3 ЖЕКЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ДИСФЕМИЗМДЕР………………….. 83
3.1 Дисфемисттік метафора………….……….………………................... 83
3.2 Дисфемистік синекдоха….…................………………………….…... 93
3.3 Дисфемистік перифраза……….….……………………...…………... 101
3.4 Дисфемистік теңеу….…………………….…………………………... 109
Үшінші бөлім бойынша тұжырым ....…......…………………………...... 117
ҚОРЫТЫНДЫ………….....………….....……………………………..... 119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….....………………..... 121
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Күнделікті өмірде, әдеби қолданыста жағымды, сыпайы, әдепті сөздерді саналы түрде, дөрекі, тұрпайы, анайы сөздермен ауыстырып айту дисфемизмдер деп танылғанымен, олардың қолдану өрісі, жұмсалу аясы, өзге сөздермен ара-салмағы осы кезге дейін белгісіз болып келді. Дисфемизмдердің ерекшеліктері, өзіне тән белгілері ашылып, айқындалмады. Сондай-ақ олардың басқа да лексикалық, стильдік топтармен қарым-қатынасы, жігі ажыратылмады. Осы себепті дисфемизмдер көбіне-көп қарапайым сөздермен, эмоционалды-экспрессивті сөздермен қоса қарастырылып келді. Атадан балаға мирас болып, ғасырдан-ғасырға ұласқан, халықтық рухта жасалған дисфемизмдермен қатар қалам қайраткерлерінің шеберліктерінен пайда болған контекстік (шағын мәтіндік) дисфемизмдер де назардан тыс қалып, сөздік құрамдағы орны анықталмады, ғылыми негізде сарапталмады. Осыларды ескере келе қазақ тіліндегі дисфемизмдерді монографиялық сипатта зерделеуді дұрыс деп таптық.
Достарыңызбен бөлісу: |