Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


Мінез-құлыққа байланысты пайда болған дисфемизмдер



бет33/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

2.2 Мінез-құлыққа байланысты пайда болған дисфемизмдер

Қазақ тілінде адамның мінез-құлқына, моральдық-этикалық кемшілігіне байланысты дисфемизмдер де баршылық. Солардың ішінде әйел немесе қыз баласының жағымсыз мінезін сынап айтқан дисфемизмдердің орны ерекше. Бұл халқымыздың “Қызға қырық үйден тыйым” деген мақалымен астасып жатыр. Мінез-құлыққа байланысты айтылған дисфемизмдер - халықтың ұлттық ұғымы мен сана-сезімінің де көрсеткіші. Мысалы: “Қылмыңдап тұрса, ол жүзіқараға қай жігіт қызықпайды (Б. Нұржекеұлы). Сөз сырын зерттеуші Б. Қыдырбекұлы жүзіқара сөзіне былай деп анықтама береді: Дүзқара-дүзіқара, жүзіқара қарабет, жұмсартып айтқанда ұялмағыр. Қалжың ретінде де айтылатын жерлері болады. Дегенмен ауырлау сөз, екі жүзді, екібеткей мағынасы да бар. “Адамға жақпас кесір берсең, құдайдың сен дүзқара бетін көрме” (“Айтыс”) [43, 49 б.]. Біздіңше, осы сөздің ішкі мәнінен халықтық болмыстың бояуын көруге болады. Дей тұрғанымен де, бұл сөз ауызекі тілде бүгінгі уақытта аса көп айтыла бермейді. Біреуге ренжігенде, сөзге келгенде ғана ара-тұра айтылады. Уақыт өте келе бұл сөз де ауызекі тіліміздегі қолданыстан шығып, көркем әдебиеттегі кейіпкерлер тілінде ғана айтылуы мүмкін.

Қазақ тіліндегі мінез-құлыққа байланысты қалыптасқан дисфемизмдердің бірі - Ынжық. Күнделікті өмірде жиі қолданылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: Ынжық сын. Сөзін тіке айта алмайтын, жасық жігерсіз (ҚТТС, 10 т., 395). Ә. Нұрмағамбетов “Бес жүз, бес сөз” деген еңбегінде былай деп жазады: Ынжық. Бұл сөздің қазіргі мағынасы – жасық, жігерсіз. “Әйелінің бетіне қарап бір сөз айта алмайтын сол ынжықты қойшы” (Ж. Алтайбаев). Уақыт өткен сайын сөз мағынасының неше саққа құбылып отырғандығына тағы бір айғақ. Ертедегі “ынчақ” (кейде ынчық) тұлғасы қайғылы, қапалы мағынасында айтылған (ДТС, 219). Кейін монғол тіліне ауысқанда “унжих” тұлғасына өзгеріп, “салбырау” мағынасында қолданылатын болған. Дәл сол сияқты, қазіргі қазақ тілінде де мағына өзгерісіне ұшыраған [45, 301 б.].

Ынжық сөзінің тура мағыналы синонимдік сыңары - жуас. Ынжық адамның мінезіне баға беру түсінігімен байланысты қалыптасқан. Адам бойындағы сүйкімсіз қасиетті білдіреді. Тыңдаушыға жағымсыз эмоция беріп, жақтырмаушылық сезімін туғызады. Морфологиялық құрылысы жағынан қазіргі кезде құрама бөлшектерге бөлуге келмейтін сын есім. Тарихи тұрғыдан ынч және ық морфемаларының қосындысы.

Келесі осындай сөздің бірі - Сумақай. Мысалы:



Ұлы ұрысқа сай болса,

Келіні керіске сай болса.

Қызың сумқай болса,

Сол үйдің берекесі кетеді (Қазыбек би).

Сумақай сын. Жылпос, сұғанақ, сумаңдағыш (ҚТТС, VІІІ т., 377).

Адамның шектен тыс тойымсыздығын бейнелейтін дисфемизмдердің бірі -қомағай. Бұл сөзге мынадай анықтама берілген: Қомағай. Тамақсау, ашқарақ, қанағатсыз мағыналарын беретін сөз. “Әлгі қомағай екен, тамақты көп жеді, одан кейін шайды да жетерліктей ішті” (Н. Әбуталиев). Сөздіктегі деректерге қарағанда, қомағай монғол тілінен ауысуы ықтимал деп есептейміз. Монғолдарда “хамқой” біздегі мағынамен бірдей. Оларда бұдан басқа “ховдог” сөзі де бертін ұғымы жағынан “қамағой” сөзінен онша ерекшеленбейді. Әрине, монғолдардағы “хомкой” немесе біздегі “қомағай” сөздерінің алғашқы тұлғасы әрі басқаша болғаны күмән тудырмайды. Монғолша “хомс” сөзі аз, кішкентай деген, ал “хомс үзех” тіркесі “азыну аз көріну” мағыналарына да қолданылған. Адамға бір заттың аз көрінуі - қанағатсыздық тудыруының белгісі. Монғол тілінің өзінде “хомс” сөзіне өздеріне тён-хой жұрнағын қосып, “хомхой” тұлғасын тудырған. (хомс-хой → хомсхой → хомхой) Қазақ тілінде оның “қомағай” тұлғасында көрінуі де тіл заңдылығына қайшы келмейді” [45, 179 б.]. Біздіңше, қомағай сөзінің номинативті мәнді сыңары - қанағатсыз. Мысалы: Ол дүние қызығына түскен қомағай (А. Байтанаев). Осы мысалдағы қомағай сөзі ауыс мағынада келіп ауыспалы, қанағатсыз, дүниеқор адам дегенді білдіріп тұр. Осылайша дисфемизмдер ауыспалы мағынада қолданылып үлкен қызмет атқара алады. Бұл туралы В.В. Лопатин: “Слово - более краткий способ обозначения понятия, чем сочетание слов, более экономное средство выражения, и в этом его большое преимущество перед словосочетанием”, - дейді [48, с. 40].

Тіліміздегі мешкей, қомағай дисфемизмдері тойымсыз деген мағынада жұмсалып, ауызекі сөйлеуде жиі қолданылады. Мысалы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет