Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет25/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

Қылжақбас иттеріңе қор қылғанша! – депті де жүре беріпті.

Атақтылардан кім бар?



Атақтылардың бәрі баяғыда атылып кеткен. Енді қалғаны біз, – дейді Қанекең.

Сонда қарт ауыр күрсініп:

Түсіндім, қарағым, – дейді, – жазушының қалқаны кетіп, талқаны қалған екен ғой! (С. Оспан).



Сонымен алып келді «саяр» жерге,

Көріппін бе бұндай жер бұл өмірде

Білмейсің жатқаныңды қанға батып,

Шүкірлік етпегенге жанға батып (Қ. Ырзаев).

Сондай жігіттен жеріп, мен секілді құрбақаға қызыққаны миға қонымсыз (Айжарық). Орнынан айрылғысы келмеген талай көбелек келіп маған доқ көрсетті. Көбелектердің жұмысын өздеріңіз де білетін боларсыздар, түнде қызады да, күндіз демалып жатамыз.

Осыдан таң атсыншы әлгі жылтырбастың баласына құртармын, – деп ашуланды.



Жылтырбасыңмен сөйлесе алдың ба?

Жылтырбаспен ертең кездесемін, бүгін мүмкіндік болмады, – деді (Ар-Айна).

Асты сызылған қазіргі кездегі дисфемизмдерден адамдардың басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері толық айқындалған. Сонымен қатар диалогтардан кейіпкерлерге тән психо-физиологиялық ерекшеліктерді байқауға болады әрі кейіпкерлердің арасында өзара психологиялық үндестік бар екенін көреміз.

Сонымен баспасөз беттеріндегі және қазіргі кездегі дисфемизмдерді саралай келсек, басы артық құлаққа жағымсыз естілетін дисфемизмдерді молайтпау керек, қайта оларды азайту, яғни тежеу қажет. Біздіңше, бұл аса қиын әрі жауапты іс болса керек.

Дегенмен, дисфемизмдердің көркем әдебиетте, поэзияда қатар қолдануын қателік деуге, оны жазғыруға болмайды. Кейбір зерттеуші мамандардың пікірлеріне қарағанда: “Рас көркем әдебиетте мұндай қарапайым сөздер қолданылу керек, бірақ авторлық ремаркадан гөрі кейіпкер тілінде, диалогтарда ортақ төл сөзде (“несобственно-прямая речь”) қолданылса ұтымдырақ болар еді” [40, 79 б.]. Автордың айтып отырғаны кейіпкер тілі мен диалог түрінде беріліп отыр, анық ұтымды жері де осында болса керек. Қаламгер әрқашанда дисфемизмнің екі түрінде (бүкіл халықтық, жеке қолданыстағы) алма кезек қолдана береді. Бірақ публицистикалық стильдерде қолдану ерсі. Тіл тәжірибесі келе-келе оларды реттеп, біржола көркем әдебиетке орнықтырып, кейбіреулерін әдеби нормаға өткізетіні сөзсіз. Дөрекі ұғымдарды білдіруге жұмсалатын дисфемизмдерді мүлде қолданыстан шығарып тастау керек. Бұл іске халықтың саналы түрде араласуы қажет, бірақ негізінен мәселені тілді қолдану тәжірибесі шешеді деп білеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет