Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


Орта ғасырлық жазба ескерткіштер тіліндегі дисфемизмдер



бет16/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

1.3 Орта ғасырлық жазба ескерткіштер тіліндегі дисфемизмдер

Туған өлкеміздің ортағасырлық жұлдыздарының бірі - Махмуд Қашқари “Түркі тілдерінің лұғатын” (“Диуану луғат ит-турк”) құрастырып, артына мәңгілік өлмес мұра қалдырған ғұлама. “Диуану луғат ит-туркте” қамтылған сөздер түгелдей дерлік түркі тілдеріне ортақ сөздер екенін ғалымдар талай мәрте дәлелдеді. Бұл жәдігер туралы академик А.Н. Кононов өз пікірін былайша білдірген: “По богатству содержания словарь М. Кашкарского представляет собою единственный в своем роде труд, в которым представлены: 1) лексика с указанием племенной принадлежности; 2) сведение о расселении тюркских племен; 3) классификация тюркских языков; 4) сведения по тюркской исторической фонетике и грамматике; 5) сведения по истории, географии, поэзии и фольклору тюрок” [23, с. 11].

Бірнеше ғасырдан бері ұлы түркітанушы М. Қашқаридің аталған еңбегі тіл мамандарының, ізденушілердің назарынан сырт қалған жоқ. Кейбір дисфемизмдердің мағынасын ашуға осы сөздіктегі фактілерде көмектесе алады. Мысалға:

Ерәәк ергә тегмес,

Иуәк еугә тәгмес,

Еркекқұмар (жезөкше) күйеуге тимес,

Алаңғасар (желөкпе) үйіне жетпес [24, 39 б.].

Жезөкше” ұғымының ортағасырлық атауы ерсәк болса, “желөкпе” ұғымының сол кезеңдегі атауы - иуәк. Бұларды басқа сөзбен айтсақ, жүргіш әйел, жеңіл мінезді адам. Ұғым-түсінігін сыпайылап жеткізудің немесе тура мағынасында білдірудің орнына осылайша тұрпайы, дөрекі сөздерді қолданып, көне замандарда-ақ дисфемизмдерді орынды пайдаланған.



Өгунгучі өміндә артатур.

Мақтаншақ дамбалын былғар.

Бұл мақал мақтаншақтықтан аулақ болуға шақырады.



Өсек сөзбен бір әйел атпақшы боп сыртымнан,

Байсыз қалды ақыры тыныш жүрмей құтырған [24, 86 б.].

Жоғарыдағы мысалдағы дисфемизмдерді былайша жүйелеуге болады:

жүргіш – еркекқұмар;

ішкиімін – дамбалын;

жұбайсыз - байсыз.

М. Қашқари сөздігінде қолданылған дисфемизмдердің мағынасынан байқағанымыз, сол заманның өзінде халыққа таныс суреттерді көзге елестету арқылы, адамдардың іс-әрекеті, мінез-құлқын шендестіру арқылы көрсетіп, айтпақ ойын, өмірден білген-түйгендерін баяндау арқылы ашық жеткізіп отырған.

Сөз тарихын қай салада зерттесе де, ортағасырлық жазба ескерткіштерінің орны айрықша. Соның ішінде өзіміз тоқталып өткен М. Қашқаридің “Диуани лұғат ит-түрік” атты сәулелі еңбегі туған тіліміздің ерекшелігін, мәні мен маңызын тереңнен бойлауға мүмкіншілік туғызатын ұлы еңбек. Болашақ ұрпаққа тіліміздің өткен тарихын жан-жақты жеткізетін дереккөз, халқымыздың баға жетпес саф алтындай киелі мұрасы деп білеміз. Оны С. Исаевтың мына пікірінен анық көруге болады: “Қазіргі кезде көне жазба мұралары қазақ әдеби тілінің тарихынан белгілі орын алады, оның тарихи негіздері мен арналарын тілдің жеке нормаларын қалыптасып, тек тілдік жүйелеріне негіз болғанын, оның тарихи негіздерін, қалыптасуындағы арналарын көрсетудің ешбір оғаштығы жоқ”, - деген болатын [25, 55 б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет