салдарынан
қоғам
өміріндегі
халық
арасындағы
баспанасыздықтың, жұмыссыздықтың және т.б әлеуметтік шиеленістердің
өсуі, халық пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас үзіліп, халықтың
көпшілік бөлігі қылмыскерлермен (қорғаншы, тірегі ретінде) бірге жұмыс
жасауға құмар болады.
Осыған байланысты, ең бастысы криминология тұрғысынан алып
қарағанда жәбірленушілер мен қылмыскер арасындағы зорлық-зомбылықтар:
не жеке, не таныстар арқылы, не болмаса сәйкес ақылы қызмет түрінде
жүзеге асады.
Жәбірленушінің құқық қорғау органдарына байланыспауының негізгі
факторлары
ретінде:
құқық
қорғау
органдары
қызметкерлерінің
жәбірленушілердің талап арыздарынына (қабылданатын/қабылданбайтын)
қанағаттандырарлықсыздығы; жағдайдың өзіне байланысты себептері
(қылмыстың
дәрежелілігі, дәлел айғақтарының болмауы, полиция
біліктілігінің төмендігі); құқық қорғау органдарының қатысуынсыз мәселені
(өздігінен) шешу мүмкіндіктері; құқық қорғау органдарына теріс қатынасы
айтуымызға болады. Жағдайды өздігінен шешу мүмкіндіктері (отбасының,
достарының немесе балама кәсіпорындарының көмегімен) ресми шараларға
айналды.
С.Г. Войтенконың зерттеу нәтижесінде келесі тұжырым жасалған:
“Соңғы жылдары “отбасылық төбелесқорлар” деп аталатын жеке басқа
жасалатын зорлық-зомбылықтар саны күрт өсуде”. Осыдан бұрын
байқалмаған әлеуметтік құбылыстың қалыптасқанын көреміз, криминалдық
құрылғылармен кіші әлеуметтік топтағы халықтың криминалды жүріс
тұрысының алдын алу: әлеуметтік мүшелердің осы криминалдық өзін-өзі
реттеуі бұл криминалдық зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы жеке
тұлғалардың арасында болатын оқиғаны қалыпқа келтіруге мүмкіндік жасау
болып табылады [4, 41 б.].
Жүргізілген нәтижелер бойынша жәбір шекккендердің 36% ғана құқық
қорғау органдарына хабарлаған, ал қалғандары болса әр түрлі себептерді
сылтауратып болған қылмыстық оқиғаны құқық қорғау органдарына
хабарламауды жөн көрген. Мұндай әрекетке түрткі болған себептерді айтып
кетер болсақ: «өзіміз шешеміз» - 25%, «келтірген зардаптың мөлшері
шамалы» -16%, « кек алуға деген қорқыныш» -13%, басқа да себептер -10% ,
құқық қорғау органдарының белгілі дәрежеде көмек көрсете алмауы.
«Азаматтың ұрлыққа қатысты полицияға түскен өтініштің шешімін
заңдық тұрғыда қанша пайызға табады?» десек, сұрағандардың ең оптимистік
жауаптары - 4%, ал ең торыққан, яғни күмәнмен қарайтын жауаптары- 19%
құрады.
Бұл жерде қылмыстардың латенттігі, яғни жасырын қалуы,
процессуалдық тәртіп бойынша жүзеге ауырылуы керек әрекетпен қатысты,
яғни жәбірленушінің қылмыс бойынша жәбір көргенін тануы болып
табылады. Аталған сұрақтың жауабы көбіне тергеушінің қарауына
байланысты жүзеге асады. Егер ол қылмыстың болмағанын таныса, бұл
жерде қылмыстың жәбірленушілері жоқ дегенді білдіреді. Біз тығырыққа
тірелген жағдайдамыз, себебі қылмыстық іс бойынша өзін сол қылмыстың
жәбірленушісі ретінде көрсететін дәлелдемелерді ұсынбаса, ол ары қарай
өзін жәбірленуші деп тануға деген құқықтарын жүзеге асыра алмайды. Яғни
ол өзін жәбірленуші ретінде дәлелдей алмаса, онда ол жәбірленуші болып
табылмайды.
Егерде қылмыстық іс қысқартылған болса, мысалы қылмыс құрамының
болмауы сияқты жағдайларының орын алуы, алайда бұл жерде қылмыстың
фактісі дәлелденген болса да, жәбірленуші заң бойынша өзіне тиесілі
құқықтарды да пайдалана алмайды. Қарапайым мысал ретінде, автокөлікті
айдап әкету: яғни бұл жерде автокөлікті айдап әкеткен адамды нақты
анықтап таппаса, көлік иесі жәбірленуші болып таныла алмайды. Яғни бір
сөзбен айтар болсақ, бұл жерде «де-факто» деп отырғанымыз қылмыстың
құрбанының болуы, ал қылмыстық іс бойынша оны жәбірленуші деп тани
алмау. Ал осындай жағдайлар мыңдаған.
Қылмыстың өсуі жағдайында, республикамызда көбіне криминалдық
қоғамның қалыптасуынан халықтың виктимизациясы, яғни қылмыстың
құрбаны болуы орын алуда. Виктимизация мен криминализация - бұл
әлеуметтік процесстердің арақатынасы.
Жаңа қоғамдық жүйеге өту біраз қиындықтар туындады. Атап айтсақ,
құқықтық ағарту және халықты құқықтық тәрбилеу жүйесін бөлектеу өз
кесірін тигізді. Шарттар және өзге де шаруашылық әрекеттерді жүзеге
асырудың құқықтық жағынан дұрыс түсіндірілмеуі немесе жеткізілмеуінен,
халықтың
экономикалық
қылмыстардың
құрбаны
болуына
және
азаматтардың меншік құқығына деген құқықтың қорғалуының төмендеуіне
әкеліп соқтырды.
Виктимизацияға негізгі себептердің бірі болып, отбасындағы
жанжалдар (отбасының материалдық жағынан төмендеуі) және отбасы
мүшелері арасындағы қарым қатнастарды айтсақ болады.
Әр уақытта да отбасы дегеніміз жылулық пен сабырлықтың ошағы
болып табылады және солай қала бермек. Қазіргі таңда моральдық
құндылықтар күйреп, адамға осы бір «үлкен әлемде» қауіп төнген жағдайлар
орын алған кезде, адам өзіне қорғаныш пен көмекті «кішігірім әлемнен»,
яғни өзінің жанұясынан іздейді.
Сөзсіз, өзіне деген назар мен қамқорлықты бірінші кезекте балалар
қажетсінеді. Өкінішке орай, қазіргі заманда балалар әлеуметтік тұрғыдан ең
қорғансыз тобы болып табылады. Көбісі үлкендердің қатал әрекеттерінен,
бұзылған криминалдық ортаның әсерінен, аморальдық өмір салтын
ұстанатын, яғни моральға жат әрекеттерді көрсететін отбасылардан
қорғанбаған. Осындай әрекеттерден отбасындағы балалар үлкендер
тарапынан жасалатын теріс қылықтардың олардың психикасына әсер етуінен
олар виктимизацияға ұшырайды, яғни осындай жат қылықтардың құрбаны
болады.
Қазіргі таңда виктимдік, нашар, яғни сәтсіздікке ұшыраған жанұялардың
көбісінде психологиялық сәйкессіздікке ұшыраған агрессиялық сипаттағы
қарым-қатынастар орын алып отыр [5, 12 б.]. Бұндай отбасыларда көбіне
балалардың қажеттіліктеріне деген қатал елемеушіліктер, кемсітушіліктер
қалыптасқан, қатал қарау – балаларды балағаттап, оларды шеттету, балаға
деген титтей де болса қамқоршылық жасамау. Балаларды өмірі қорлайды,
ұрып-соғады, оны тамақтандырмай тастайды және бір тілім нанмен
жазғырады, тіпті оларды үйден де қуып шығады. Көбіне балалар сауықтыру
орталықтарына келіп түскенде, олардың денесінен ата-аналарының құқыққа
қайшы жасаған әрекеттерінен алған жарақаттарын көруге болады. Ал
осындай үлкендер тарапынан болатын қатал әрекеттер мен зорлық
зомбылықтан құтылу үшін, балалар мен жасөспірімдер өздеріне өздері қол
жұмсауға барады.
Кәмелетке толмағандардың өзінің туған-туыстарына қатысты жасаған
қылмыстары, дәл осындай қылмысты үлкендердің жасағанынан екі есеге көп.
Әрбір төртінші жанұяда, жоғарыда аталып кеткен тұлғаларға
(жәбірленушілерге) кәмелетке толмағандарға әрдайым қоқан-лоққы жасап
отырған, ішімдікке салынып, оларды қылмыс жасауға да итермелген.
Мұндай отбаслар аморальдықты, адамдар арасындағы қатынаста
зорлық-зомбылықты
дәріптеп
отырған.
Осылардың
кесірінен
сыйламаушылық, дөрекілік, қатыгездік, ашық арсыздық сияқты әрекеттер
балалар тәрбиесінің нормасына айналды. Бұл құбылысты көбіне балаларды
қаламағандықтан олардың дүниеге келуімен түсіндіруге болады. Олардың
қажетсіздіктері одан бұрын қалыптасып қойған, яғни бала туылмас бұрын
ата-аналардың күнделіктегі тұрмыста өздерін ұстай алмаушылығы, әртүрлі
ауруларының болуы және олардың өмірдегі сәтсіздіктері, өздеріне және
болашақтарына сенімсіздікпен қарағандықтан да, олар үрей мен
алаңдаушылықты сезеді.
«Жоспарда болмаған балалар» кәмелетке толмағандарда туылады,
қазіргі таңда өте жас аналардың көбейе бастағанын көруімізге болады.
Сонымен қатар, толық емес отбасылардың қатары да артып келеді: бұл
жалғызбасты аналардың, ажырасқан әйелдердің санының артқанынан
байқалады. Мұндай отбасыларда анасы балаларына өзінің жеке мәселелерін
таратып, тағдырының осылай сәтсіздікке ұшырауын балаларынан көріп,
аңдаусызда, олардан өш алады.
«Кездейсоқ» балалар өмір бойы ұнамсыз, бас тартылған, тастанды
болып қалуы мүмкін. Балалардың ата-анасына деген өші өмір бойына қалуы
мүмкін, осыдан бала қатыгез, арсыз, дөрекі, агрессияшыл болып,
эмоционалды тұрғыдан сараң болады, қоғамның пікірімен санасқысы да
келмейтін болады.
Отбасындағы жағдайдың шиеленісуі - болашақ қылмыскердің жасаған
әрекеттерінен ғана туындамайды, ол ықтимал жәбірленушінің жүріс-
тұрысынан да болуы мүмкін, оның екіншісінің әрекетіне себеп болған, яғни
жәбірленуші тарапынан болған алдын ала жасалатын жағдайлар мен
әрекеттерге де байланысты болады. Қылмыс жасалған отбасыларда болатын
жағдайлар кезеңділікпен немесе осыған дейін жеткізуге апаратын
әрекеттерден туындайды, атап айтсақ келіспеушіліктер, төбелестер,
отбасында болатын қысқа немесе ұзақ мерзімді үзілістер, жұбайының
опазыдығы, екі жақтың немесе біреуінің ішімдікке салынуы. Отбасы
жағдайында үлкендердің жасөспірімге психикалық тұрғыдан теріс әсер етуі
оның жоғары виктимдігін қалыптастырады, осыдан ол бала өзін қоғамнан
жат тұлға ретінде сезінеді.
Осындай жағдайлардың құрбаны болғандар, болашақта олардың
қылмысқа баруы аз емес. Қазіргі кезде, қылмыс жасалған уақытта құрбан
болған тұлғаның сипаттамасын анықтамау, қылмыс жасаған тұлғаның ісіне
жаза қолданбау деген сияқты девианттық жағдайлардың қалыптасуы үлкен
қауіп төндіріп отыр. Сондықтан да, оларды теориялық және тәжірибелік
тұрғыдан зерттеу үлкен маңызға ие.
Жәбірленуші болған жандардың кейін келе қылмыскерге айналып
жататын жағдайлары аз емес. Сексуалды зорлыққа ұшыраған балаларда
девиантты нысандағы сексуалды тәрбиенің қалыптасуы байқалуда.
Азғындалған жас өспірімдер болашақта өздерінен кіші балаларға сексуалды
күш көрсетететін жағдайлар аз кездеспейді [6, 82 б.]. Жәбірленуші болған
адамның өткені мен алдағы рольдерінің арасында тәртіпке қайшы байланыс
бар: қылмыскер-құрбан, құрбан-қылмыскер.
Виктимизацияның бірден-бір себебі микросоциалды ортаның, халықтың,
әсіресе жастардың алкоголизациялауға ұшырауы (тұрмыстық оратада, бос
уақытында, қарым-қатынасында, еңбек ақысының орнына спирттік өнім алу
және т.б) болып табылады. Ол қылмыскерліктің динамикасы мен
құрылысына, сонымен қатар виктимділік динамикасына тұрақты түрде
криминогенді әсер етеді.
Факторлар жүйесінде алкоголизм тек қана қылмыскерлікке ғана емес,
сонымен
қатар
жәбірленушілердің
виктимділігіне
әсер
етеді.
Қылмыскерліктің криминологиялық динамикасын зерттеу барысында оның
жасару тенденциясы алкоголь қолдануға тәуелді екені бұрыннан көрсетілген.
Қылмыстың көп бөлігі жәбірленушілердің мас күйінде болуына байланысты
болатыны анықталған.
Мұның барлығы, құрбан болудың кенеттен, кездейсоқтықтан емес
екендігін көрсетеді.
Әлеуметтік-этникалық факторлардан басқа, криминологиялық және
виктимиологиялық тұрғыдан қоғамдағы адамгершілік-психологиялық жағдай
виктимизация процессінде айтарлықтай орын алады.
Соңғы жылдары адамның материалды жағдайының өсуі мен рухани
жетілуінің арасында үлкен айырмашылық байқалуда. Қазіргі таңда анық
көрінетін жағдай: өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мәдениет пен
адамгершілік қасиеттерінің жетіспеушілігінен туындауда.
Жәбірленушінің адамгершіліксіздігі қылмыс жасау себебін және
қылмыскер тәртібінің механизмін анықтайтын негізгі кілт болып табылады.
Жәбір көрушінің аморальді тәртібінен басқа конфликтогенді фактор
ретінде жеке тұлғалық құрылымында жағымсыз қасиеттердің болуы
маңызды қызмет атқарады. Осыған орай Г.И. Чечель: «Егер қоғамдық
ортадағы адамдардың тәртібі әлеуметтік жағдайларға шартталған болса, онда
тек осы ортаға карап өзін сипаттай алады, ал әрбір жеке индивидтің
тәртібінде оның өзіндік жеке қайталанбайтын, өзіне тән қасиеттері мен
ерекшеліктері, сонымен қатар психофизиологиялық қасиеттері үлкен роль
атқарады. Белгілі бір жағдайда іс-әрекеттің туындауы, осындай жағдайда
адам тәртібінің нысанын, себептері мен шарттарын толықтай түсіну үшін
адамның толықтай сипаттамасын анықтау керек: жасы, жынысы, отбасылық
жағдайы, еңбек қызметі, мәдениет деңгейін, бұрынғы сотталғандық
мәліметін, адамгершілік – психологиялық, психофизикалық ерекшеліктерін
және т.б» [7, 184 б.].
Соңғы жылдары жәбір көрушілердің арасында шала сауаттылардың
(сонымен қатар сотталғандардың) саны көбейіп келе жатқаны құпия емес.
Дегенмен, жалпы мәдениеттің деңгейін есептемегенде, жеке алынған білім
деңгейі (виктимиологиялық жағдай тудырған құрбандардың арасында
жоғары, жартылай жоғары немесе арнайы орташа білімі бар адамдар аз емес)
белгілі бір тәртіп түрін таңдауға айтарлықтай әсер етпейді, себебі, адам
тәртібінің нысаны мен білім деңгейі арасында сызықтық тәуелділік жоқ.
Сондықтан, білім процессі қоғамтанымдық, адамгершілік тұрғысынан
тұлғаның қалыптасуын болжайды.
Жәбір
көрушілердің
көбісіне:
тез
ренжігіш,
ашуланғыштық,
агрессиялық, сыйыспаушылық, арамтамақтық күнкөріс, ішімдікке салыну
және т.б сияқты сотталған адамдарға тән теріс тұлғалық қасиеттер тән
болады. Кейбір жағдайларда жәбір көрушілер өздері қылмыс жасауға немесе
өздеріне жасалған қылмысқа толығымен кінәлі болу да мүмкін.
Тағы бір себебі, жәбір көруші мен қылмыскердің арасындағы қарым-
қатынас сипаттамасы болып табылады. Болашақ қылмыскер мен болашақ
құрбанның қарым-қатынасы өзіндік сипаттамасы бойынша әртүрлі болуы
мүмкін: жақсыдан немқұрайлыға, бейтараптан жеккөрінішке дейін немесе
ашық дұшпандық болуы мүмкін.
Көпшлік қылмыстар көршілеріге қарсы жасалатыны жайлы факт көңіл
аудартуда. Көбінесе бұл сыйыспаушылық, мазасыздық қасиеттер тән егде
жастағы адамдарда жиі кездеседі. Олар жанжалдың себепкерлері болып
табылады (әдетте, қатты дауыстағы ән, қоғамдық қолданыстағы орындарды
дұрыс пайдаланбау т.б). Күнделікті өмірге жағдай жасалмаған бір пәтерде
тұру тек қана көршілердің арасында ғана емес, сонымен қатар жақын
туыстардың (ағалы-інілер, апалы-сіңілілер, ата-аналар, ата, ене) арасында да
конфликт тудырады. Мұндай көпшілік отбасылардың қарым-қатынасында
өзара
шыдамдылық
пен
сыпайылық
болмайды.
Олар
көбінесе
пікірталастарды тіл тигізу, физикалық және психологиялық күш көрсету
арқылы шешеді.
Шет елдік виктимолог-ғалымдарының зерттеулері бойынша қылмыстың
өсуіне әртүрлі мемлекеттер мен аймақтардағы әртүрлі қоғамдық топтардың
біркелкі емес реакциляары әсер ететіндіктен, виктимизация қорқынышын
сезінетін адамдар санының орташа көрсеткіші аймақтағы қылмыстың
деңгейін нақты көрсететінін дәлелдеді. Басқаша айтқанда, қорқыныштың
қоғамдық психология мен бұқаралық санада таралуы криминологиялық
жағайлардың негізгі объективті көрсеткіші болып табылады. Сұхбаткер жасы
неғұрлым үлкен болған сайын қылмыс алдындағы қорқыныштар де жоғары.
Тұрғылықты жерге қатысты біз, елді мекенде халық саны көп болған сайын,
аталған аумақтың қорғалу деңгейі төмен және көпшілік азаматтар өздерін
қауіп-қатерде сезінгендіктен түнде белгілі бір көшелер мен орындарды
айналып өтетінін көрсете аламыз. Бұл сонымен қатар, қылмыс алдындағы
қорқыныш тұрғылықты жер аумағына қатысты пропорционалды өсетінін
көрсетеді.
Көпшілік
жәбір
көрушілер
тұрғылықты
жеріндегі
қылмыскерлердің құрбандары болған.
Виктимогенді жағдайлар негізінде үлкен қалаларда туындайды. Адам
түнгі уақыттарда қала көшелерінде жаяу жүрген кезде виктимогенді
жағдайда болады, яғни, қылмыстың құрбаны болуы мүмкіндігі жоғары.
Өмір деңгейі виктимділіктен сызықты емес тәуелділікте. Көбінесе
қаржылай кірісі төмен немесе жоғары адамдар виктимді болып табылады.
Орта топ аз виктимділікке ие.
Сонымен, виктимизацияға қатысты алынған мәліметтер негізінде келесі
қорытындыларды жасауымызға мүмкіндік туындайды:
Қоғамда құрбан болу қарқыны артуда. Бұл қорытындылау ешқандай
күмән келтірмейді.
Қылмыс алдындағы қорқынышты жұмысты жоғалтып алу (жоқтық)
сияқты қорқыныш пен сенімсіздікпен, отбасы жағдайымен, қаржылай
қауіпсіздікпен сипатталатын жалпы өмір деңгейінің фонында қарастыру
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |