Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет30/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69
Шөпжелке әйел баласына байланысты айтылған дисфемизмдердің қатарына жатады. Бұл сөз қызбаланы ұлбаламен тең көрмеу, кем тұту, оның қоғамдағы орнын төмен санау мақсатында айтылған. Мысалы:

- Әйшейінде көзге ілікпейтін шөпжелкелер аяқ асты шаштарын төбелеріне қоқырайтып түйіп, бұрала басып, шыға келгенде сырттан тани алмай аласұрасың (С. Мұратбеков).

- Басыңды айналдырған екен, шектінің шөпжелке шүйкебасы («Қыз Жібек» көркем фильмінен).

- Мен көргенде шөпжелке кішкентай ғана қыз едің (І. Есенберлин).

Бұл мысалдардағы шөпжелке күрделі сөз. Шөп және желке деген екі түбірден құралған, жеке-жеке алғанда екеуі екі түрлі мағына береді. Шөп жер бетіне жап-жасыл болып шығатын көкорай, шалғын балауса шабылған пішен деген сөз (ҚТТС, 10 т., 269). Желке - кәдімгі адамның дене мүшесі, анатомиялық атау. Біздің тұспалдауымызша, шөпжелке қыздарды исі аңқыған жас шөпке теңестіруден туындаса керек. Өйткені қазақ қыздары бағызы замандарда косметикалық құрал ретінде дәрілік шөптерді көп пайдаланған, әсіресе, шаштарын осы шөптердің тұнбасымен жуғандықтан желке тұстарынан шөптің хош иісі аңқып тұрса керек. Тегінде шөп пен желке сөзі осылай байланысып соны мәнге ие болған сияқты. Екіншіден, шөптің әлжуаздығы да осы мағынаның пайда болуына себепкерлік етуі ғажап емес.



Ұрғашы қазақ тіліндегі әйел сөзіне қатысты дисфемизмнің бірі. Әйел сөзінің басқа да қосалқы сыңарлары сияқты әйелді кеміту, іске жаратпау, жек көру ұғымынан пайда болған. Бұл қолданыс халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінде көп кездеседі. “Қобыланды батыр” жырынан бір мысал:

Құдай кіші жаратты,

Төмен етек ұрғашы.

Сұлтаным сүйер ақ денем,

Бола ма жаудың олжасы?

Бір ұрғашының айласы қырық есек-бір қаршыға жүк болар (Мақал). Ылыққан ұрғашы ышқырынан арғыны ойламайды. Осы мысалдардың бәрінде әйелді төмен санап, жан-жануарлардың ұрғашысына теңеген. Жоғарыдағы екі мысалда ұрғашы сөзі әйелдің өз ауызынан шыққан. Демек, сол кездегі қоғам ғана емес, әйелдер өз-өздерін де кем санаған.

Тоқал. Әйелге қатысты айтылған бұл сөз екі түрлі мағына береді. 1. Тоқал кіші әйел. 2. Тоқал ешкі.

- “Бәйбіше-құдай бұйрығы, Тоқал – иттің құйрығы”, “Тоқалы күшті болса бәйбіше байдан безер” (Мақал).

Ертеде бір байдың екі әйелі бар екен. Тоқалы сақау да аңқау, бәйбішесі қатал да қу екен. Тоқалды тамақтан қағып күн көрсетпейді екен (Ертегі).

- Маған тоқал болуға Мақпал мақұл деді. Тек өзіңе тіреліп отыр (З. Жәкенов).

- Айғырлығың асып бара жатса, үйіңе тоқал әкеліп кіргіз! (Ә. Кекілбаев).

- Ие, күнім тоқалды ең жақсы көрер нақ сүйер дейді (С. Бақбергенов).

- Маңдайымдағы жалғыз жарымды кесір жуанның тоқалдығына бермекпін бе? (О. Сәрсенбаев). Айтжан қонған жоқ. Өзін күтіп отырған жас тоқалға жеткенше асығып, Тұрсын екеуі түнделетіп ауылына қайтты (З. Жакенов).

Бұл сөзге ғылыми еңбектерде мынадай түсініктеме берілген: “Тілімізде бұл сөздің мағына жағынан, бір-біріне онша жуыса бермейтін екі түрі бар. Оның бірі: тоқал – мүйізі жоқ, тұқыл.



-“Көршінің тоқал сиыры да маңғаз басып, өріске беттеп барады” (Д. Досжанов).

Түркі тілдері ішінде бұл сөз (токол) осы мағынада қырғыз тілінде де бар. Көне түркі жазба ескерткіштерінің ішінде М. Қашқари сөздігінде “тоқ” және “тоқулық” тәрізді екі түрлі дыбыстық құрамда кездескенімен мағына бірлігі сақталған. 1. қасқа; 2. мүйізсіз дегенді білдіреді. Көне түркі сөздігі бұл сөздің алғашқы шыққан төркіні қытай тілі екендігін көрсете кетеді. Қытай тілінде “ту”, “прор” тұлғалары - “қысқа”, “мүйізсіз” мағыналарын берген (ДТС, 576). Осыған қарағанда, ертеректе тек мүйізі ғана жоқ емес, шашы жоқ адам да “тоқал” аталғанын аңғарамыз.

“Тоқал” сөзінің тағы бір мағынасы түсіндірме сөздікте - қатын үстіне алған әйел. Нұртаза әлгі әзірде тоқалының үйінен шығып, екі шақырымдай жердегі қойлы ауылға келген (С. Жүнісов). “Тоқал” тұлғасының “мүйізсіз” ұғымын беретін “тоқал” сөзімен мағына жағынан байланысы болмауы ойландырады. Парсы тілінде біздегі “екі” мағынасын “до” тұлғалы сөз берсе, “екілік”, “екінші” ұғымдарын “дохал” сөзі түсіндіреді. “Дохал” сөзі кейбір түркі тілдеріне ауысып, “тоқал әйел” тіркесі пайда болып, кейін “әйел” сөзі түсіріліп, “тоқал” қалыптасуы ғажап емес. Бұл тұрғыдан қарағанда “тоқал әйел” біздің қазіргі түсінігімізге аударғанда “екінші әйел” болады” [45, 272 б.].

Екіншіден қазақ дүниесінде тоқал ешкі дегенмен өзара астарласып жатыр. Ен далада көшіп-қонып өмір кешкен ата-бабаларымыздың байырғы дәулеті- малы болғаны тарихқа белгілі ұлттық ұғымымызда мал мен адамның өмірі тығыз байланысты болған. Бұл тілімізде де үлкен көрініс тапқан. Халқымыз әуелі малдың амандығын сұрап, “Мал-жан аман ба?” дейді. Адамға қатысты айтылған тіліміздегі кейбір жаманды-жақсылы сөздердің ішінде төрт түліктің қамтылмағаны жоқ. Қазақ адамдардың кейбір ұнамсыз мінездерін малға ұқсатқан. Төрт түліктің әрқайсысының түрі-түсін, сыры мен мінезін, ерекшелігін жан-жақты анықтаған. Күндіз-түні малмен бірге жүріп, сырын ұғып, сынын білген халық дүниеге мына сынды мақалдарды әкелген. “Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, құлағынан айырылыпты”. Осылайша, әйел үстіне барған әйелдің рөлін төмендетіп тоқал ешкіге теңеген. Екі мағынада жұмсалып тұрған тоқал сөзінің шындап келгенде этимологиясы бір деп есептейміз. Бұл ретте тоқалдың сәукелесіз әйел екендігі де ескерілуі мүмкін. Тоқал сөзі тек қана ауыз екі тілде ғана емес, көркем әдебиетте де қолданылады. Ескі салт-санаға байланысты қолданылатын тарихи сөздердің қатарына жатады.



Тесік моншақ - қыз балаға байланысты айтылған сөз тіркесі. Моншақ әйелдер мен қыздардың мойынға тағатын әшекей бұйымы. Жас өспірім қыздардың сұлулығын, әдемілігін моншаққа теңесе, тесік сөзі гендік тұрғыдан әйел баласының биологиялық ерекшелігіне байланысты айтылған тұрпайы сөз. Мысалы: Тесік моншақ жерде қалмас (Мақал). Ескі патриархалды рулық қоғамда қыз баланың рөлін ер баладан төмендетіп, кемсітуден шыққан. Тесік моншақтың әдемі тізбектеліп, жерде қалмайтыны сияқты “қыз да тұрмысқа шықпай, ерге телінбей қалмайды” деген мағынаны береді.

Салпыетек. Отбасы ошақ қасында отырған әйелді осылай атаған. Әйелді өз киімінің, ұзын көйлегінің салпылдаған етегіне теңеген. Бұл сөзде әйел сөзінің басқа дисфемизмдері сияқты өмірде әйелді қорлау, адам есебіне алмау мағынасында жұмсалған және ерте кездегі қазақ әйелінің әлеуметтік рөлінің өте төмен болғандығын көрсетеді. Мысалы:

- Қазір ол салпыетек, ауылының сары қарын әйелі болған (О. Сәрсенбаев).

- Қара басының қамынан аспайтын салпыетек мен аман қалдым, Аяға (Б. Мұқаев).

Жоғарыда келтірген барлық мысалдар әйел жынысы қалыңмалға сатылып кететін, сатып алынатын, өз басында еркі жоқ екендігін сипаттайды. Ұлттық дүние танымдағы әйелдердің әлеуметтік рөлін ашып көрсетеді. Әйелдің затпен, малмен бір деңгейде сипатталуының өзі әйелдің тұрмыстық, әлеуметтік жай-күйін аңғартса керек. Қазақ дүние танымдағы әйелдердің ерлерден бір саты төмен тұратындығын көрсетіп, ұлттық дүниеміздің тілдік бейнесіндігі әйелдер образын төмендегі лексемалар айқындай түседі. Тесік моншақ, шүйкебас, қатын, қатын ит, қатын деген иттің күшігі сияқты, үйде отырған бір қатын, қатын сөзіне кім құлақ асады дейсің. “Байсыз қатын - баусыз оймақ”. Үй болған соң бір қатын керек-ақ екен т.б.

Қорыта келгенде, тіліміздегі бір ғана әйел сөзінің бірнеше дисфемизмі бар. Топтастырғанда:

1. қаншық - қыз, әйел;

2. шүйкебас - келін, келіншек, жас әйел;

3. салпыетек - әйел, үй қызметіндегі әйел,

4. тоқал - екінші әйел;

5. ұрғашы - әйел адам;

6. шөпжелке - жас қыз, бойжеткен;

7. тесік моншақ - қыз.

Олар әйел затын әр қырынан бейнелеп, тұрпайыландырған, дөрекілендірген.

Бұл дисфемизмдердің барлығы да халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздер, қазақ халқының жалпы халықтық лексикасы. Мәселе сол лексиканың қалай, қандай мақсатта жұмсалуына байланысты. Әйел сөзінің барлық дисфемизмдік варианттары әйелді төмен санау, қорлау адам санатына қоспау мақсатында жұмсалған және қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты қалыптасып, қолданысқа енген. Бұл дисфемизмдердің көпшілігі жаңа заман талабына орай ұғымдары ескіріп, қолданыстан шығып қалып отыр. Сөздік құрамының пассив қабатына өтіп, тарихи сөздердің қатарынан орын алады.

Неке мен отбасына байланысты қалыптасқан дисфемистік атаулардың бірі - еркек. Бұл сөзде ер адамды кемсіту, қорлау, ұғымынан пайда болған. Мысалы:

1. Арылмайтын сорың бар

Құлдық ұрсаң дұшпанға,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет