Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет4/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Тақырыптың өзектілігі. Тіліміздің сөз байлығы бірден-бірге ауысып, бүгінгі дәуірге дейін келіп жеткен мол қазына, асыл-мұра екендігі баршамызға аян. “Тілдегі сөздер - халықтың барлық білген білімі мен білігі, ойы мен идеясы, дүние танымның көрінісі” [1, 89 б.]. Осы тұрғыдан келгенде, дисфемизмдер де ұлт өмірінің айнасы, тұрмыс-тіршілігінің рухани мәдениетінің куәсі бола алады.

Тіліміздегі дисфемизмдерді өзге де лексикалық, стильдік топтардың қатарында жан-жақты қарастыратын уақыт жетті. Олардың тілдік табиғатын ашу, пайда болу жолдарын, қыр-сырын нақты фактілер негізінде түсіндіру, маңызы мен мәнін айқындау – жоғары деңгейдегі ғылыми талаптардың бірі. Дисфемизмдер мән-мазмұны, коммуникативтік қызмет жағынан жағымсыз сипатта қолданылатындығымен ерекшеленеді. Олардың арасында жұрттың бәріне бірдей түсінікті, ешкім де жатырқамай, жатсынбай қолдана беретіндері бар да, сан алуан тілдік тәсілдерді пайдалана отырып, сөз зергерлері жасаған авторлық қолданыстағылары бар. Эмоционалды бояуы күшті, экспрессивтілігі өте әсерлі сөздермен қатар әдеби тілде қолдануға жатпайтын дөрекі, тұрпайы сөздер де аз ұшыраспайды. Осыдан келіп дисфемизмдер мен эмоционалды-экспрессивті лексиканың қарапайым сөздердің ара қатынасын, өзара жігін анықтауға тура келеді. Жалпы алғанда, морфология үшін сөз таптарының лексикалық-грамматикалық табиғатын, қызметін, өзіндік белгілерін ашып айқындау қандай қажет болса, лексика үшін сөздердің лексикалық, стильдік болмысын, пайда болу жолдарын, ара қатынасын, бір-бірінен айырмашылығын ашып-айқындау соншалықты қажет. Қазақ тіліндегі дисфемизмдердің бұрын-соңды зерделенбей, еленбей келуі тақырыптың өзектілігін байқатады, теориялық-практикалық құндылығын арттырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет